Апрель 2018

Мақтаншылық адамды ақылынан алжастырады

Әрнәрсенің өз өлшемі болады, мақтаншылық та солай. Мақтанбайтын адам жоқ, дегенмен, шектен тыс мақтану немесе басқалардың мақтауын тыңдау адамды ақылдан алжасытырып, жақсы мен жаманды айырудан аулақтатады. Қазақтың «дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар» дегенінің астарында осындай ақиқат жатқан сияқты.

Мен дұшпандарымды сыйлаймын

Жарты әлемді жаулап алған Шыңғыс хан айтты деген мынадай сөз бар: Мен дұшпандарымды сыйлаймын, өткені олар мені үнемі сақ жүруге мәжбүрлейді. Мен бейтарап адамдарды сыйлаймын, өйткені олар менің жақсы-жаман жақтарымды бетіме бүкпесіз ашық айтады. Мен көзіме мақтайтын жағымпаз достардан қорқамын, өйткені олар мені көр соқыр етіп, әлжуазға айналдырады.

Өзін үнемі мақтаған сөздерді естіп жүрген адамның көкірегінде «мен шынында да сондай талантты, күшті, жігерлі, іскер адам екенмін-ау» деген өрккөкірек ой орнығады. Кейін келе ондай ойдың санасына берік сіңгені сонша, әлгі пенде өзін шынында да сондай керемет үлкен тұлға санай бастайды. Сөйтіп көзін шел басқан пенде қателіктерге бой алдырып, құрдымға қалай құлағанын сезбей қалады.

Прочитать остальную часть записи »

Азаматтық некенің астарында не бар?

Қазіргі күні жасыратыны жоқ азаматтық неке деген көбейіп кетті. Батыстан бастау алған бұл жаман әдет бүгінде әлемнің барлық түкпіріне таралып жатыр. Қазақ жастарының, тіпті ата сақалдары ауыздарына түскен жасамыстарының арасында да азаматтық неке дегендер көрініс беруде. Азаматтық неке деген не және оның астарында не бар? Осы сауалға жауап іздеп көрейік.

Неке адамға жауапкершілік жүктейді

Адам баласының хайуаннан ең үлкен айырмашылығы – ерлі-зайыптылардың неке арқылы жұптасып өмір сүруінде. Ақ некенің қашан пайда болғаны белгісіз, дегенмен оның астарында ер мен әйелдің бірлесе өмір сүруін заңдастыратын және олардың мойындарына белгілі бір міндеткерліктер жүктеу арқылы бірлесе өмір сүру ережелерін сақтауға мәжбүрлейтін құқықтық түсінік жатқан секілді.

Прочитать остальную часть записи »

МЛМ бизнес

Нарық билеген қазіргі заманда жалақысы жоғары, қаржы жағынан тапшылық көрмей емін-еркін өмір сүруге жағдай жасайтын мамандық алу кім-кімнің де арманы. Десе де, ондай жұмыс табу оңай шаруа емес және жалақысы жоғары мамандық алу үшін де біраз ақшаңызды, уақытыңыз бен күш-қуатыңызды сарып қылу қажет болады. Бірақ, ең бастысы бұл да емес, ең алдымен сіздің қабылет-қарымыңыз жоғары болуы керек. Ал екінің бірі бұндай талапқа жауап бере алмайды. Сонда не істемек керек?

Интернет әкелген бір игілік – желілі маркетинг

Интернет қазіргі күні мектеп оқушысынан бастап, қартайған зейнеткерлерге дейін күнделікті қолданатын қолжетімді игілігі болып алды. Сол интернеттің залалы да, жақсы жағы да аз емес. Ол әкелген игіліктердің қатарында бүгінде миллиондаған адамды күнкөрістік жұмыспен қамтып, ондаған, тіпті жүздеген мың адамды байлыққа белшесінен батырып отырған желілі маркетинг бар.

Прочитать остальную часть записи »

Күланда кемпірдің құпиясы

Осы оқиғадан кейін мен түн болса-ақ, тәнімнен шығып Күланда кемпірдің үйін аңдитын болдым. Жақында ғана Жалғастың басқан ізін аңдимын деп ізкесер тыңшылықтың қыр-сырын біраз меңгеріп алған екенмін. Үйінен ұзап алысқа шыға қоймайтын кемпірді аңду маған еш қиындық  келтірмеді.

Алғашында бірсарынды ішпыстырарлық сияқты сезілген бұл әрекетімнен көп ұзамай күдерімді үзіп қою керек шығар деп жүрген кезімде ойламаған бір оқиға тап болды. Баяғыда Есбергенмен бірге келіп аңдығанда байқағанымдай, Ермектің  әжесімен жасты кемиек кемпірге ынтасы құрып тұрған ештеңесі жоқтығына көп ұзамай көзім анық жетті. Бірақ та, бозбаланы кемпірге байлап қойған бір құдіретті күш бар сияқтанды. Кемпір не айтса соның жетегіне еріксіз еретін Ермектің әрекетінде саналылықтан гөрі, ойсыз сезімсіз кәдімгі бағдарламалап қойған роботты еске салатындай бірдеңе барға ұқсайды. Көзін бір нүктеге қадап, үнемі әлденені ойлап санасы алыста жүретін бозбала кемпірдің қолындағы жансыз қуыршағына айналған сыңайлы.

Ермектің үйден көп шықпайтынын байқадым. Күлипадан естігенімдей, соңғы кезде Жәмиланың үйіне үйірсектеп бара беретін болыпты дегеннің қаншалықты рас-өтірігін кім білсін, мен бұл үйді торығалы бері ол күндіз де, түнде де алысқа ұзап шықпады. Күланда кемпірдің жалғыз сиыры мен бес-алты қой-ешкісі бар. Соны жайлап,  көше шетіндегі құдықтан піләкпен барып су әкеледі. Бар Прочитать остальную часть записи »

Дін – апиын ба?

дінАтеистік идеологияны негіз етіп ұстанған кеңестік заманда «Дін – апиын» деген ұран болатын. Бұл ұран мектептерден бастап жоғары оқу орындарында, мекемелерде, тіпті көшелерде ілулі тұратын. Сол коммунистік түсінікті санаға сіңірген аға ұрпақ өкілдерінің көбі бүгінгі күні де дінді  адам санасын улайтын апиын деп санайды.

Білімсіз дін – фанатизмге әкеледі

«Дін – апиын» деген кеңестік түсінікті көп адамдар, оның ішінде жастар дінге жүзін бұрған қазіргі заманда қабылдамайтыны анық. Десе де, бұл коммунистік түсініктің астарында ащы шындық жатқанын мойындау керек. Неге десеңіз, бұл материалдық дүниеде бәрін Алла қос-қостан жаратқан, яғни әрбір заттың немесе құбылыстың екі жағы болады.

Дін адамдарды имандылыққа жетелеп, екі дүниенің игілігін әкелетін жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге және сондай адами ұстанымды ұстануға бастайды. Бұл – діннің бір қыры. Ал екінші қыры – егер адам діни парыздарын біліммен жасамаса, онда дін адам санасын улайтын, адастырып, алжастыратын  апиынға айналады.

Прочитать остальную часть записи »

Сіз ақшаға емес, ақша Сізге қызмет етсін

кілтАдамдардың көпшілігі бар өмірлерін, күш-қуаттарын ақша табуға арнап, ақшаға қызмет етуге жұмсайды. Тіпті, сіз көңіліңіз қалаған мамандық бойынша жұмыс істеп, сол жұмыстан рахат алғанның өзінде оның астарында ақшаға жұмыс істеу жатады. Өйткені, қанша көңіліңіз қалаған мамандық болса да, егер ақша төлемесе, онда сіздің жұмыс істемесіңіз анық. Ал өмірде ақшаны өзіне жұмысі стететін адамдар да кездеседі. Олар – инвесторлар.

Ақшаның көбейгіштік қасиеті бар

АҚШ-тың конституциясының авторы қоғам қайраткері Вениамин Франклиннің «Мынаны есіңе тұт: ақшаның көбейгіштік қасиеті бар» деген сөзі адамзат тарихында аталы сөз ретінде сақталып қалды. Осы сөздің ақиқаттығын ұғынып,  жәй ұғынып қоймай соны өмірде қолданып жүретін жандар бар өмірін ақшаға қызмет етуге арнағандардан өзгеше, ақшаны өзіне қызмет еткізіп қояды.

Прочитать остальную часть записи »

Баспаналы болудың ең тиімді тәсілі

кооператив«Үйің болмай, күйің болмайды» деген халық даналығының растығын өмірде бастарынан өткеріп жүрген жандар аз емес. Пәтер жалдап, жалақысының қомақты бөлігін әлдекімге ай сайын беріп тұратындардың басты арманы – өз баспанасына қол жеткізу екендігі айтпаса да түсінікті. Дегенмен, қазіргі жалақы деңгейі, пәтер бағасы ол мақсатты қол жетпес қиялға айналдырып жатады.

Ипотека дегеніңіз – бүгін алған ақшаңызды еселеп банкке қайтару

Бүгінгі күні баспана алудың халық арасына кең таралған негізгі екі тәсілі бар: 1 тәсіл – жиған-терген ақшаңды салып қолжетімді пәтер немесе үй сатып алу; 2 тәсіл: аздап ақша жинап, қалғанын банктен ипотека түрінде несие алып үй сатып алу.

Прочитать остальную часть записи »

Айқын ниет – анық жоспар

кілтМынаған назар аударыңызшы, доктор Фрэнк Гонсалэс пен Эза Кэндлердің арасында қандай байланыстыратын ортақ мүдде бар еді. Ол екеуін айқын ниет пен нақты жоспармен негізделген және осы ниетті монетаның сыңғырына айналдыратын шынайы ақиқатты түсіну біріктірген болатын.

Егер сіз байлыққа адал және табанды еңбек ету арқылы ғана жетуге болады деп санайтындардың санатынан болсаңыз, онда ниетіме жетемін деген үмітіңізді үзіңіз. Шындығында, нағыз байлық туралы айтар болсақ, ол тек ауыр еңбектің нәтижесі түрінде ғана адамға келмейді. Байлық – бұл табанды тілекке үн қосудың нәтижесі. Иә, байлық кездейсоқ келе салмайды.

Былай деуге болады, идея – бұл Сіздің ой-болжамдарыңыз арқылы нақты әрекетке итермелейтін ойларыңыздың жарқ етер ұшқыны. Барлық ірі саудагерлер мынаны жақсы біледі: идея тауарды сатуға көмегін тигізеді. Ал ұсақ саудагерлер болса, бұл ақиқатты білмейді. Олар ұсақ саудагер болғаны үшін ғана осындай маңызды мәселені түсінуден аулақ деуге болмайды, әрине.

Прочитать остальную часть записи »

Өлім деген жоқ

ақиқатҚазақ «өзекті жанға бір өлім» дейді. Яғни, жаны бар тірі пенденің түптің түбінде өлері анық. Дегенмен, сол өлім деген не, одан кейін адамды не күтіп тұр? Бұл мәселеге осы кезге дейін ғылым жауап бере алмай келді. Ал дәстүрлі діндердің өлімнен кейінгі өмір туралы ұстанымдары атеистік түсінікті саналарына сіңірген көп адамдар үшін қиял болып саналатын еді. Бірақ та, соңғы жылдарда бұл көзқарас өзгеріп, ғылымның өзі ажалдың арғы жағында өмір барлығына назар аудара бастады.

Тән өлгенмен, сана жоғалмайды

Өткен жылы АҚШ-та жарық көрген Роберт Ланцтың «Биоцентризм: өмір мен сана – Әлемнің шынайы бетбейнесін тану құпиясы» атты кітабы өлім деп аталатын құбылыстың табиғатта мүлдем жоқтығын ғылыми негіздеуге арналыпты. Бұл кітап өлімнен кейін өмір барлығын алғаш ғылыми түрде түсіндіруге талпынған Раймонд Моудидің «Өлімнен кейінгі өмір» кітабынан кейін шыққан жұртшылық арасында үлкен пікір туғызған дүние болды.

Прочитать остальную часть записи »

Ұсақ-түйекке назар аударма

ақшаЕлу жыл бұрын егде жастағы ауыл дәрігері қалаға келді. Атын бағанға байлаған дәрігер қосалқы есік арқылы дәріханаға кірді. Бір сағаттан астам уақыт бойы дәрігер мен дәріхана клеркі дауыстарын ақырын шығарып саудаласумен болды. Содан кейін дәрігер шығып кетіп, ескі тостаған  мен ағаш ілгішті алып кірді.

Клерк тостағандағы  нәрсемен жан-жақты танысқан соң 500 долларлық бір бума ақшаны дәрігердің қолына ұсынды. Бұл оның өмір бойы жинаған ақшасы еді. Ақшаны алған дәрігер ең маңызды нәрсені – құпия формула жазылған қағазды берді.

Қағазда жазылған формула үшін алпауыт байлар жарты байлығын беруге әзір еді. Бұл сыйқырлы сөздер тостағанды қайнатуға тиіс-тін. Бірақ та, дәрігер де, клерк те бұл тостағаннан қаншалықты байлық табуға болатынын білмейтін.

Егде дәрігер өзінің рецептін 500 долларға сатқанына дән риза болды. Клерк ешқашан өзінің бар жиғанын ескі тостаған алуға жұмсаймын деп ойламған-ды. Дегенмен бұл тостағаннан алатын ақшамен Алладиннің сыйқырлы шамы да бәсекелесе алмайды деп ойлады ол.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика