Май 2018

Ынта болса, мақсатқа жетер жүз түрлі жол табылады

Бір ғұламаның айтқан: «ынта болса, мақсатқа жеткізер жүз түрлі жол табылады, ынта болмаса, мақсаттан бас тартар жүз түрлі сылтау табылады» деген сөзі ешқашан мәнін жоймайтын және кез-келген адамның жадында тұтар нақыл болуы тиіс. Өйткені, мақсатқа жету, мынау бес күндік ғұмырда бақытты тірлік  кешу – дәл осы мәселеге байланысты болмақ.

Ынта өздігінен келмейді

Ынталы адам ойына алған шаруасын орындамай тоқталмайды және оның бойында сол шаруаны жүзеге асыруға деген күш-жігер де, қабілет-қарым да молынан табылып жатады. Яғни, кез-келген істе нәтижеге жету үшін ең алдымен ЫНТА қажет болады. Ал ынта өздігінен келе салмайды, оны санамызға сіңіріп, бағып-қағып өсіруміз, дамытуымыз керек.

Өзін өзі дамыту ілімінің білгірі Брайан Трейси күн сайын таңертең ерте тұрып, бір сағаттай бизнеске, өзін жетілдіруге қатысты  кітаптар оқып, ауди-видео лекцияларды тыңдайтынын айтады. Ол тіпті, жұмысқа бара жатқан жолда да құлаққа наушник киіп алып, осы тақырыптағы лекцияларды тыңдауды ұсынады.

Прочитать остальную часть записи »

Мемлекетке емес, өзіңе сен

Кеңес заманында қалыптасып, санамызға сіңіп қалған «үкімет өлтірмейді» деген ұғым әлі күнге дейін өмір сүріп келеді.  Қазіргі нарық талабымен мүлдем сыйыспайтын осындай залалды  ұғымды саналарына сіңіріп алған аға ұрпақ өкілдері өздері адасқандарымен қоймай, жастарды да теріс жолға бастап апара жатыр. Жыл санап өршіп бара жатқан тойшылдық соның айқын көрінісі.

Өзін сыйлайтын әр адамның қоры болады

Капиталистік қоғамда ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан Батыс елдерінің адамдарында «есі дұрыс әрбір адамның қиындыққа тап болғанда пайдаланатын қоры» болады. Ол депозит түрінде ме, әйтпесе құнды қағаз бола ма немесе сақтандыру қалпында бола ма – бәрібір.

Біз аузымыздың суы құрып мақтайтын батыстық өмір салтына зер сала қарасақ, біздегі сияқты аста-төк тойлар мен ысырапшылдық деген атымен жоқ екенін көреміз. Олар әрбір тиынын ұқыпты пайдаланады. Бала дүниеге келген сәтте ата-анасы оның атынан сақтандыру ашып, ай сайын ақша салып отырады. Бала кәмелет жасына келген кезде сақтандыру қорында қомақты ақша жиналады. Міне, сол ақшамен жасөспірім өмір жолын бастап, одан әрі өз бетінше күн көруге көшеді.

Прочитать остальную часть записи »

МЛМ бизнеске қажетті үш қуатты құрал

Желілі маркетинг десе, көбіміз кірпідей жиырылып сала беретініміз рас. Неге десеңіз, МЛМ бизнеспен айналысып, компания ұсынған тауарды тамыр-таныстарына, тіпті көшеде кездескен адамдарға сатып ал деп құлақтарының құрт етін жеп мезі қылатындардың әрекеттері желілі маректингтен жұртшылықтың жерінуіне итермелеуде.

Желілі маректинг біздің елімізде қалай дамуда

Бүгінде МЛМ компаниялар жетіп артылады. Шетелдік алпауыт компаниялардың арасында, тіпті Қазақстанға келіп, өз офистерін ашып, филиалдарын жұмысқа қосып жатқандары да бар. Ондай компаниялардың көбі әдетте өз тауарын ай сайын міндетті түрде сатып алуды міндеттейді. Ақша тапқың келе ме, онда ай сайын компанияның өнімін сатып алып отыруың қажет. Мәселен, германиялық LR компаниясы солай жасайды.

Ал енді осы компанияларға тіркеліп, ақша тауып жүргендер әлгі тауарларды қалай болғанда да өткізу үшін жандарын салады. Біраз жыл бұрын өзім еңбек еткен ұжымда бір келіншек  желілі маркетингпен айналысты. Ол күнде таңертең ішінде толтырылған тауары бар пакетті мықшия көтеріп жұмысқа келетін. Содан бар ісі әлгі тауарларды ұжым мүшелеріне, одан қалды басқа жақын маңдағы мекемелерге барып сату болатын.

Прочитать остальную часть записи »

Медицина қызметкерлерінің Әдеп кодексі қажет

 

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдарда реформа қамтымаған бір де бір сала жоқ десе де, білім және медицина  ең көп реформаға ұшыраған салалар болып саналады. Сонау 90-шы жылдардың ортасындағы міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылып, жұрттың ақшалары жинақталып, бұл сала ақырсында қазіргі заман талабына сай өзгереді деп күтіп жүргенде қор басшылығы миллиардтаған ақшаны жымқырып, шетел асып кеткені есімізде. Кеңес заманында «ақ халатты абзал жандар» деп аталатын медцина қызметкерлерінің қатарында да ұрылардың шыққаны көңілімізді жүдеткенмен, мұндай шіріген бірлі-жарым құмалақтар бір қарын майды шіріте алмас деп өзімізді жұбатқандай болғанбыз.

Міндетті медициналық сақтандыру деген нәрсе тағы да бірнеше жыл бұрын қолға алынып, қазір енді нақты жүзеге аса бастады.  Қарапайым адамдардың табан ет, маңдай терімен тапқан ақшаларының бір бөлігі әлгі қорға аударылуда. Реформа авторларының сөзіне сенсек, қор қаржысы тұралап қалған саланы дамытып, қызмет сапасын көкке көтермек. Тамаша. Сапалы қызмет алып, шекеміз шылқитын болды деп бұл саладағы былық-шылықтардан әбден қажыған жұрт тағы да елеңдесіп қалған. Әрине, енді ғана құрылып, жұмыс істей бастаған қордың қызметіне баға беруден аулақпыз. Ол уақыттың еншісіндегі шаруа. Дегенмен, дәл қазіргі медицина саласындағы қызмет сапасы жайында өз көзіммен көріп, куәсі болған жайлар жайында әңгіме етпекпін. Баяғыда, бала кезімізде мектепте оқыған Ана тілі оқулығында «Зерделі» деген әңгіме болушы еді. Соның кейіпкері: өтірік пен шынның арасы қанша? –деп сұрағанда, «төрт елі, көзбен көрген рас та, құлақпен естіген өтірік» деп жауап беретіні бар-ды. Прочитать остальную часть записи »

Күн мінажатханасы

Тау басында төртбұрышты жайпақ етіп салынған  пирамида тәрізді биік ғимарат  көрінді. Төбесі ақырындап тарыла беретін ғимаратқа шығатын кең баспалдақпен жоғары көтеріліп бара жатқан Шруташрава сияқты тұлғалы, келбетті ақ киім киген адамдар кетіп барады. Біз де солардың қатарына қосылып баспалдақпен жоғары өрледік.

Ақ киім киген бойларының биіктігі 2,5-3 метрдей болатын алып және сымбатты адамдардың арасында келе жатып өзімді тым қораш сезіндім. Қызығы сол, олар өздерімен келе жатқан ергежейлі сияқты аласа бойлы маған көз қырындарын да салған жоқ. Үштен, төрттен әңгімелесіп асықпай басып бара жатқандардың  жүрісі мен сөздері сабырлылықты, кішіпейілділік пен асқан тәрбиелікті паш ететіндей.

Ерлер үстеріне ақ  түсті көйлек киіп, төменгі жақтарын  тарих оқулығынан суретін көрген ертедегі римдіктер киетін того деп аталатын киім сияқты матамен орап, оның бір ұшын иығына асып алады екен. Әйелдер иығынан аяғының ұшына дейін сәнді матамен ораныпты. Ерлер тек ақ түсті киім кисе, әйелдер түрлі түсті әшекейленген сәнді маталарға оранған. Әйелдердің құлақтарында жарқыраған сары түсті сәнді сырға, қолдарында білезік пен жүзік салынған. Тіпті, аяқтарына да білезік салып алыпты. Ер адамдар да құлақтарына үлкен сақина тәрізді сырға тағыпты. Сары түсті әшекейлердің бәрінің таза алтыннан жасалатынын кейін барып білдім.

Прочитать остальную часть записи »

Қазақ тіліне қарсылықтың астарында не бар?

Соңғы жылдары қазақ тілінде қызмет етуді талап еткендігі үшін үлкен дау-дамай туындап, оның соңы сотқа дейін барған оқиғалар қатары көбейіп кетті. Түркия азамат Оғыз Доғанның Эир Астана компаниясын сотқа беріп, жеңіп шыққаны қазақ ұлтжандыларын бір серпілтіп тастағандай болды. Дегенмен, орыс тілділер арасынан бұған жанталаса қарсы шығып жатқандар қатары азаяр емес. Бұның астарында не бар?

Орыс тілділер қазақ тіліне неге сонша шүйлігеді?

Фейсбукте Қазақстанда қазақ тілі проблемасы деген атымен жоқ, қазақ тілін қолдануды талап етушілердің бәрі ұтшылдар деген мазмұндағы мақалаларын жариялап, үлкен пікірталас туғызып жүрген қазақтың көрнекті ақыны Хамит Ерғалиевтің журналист қызы Гүлжан Ерғалиеваның белсенділігі өсе түскендей.

Хамит Ерғалиевтің өлең-жырларын жақсы білеміз. Омар Хаямды қазақша сөйлеткен ол жырларын түгел қазақ тілінде жазды және ақынды толық тану үшін орысшаланған Прочитать остальную часть записи »

Байлыққа жеткізер алтыншы қадам: жоспарлау

«Ми орталығына» арналған мистикалық тылсым жайлы не білеміз. Өзіңізге айналысатын жақсы қызмет алаңын табыңыз, сол кезде сіз қысқа мерзім ішінде мол қаржыны басқарып, күреп табыс табатын боласыз.

Сіз ендігі арада адамның кез-келген жетістіктері алдымен тілектен бастау алатынын түсінген боларсыз. Абстрактілі тілектер кейін келе ой-болжам «шеберханасында шыңдалып» нақты мақсатқа айналып, одан әрі сол тілекке жеткізетін нақты жоспарлар дүниеге келетін болады.

Тілек жөніндегі кітабымыздың тарауынан сіз ақша тапсам деген арман-тілектің қалтаңызға түскен нақты ақшаға қалай айналатындығы туралы ақпараттар алдыңыз. Бұл мақсатқа алты айқын және практикалық қадамдар бастап апарады. Оның бір сатысы – ойға алған мақсатты орындауға мүмкіндік беретін нақты және орындалу мүмкіндігі бар жоспар құру.

Енді осындай жоспарды жасаудың жайына толығырақ тоқталайық:

1 Бұдан әрі баяндалатын «ми орталығы» принципін пайдалана отырып, өзіңіздің жоспарыңыздың орындалуына көмегін тигізетін қанша адам қажет болса, сонша одақтас тартыңыз.Бұл ұсынысқа іштей қосыларсыз деп ойлаймын. Бұны теріске шығармаңыз.

Прочитать остальную часть записи »

Өз кінәсін мойындағаннан жақсылық күт

Таяуда БАҚ Оңтүстік Қазақстан облысында бір отбасы мүшелерін автокөлігімен қағып кеткен құқық органы қызметкеріне қатысты өткен сот туралы айтып, жазды. Апаттың салдарынан бір адам қайтыс болған. Сорақылығы сол, отбасы мүшелері жолдың жаяу жүргіншілерге арналған ақжолақты бөлігі арқылы өтіп бара жатқанында, жол ережесі атаулыны дөрекі түрде бұзған құқық қызметкері жоғары жылдамдықпен жаяу жүргіншілерді қағып өте шығады.

Адам кінәсін мойындаудан неге қашады?

Сот барысында асыраушы отағасынан айрылып, жесір қалған әйел мен оның туыстары айыпкерді кешіретінін айтқан. Өйткені, ол жәбірленуші отбасына үй сатып алып беріпті. Осыны ескерген сот айыпкерді екі жарым жыл шартты мерзімге соттады. Жә, айтпағымыз бұл емес. Тапа тал түсте болған осы оқиғаға қатысты істі қарау барысында кінәлі азамат «иә, мен айыптымын» деп өз кінәсін мойнына алмаған. Оның пайымынша, бұл іске ол түк те кінәлі емес екен.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика