Март 2018

Байлық адамға бақыт әкеле ме?

акшаМына фәни дүниеде әрнәрсенің екі жағы болады. Сондықтан да бұл дүниені екі қырлы деп атайды. Әрнәрсенің жақсы жағымен бірге жаман жағы да қатар жүреді. Осыған орай, адам өзі ие болған сол игіліктің екі жағын да жақсы біліп, соның жағымдысын пайдасына асыруға күш салуы қажет. Әйтпеген жағдайда, жамандыққа ұрынып, өзіне бақыт әкеледі деген игіліктен зардап татуы әбден мүмкін.

Байлықты қалай тиімді пайдалануға болады?

Дәстүрлі діндердің бәрінде материалдық игілікті садақа ретінде мұқтаж жандарға көмек көрсетуге пайдалану шарты бар. Ислам дінінде әрбір мұсылман баласы үшін жыл сайын мүлкі мен балйығының бір бөлігін пітір, садақа, зекет түрінде кедей-кепшікке көмекке жұмсап отыруы парыз болып саналады.

Прочитать остальную часть записи »

Байлыққа бастар бесінші қадам: ой-болжам

мақсатСіздің мүмкіндіктеріңіз – бұл ақылдың шеберханасынан шыққан сіздің  ой-болжамдарыңыз. Ол интелектуалдық қуатты нақты жүзеге асыруға, байлыққа айналдыруға қабілетті.

Ой-болжам – адамның болашаққа деген жоспарлары мен арман-тілектерін сомдайтын шеберхана. Құлшыныс пен ұмтылыс формаға ие болып, біздің санамыз арқылы болжамдануды қозғалысқа түсіреді. Адам ақылға сыйымды барша нәрсені жасай алады деп тектен-текке айтпаса керек.

Соңғы елу жылдықта адамзат баласының ой-болжамдары мен қиялдары оған дейінгі тарихымызда жасалғаннан көп нәрселерді жүзеге асырды. Қазіргі күні адамдар аспан кеңістігін түгел игеріп алғаны сонша, тіпті ұшқан құстарға да көкте орын қалдырмауға айналды. Миллиондаған шақырым қашықтықтан Күнді зерттеп, оның көлемі мен салмағын анықтады. Бұның бәрін адамдар ой-болжам арқылы жүзеге асырды. Адамзат қозғалыс жылдамдығын арттырғаны сонша, қазір дыбыс жылдамдығынан да артық жылдамдықпен қозғала алады.

Прочитать остальную часть записи »

Өміріңізді жүйеге түсіріңіз

ұзақ жасауАйналаңызға ақылмен ой жүгіртіп қарасаңыз барша әлемнің белгілі бір тәртіппен немесе жүйемен тірлік кешіп жатқанын бағамдайсыз. Күн мен түн, қыс пен жаз белгіленген уақытта айналып келіп отырады және бәрі қатаң жүйеге бағынады. Дегенмен, Жаратқан барша әлемді осылай жіпке тізген моншақтай қатаң жүйеге бағынышты етіп қойса да, адам атты саналы тіршілік иесіне біршама еркіндік берген. Сол еркіндікті пайдаланған пенделер тәртіп, жүйе дегенді білмей көңілдері қалағанды жасағылары келеді.

Жүйесіздік құрдымға құлатады

«Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөз бар. Тәртіпке, яғни сол өзі өмір сүріп жатқан мемлекеттің орнатқан заңдарына бағынбаған пенде сол үшін жауапқа тартылып, бас бостандығынан айрылып, тар қапаста тауқымет тартуға мәжбүр болмақ. Сол сияқты Жаратқанның орнатқан заңдарына, белгілеп берген жүйесіне бағынбай көңілі немесе нәпсісі қалағанды жасайтын адам екі дүниеде де қиындықтан көз ашпайтын болады.

Прочитать остальную часть записи »

Болашақта адамзатты не күтіп тұр?

maxresdefaultӨткеніміз естелік болып жадымызда сақталып қалғанымен,  алдағы күнде не күтіп тұрғаны біз үшін жұмбақ. Әрбір пенде ертең өзін не күтіп тұрғанын, болашақта қандай жетістіктерге жететінің білуге ынталы. Сондай-ақ, өзіміз өмір сүріп жатқан мемлекеттің, жалпы адамзаттың ертеңгі болашағының қандай болатынын білу де баршамыз үшін маңызды екендігі даусыз. Дегенмен, болашақты тұмшалап, бізге көрсетпей тұрған уақыт пердесін түріп, ертеңгі күнде не боларын білу екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақыт.

Көріпкелдік – жәй қиыл ма, әлде ғылымға беймәлім құбылыс па?

Материалистік ғылым болашақты болжаудың мүмкіндігін түгел теріске шығарып, өмір кездейсоқ дамиды және оның қай бағытқа бет алғанын ешкім, ешқашан болжамдай алмайды деп түсіндіреді. Қасиетті Құранда бал ашып, болашақты болжау күнә екендігі анық жазылған. Десе де, бұның бәрі адамдардың ертеңгі болашақтарын білсек деген ынта-ықыласын кеміте алған жоқ.

Прочитать остальную часть записи »

Әр адамның өз пікірі болуы керек

өзін жетілдіруАқын Мұхтар Шахановтың «Бұзау мұрын» деген өлеңінде «Сырбай ақын бір басқа, Қадыр басқа, мен де ендеше өзімше басқа болам» деген жолдар бар. Ақылы, миы, санасы бар әрбір адам өзгелерге ұқсамайтын өз алдына бір интелектуалдық ақыл-ой иесі. Алла осылай жаратқан пенде ендеше әлдекімдерге еліктеп, солардың көшірмесі болудан не ұтпақ?

Біреудің жолымен жүру қауіпті

Веда ілімінің қаймағы саналатын Бһагавад Гитада «Жаман да болса өз ақылыңмен іс қыл, біреудің ақылымен жүру қауіпті» деген мазмұндағы өлең бар. Өз ақылымен жүрген адам өз бетінше шешім қабылдап, жауапкершілікті мойнына алуға қауқарлы. Ал, үнемі өзгелерден ақыл сұрап, басқа адамдардың ақылымен іс қылатын пенделер шешім қабалдауда жалтақ және жауапкершілікті мойнына алудан тайсақтайтын табанының бүрі жоқ болады.

Прочитать остальную часть записи »

Жеңіске жеткенді айыптамайды

өзін жетілдіруОсындай қалыптағы адамдардың тамаша үлгісі ретінде Дэн Гальпинді айтуға болар еді.

Колледжде оқып жүрген кезінде ол еліміздің 1930 жылғы чемпионы «Нотр-Дам» фудбол клубы командасына жетекшілік жасады.

Ол оқу бітірген жыл ең  ауыр кезең болды. Дағдарыс барлық дерлік жұмыс орындарын жойды. Алғашында банк ісімен айналысып, содан кейін киноматографтыққа бой ұрған Гальпин есту қабілеті төмен адамдарға қажетті құрылғы сатудан артық жөндемі ештеңе таппады. Өмір жолын осындай кәсіптен бастау екінің бірінің қолынан келетін еді және оны Гальпин жақсы білді. Осы білім оның өзінің сәтті кезеңін дәл басып табуына мүмкіндік жасады.

Екі жылдай уақыт ол осылайша өзіне еш ұнамайтын шаруамен айналысуға мәжбүр болды. Бірақ тағдырдың салғанына мойынсұнып, еш әрекет жасамай қол қусырып отырса өмірінде еш өзгеріс болмас еді. Алдымен ол сату жөніндегі басқарушының ассисенті болуға талпыныс жасады. Жолы болып ойындағы қызметіне қол жеткізді. Бұл алғашқы қол жеткен саты біршама биік болғаны сонша, өзінің бақытты сәтін қалт жібермей қадағалауға мүмкіндік жасады.

Прочитать остальную часть записи »

Сенім күші

адам мүмкіндігіСенім дегеніміз не және ол адамға қандай игілік, не пайда әкеледі? Өкініштісі сол, бір кезде ұлы грек ойшылы Платонның «сеніммен тау қопаруға болады» деген даналығын бүгінде елеп-ескеріп жатқан пенде жоқ. Сенім дегеніміздің өзі қазір жәй көз алдау үшін айтыла салатын еш салмағы, қадір-қасиеті жоқ түсініккке айналды. Адамдар осындай теріс көзқарастары арқылы қаншалықты мүмкіндіктен айрылып жатқанын сезбейтін сияқты.

Сенімнің астарындағы тылсым қуат

Ресейлік  теолог Александр Хакимов өзінің бір лекциясында ертеректе танысының басында болған бір жағдайды мысал ретінде келтіреді. Оның айтуынша, танысының әкесі электрик болып бір кәсіпорында жұмыс жасапты. Содан бір күні ол ішіне мұздатқыш құрылғы орнатылған вагонда жұмысі стейді.  Оның вагон ішінде екенін білмеген күзетші кешкілік вагон есігін сыртынан жауып кетеді. Содан мұздатқыш құрылғысы бар вагонда қамалып қалған  электрик небары алты сағаттық өмірі қалғанын түсінеді. Оның вагон есігін соққылағаны, айқайы ешкімге естілмейді.

Прочитать остальную часть записи »

Жаратқанның заңымен жүру адамға не береді?

кармаЕгер сіз заңды біліп немесе білмей бұзсаңыз, міндетті түрде оның теріс салдары болады. Ұсақ-түйек заңды бұзсаңыз  әкімшілік жауапқа тартылып, аздап айыппұл төлеумен құтылсыз, ал ауыр заң бұзушылыққа жол берсеңіз  қылмыстық жауапқа тартылуыңыз мүмкін. Яғни, заң бұзу қай жағынан болса да міндетті түрде жауапкершілікке ұшыратады. Ал, Жаратқанның заңын бұзсаңыз, онда да сіз міндетті түрде  бұзушылық деңгейіңізге орай жауапкершілік арқалайсыз.

Заңды сыйлайтын адам тыныш тірлік кешеді

Заңды сыйлап, оны сақтайтын адам әдетте жайлы, тыныш тірлік кешеді. Ал заң шегінен сәл аттадыңыз екен, сіз құқық органдары тарапынан қуғын-сүргінге ұшырап, жауапқа тартыласыз. Менің жасым биыл міне, алпысқа толады. Осы уақыт ішінде ешқашан айықтырғышқа, қамау изоляторына, түрмеге түсіп көрмеппін. Құдай оның бетін аулақ қылсын, ешқашан құқық органдары тарапынан қылмысқа қатысты тергелмеппін де.

Прочитать остальную часть записи »

Ең пайдалы бизнес – қызмет көрсету

ID:62048978

ID:62048978

Нарық елімізді үлкен базарға айналдырып жібергендей. Қайда қарасаң, дүңіршектер мен сауда үйлері, жабық базарлар.  Бизнестің ең сенімді пайдалы түрі – сауда деген пікір қалыптасты бүгінде. Ақшасы барлар сауда үйлерін салатын болды. Содан бұл сала бәсекелестіктің ең тұнып тұрған саласына айналды. Саудасы жүрмей, шығынға батып жататындар көп. Осы орайда, халық сұранысына ие пайдалы сала бар ма, ақшамызды неге соған салмаймыз деп ойлайтындар онша көп болмай тұр.

Алыпсатарлық көп ақылды қажет етпейді

Арзанға сатып алып, қымбатқа саут үлкен ақылды, білімді қажет етпейді. Содан болар, адамдар сауданы баюдың  ең оңай жолы деп санайды. Бұл саланың бүгінде мелдектей толып, бәсекелестік шектен тыс жоғарылап кеткенін кәсіптерін ашып, бизнестерін енді бастап жататындар онша ескере бермейтіндей.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика