Июнь 2018

Тегін ірімшік қақпанда ғана болады

Алаяқтық неге жыл санап белең алып барады? Неге алаяқтардың құрбаны болған адамдар саны жыл өткен сайын өсе түсуде?  Өкінішке орай, бұндай келеңсіздіктің ең басты себебін, алаяқтық қылмыстың, алаяқтардың көбеюінен емес, адамдардың сондайлардың арбауына түсуге бейім тұратын аңғалдығынан іздеу қажет. Қазақ «қашар көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбес» дейді. Яғни, алаяқтық қылмыс қай жерде адамдар оңай олжа бар дегенге сенітін аңқау болса, сол жерде белең алады.

Жылына 2 пайыздық заим

Мен үш айдан бері ресейлік Лайф из Гуд деген МЛМ компаниясына тіркеліп, жұмыс жасап жатырмын. Компанияның басында Роман Валиленко деген ресейге танымал өте білімді және өз ісін жете білетін білікті кәсіпкер тұр. Ол 2014 жылы Ресейдің жыл адамы атағын алған. Яғни, жұртшылыққа кең танымал тұлға.

Прочитать остальную часть записи »

Жоғарғы білім керек пе?

Кеше ғана мектеп бітірушілер бірыңғай ұлттық тестілеуден өтті. Жоғары балл жинап қуанғандары да, әттеген-айлап өкініште қалғандары да бар. Балаларының тілеуін тілеп сыртта сағаттап тапжылмай күткен ата-аналардың толқынысын сөзбен айтып жеткізуге болмас. Осының бәрі не үшін? Жоғары балл жинап, мемлекеттік грантпен оқуға түсу үшін.

Жоғарғы білімді жұмыссыздар

Жоғары білім алып, жұмыссыз жүрген жастар қатары жыл санап өспесе, кемитін түрі байқалмайды. Неге десеңіз, жоғары білім беретін оқу орындары біздің елімізде басқа елдермен салыстырғанда біршама көп екен. Көптеген пысықайлар ақша табудың сенімді жолы деп жоғары және арнаулы орта оқу орындарын ашып алған. Бір ғана Көкшетауда екі университет пен Астана қаласының бірнеше жоғары оқу орындарының филиалдары бар. Осы оқу орындарын жыл сайын мыңдаған жас мамандар бітіріп шығады. Олардың көп болса, 30-40 пайызы ғана өз мамандықтарына сай жұмыс тапса, қалғандары жұмыссыздар санын көбейтеді.

Прочитать остальную часть записи »

Білікті басшы қандай болуы керек

Басқарудың екі түрі бар. Біріншісі және басқарудың тиімді тәсілі, бағыныштылар тарапынан толық қолдау мен келісімге негізделеді. Екінші басқару тәсілі – бағынышты тарапынан еш келісім мен қолдауды қажет  етпейтін мәжбүрлеуге негізделген тәсіл.

Адамазат тарихы күш қолдану мен мәжбүрлеу арқылы басқарудың ұзаққа созылмайтынын анық көрсетіп берді.Диктатуралар мен монрахиялық басқарудың жойылуы осының нақты айғағы бола алады. Бұл адамдар күшпен басқаруға ұзақ уақыт төзе алмайтынын көрсетеді. Напалеон, Гитлер, Муссолини сияқты диктаторлардың бастан кешкен жайлары бұған мысал болады.

Барлық адамдардың келісіміне негізделген басқару жүйесі – адамзат баласының болашағына жол ашатын жалғыз мүмкіндік болып отырғандай. Адамдар күш қолдануға белгілі бір уақыт мойынсұнғанымен, ол мәңгілік емес.

Басқарудың бұл жаңа түрі жоғарыда айтқанымыздай, 11 негізгі принципке негізделгенімен, бірақ бұнымен шектелмейді. Кімде кім басқарудың осы принциптерін түгел ұстанса, ол адам қоғамның барлық топтарын басқарудың шексіз мүмкіндіктеріне ие болады.

Басшының қателіктері

Енді біз өмірінде сәтсіздіктерге ұрынған басшылардың жіберген қателіктеріне назар аудармақпыз. Өйткені, нендей әрекетті жасамау қажеттігін білу де аса маңызды болмақ.

Прочитать остальную часть записи »

VISTA депозиті жылына 20 пайыз өсім береді

Нарық жағдайында ақшаның құнсызданынан қашып құтылу мүмкін емес. Инфляцияны ауыздықтауға бүгінде әлемнің бір де бір елі қауқар таныта алмай отыр. Ол, тіпті мүмкін де емес. Осыған орай, қолдағы ақшасын құнсызданудан сақтау әрбір адамның өз шаруасы болуы тиіс. Ақшаны құнсызданудан сақтаудың түрлі тәсілдері бар, соның ең кең тарағаны – деозит.

Депозиттің де депозиті бар

Біздің еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қазіргі ұсынып отырған депозиттік өсім мөлшері – 12 пайыздан аспайды. Жыл ішіндегі инфляция көлемі 7-8 пайыз болса, депозитке салу арқылы сіз ақшаңызды құнсызданудан сақтап қана қоймай, үстінен азап пайда да көре аласыз. Дегенмен, ол пайда көлемі мардымсыз.

Осы орайда, депозитке ақшаны шет елдік валютамен салу біршама тиімді болары анық. Дегенмен, біздің банкілеріміздің шет ел валюталары депозтіне ұсынып отырған өсім пайызы 2-3 пайыз көлемінде ғана. Сондықтан ондай депозитке ақша салып әуре болудың қажеті жоқ. Сонда не істеу керек?

Жылдық өсімі валютамен 20 пайыз

Австрияның ақша қауіпсіздігін сақтау масқатында жұмыс жасайтын «Гермес» компаниясының өнімі болып табылатын VISTA депозиті валютамен жылына 20 пайыз өсім әкеледі. Бұған Прочитать остальную часть записи »

Оразаның қандай пайдасы бар

Мұсылман баласы үшін қасиетті саналатын Рамазан айы да аяқталып, ораза айты басталды. Отыз күн ауыз бекіткен мұсылман бауырлар көп күнгі бейнеттерінің зейнетін көрер кез келді. Өйткені, кез-келген әрекеттің белгілі бір нәтижесі болады. Отыз күн ауыз бекітіп, жаздың қапырық ыстығында және ұзарған күн мезгілінде ораза ұстаған, сөйтіп, қиындықпен мұсылманның бір парызын өтеген жандар осы үшін қандай игілік табады?

Оразаның фәни және бақи пайдалары

Отыз күн ораза ұстау адам денсаулығына пайдалы екендігін бүгінгі медицина да растайды. Таңертеңнен кешке дейін тамақ ішіп, ұйықтар алдында да тойып жатқан адамның ағзасы түні бойы тынбай жұмыс істеп шығады. Демалысты білмейтін асқазан мен ас қорытуға жауапты адам ағзалары осылай үздіксіз жұмыстан шаршап, тозады.

Ораза кезінде асқазан мен тамақ қорытуға жауапты ағзалардың бәрі тынығып, жұмыс қабілетін арттырады. Оған қоса, адам ағзасында үнемі бөлініп тұратын сөл асқазан мен ішекті шәйіп, тазартады. Адам бойына жиналған улы заттардан тазарып, жеңілдейді. Бұның бәрі – оразаның фәни, яғни тәнімізге тигізетін пайдалары.

Прочитать остальную часть записи »

Өміріңізді өзгерту – өз қолыңызда

Қатып қалған өмір соқпағымен аяңдап, бірсарынды сүреңсіз тірлік кешетіндер қай жерде де аз емес. Ондайлардың өмірге деген өз ұстанымдары бар. Айтатындары: өмірді өзгерту қолдан келмейді, тағдыр маңдайға жазған соң, оған еш нәрсе жасай алмайсың. Осындай көзқарасты ұстанатындар әдетте өле өлгенше қиындық пен ауыртпалықтан, жоқшылықтан көз ашпай өтеді. Ал өмірді өзгерту үшін не істеу қажет?

Өзгелердің қолынан келген шаруа сіздің де қолыңыздан келеді

Өмірлерін өзгертіп, жақсы жетістікке жететіндердің ұстанымы: өзгелердің қолынан келген іс неге менің қолымнан келмейді? Осылай өзін қайраған адам өмірін өзгертіп, өзгелер жеткен биіктерге жетіп жатады. Әрине, ол көп еңбектенуді, табандылықты, білім мен біліктілікті қажет етеді.

Бүгінде ТМД елдерінде кең тарала бастаған Лайф из Гуд компаниясының негізін салушы кәсіпкер Роман Василенко өмірінде үш рет банкрот болып, соңғы жолы тіпті, отбасымен ашығуға дейін жеткен екен. Бірақ ол әр жолы шыңыраудан шығуға күш-жігер мен табандылық таба білген.

Прочитать остальную часть записи »

Басшылық неден басталады

Жалпы алғанда адамдар екі түрлі топқа бөлінеді. Бірінші топтағы адамдар – көшбасшылар, ал екінші топтағылар – орындаушылар. Өмір жолыңыздың ең басында сіз өз орныңызды нақты айқындап алуыңыз қажет болады: басшылық жасау ма, әлде айтқан бұйрықты жүзеге асырушысыз ба?

Бұл екі топ өкілдерінің алатын жалақы дңегейінің айырмасы да жер мен көктей. Шын мәнінде орындаушылар жоғары табыс табамын деп одан үміттенбейді де. Дегенмен, олар табыстарының аздығына басқаларды айыптап, жиі қателік жасап жатады. Орындаушы болу үшін көп ақылдың да, үлкен жауапкершіліктің де қажеті жоқ.

Бір ажғынан алып қарағанда, орындаушылырдың өз жағдайлары туралы мақтануларының да еш жөні жоқ. Басшылық қызмет атқаратындардың көбі өз еңбек жолдарын қарапайым орындаушыдан бастаған. Олардың талантты басшы болуына, жақсы орындаушы болуларының көмегі тигендігі анық. Өйткені, жақсы орындаушы болмай, қабілетті басшы болу мүмкін емес. Ақылды орындаушы бірқатар артықшылықтарға ие. Ол орындаушы бола жүріп, көшбасшылық қасиеттерді де бойына ақырындап сіңіре береді.

Басқарудың 11 құпиясы

Басқарудағы ең маңызды мәселелер мыналар:

Прочитать остальную часть записи »

Қажетсіз болып қалу қаупі бар мамандықтар

ID:62048978

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің 2016 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында таяудағы бес-он жылдың ішінде бүгінгі қолданыстағы мамандықтардың жартсына жуығының жойылып кететіндігі туралы айтқан еді. Қазақ стратегиялық зерттеу институты мамандары осы орайда  таяу болашақта жойылып кету қаупі бар бірқатар мамандықтар  жайында талдау жасап, мәселенің мәніне үңіліп зерттеу жариялапты.

Аталмыш институттың мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі күнгі ең жоғары сұраныс туғызып отырған он мамандықтың қатарында зерттеу және дайындау жөніндегі менеджерлер, сатушы-кеңесшілер, күзет мамандары, автокөлік жөндеушілер, мал шаруашылығы мамандары, механизация саласының инженерлері, егін шаруашылығы құрылымдарының басшылары, ауыл шаруашылығы саласының жұмысшылары сияқты мамандықтар бар екен. Әзірге аса қажет мамандықтар болып отырған  олардың болашақта да қажет мамандық болып қала береді деген сенім оншалықты мол емес. Қазіргідей технология күн санап қарыштап дамып бара жатқан заманда бүгінгі аса қажет болып тұрған мамандықтың күні ертең мүлдем қажетсіз болып қалуы оп-оңай дейді сарапшылар.

Ал, енді таяу болашақта қажетсіз болып қалатын мамандықтарға келетін болсақ, аталмыш институт сарапшыларының пайымынша, қағаз-баспа өндірісі, архив-кітапхана және пошта байланысы саласы түгел дерлік жоғалмақшы. Егер зер сала қарайтын болсақ, қазірдің өзінде  интернеттің дамуына және электронды Прочитать остальную часть записи »

Үйің болмай – күйің болмайды

Баспанамен қамтылу қазір қалың көпшілікті толғандыратын аса өзекті мәселе болып тұр. Мәселен, Көкшетау қаласы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, қалада тұрғын үй алу кезегінде 12 мыңдай адам бар. Жылына 100-ге тарта пәтер пайдалануға беріледі. Ал енді осы қарқынмен 12 мың адамды баспанамен қамту үшін қанша жыл қажет болатынын есептеп көріңіз. 120 жыл керек екен. Осыған қарап бұл бағдарламаның жүзеге аспайтынын ақыл-есі дұрыс әр адам-ақ түсінеді.

Бествей тұрғын үй кооперативі

Осыдан 4 жыл бұрын Ресейде құрылған Бествей тұрғын үй кооперативі үш жылдан бері Қазақстанда да табысты жұмыс жасап келе жатыр. Осы уақыттың ішінде жүздеген отандастарымыз төмен пйызбен кооперативтен қарыз алып, қоныс тойларын тойлады. Биылғы жылдың 21 сәуірінде Астанада өткен кооперативтің жиынында 27 адам жаңа пәтердің сертификатын алып, кооператив арқылы баспаналы болды.

Кооперативтің артықшылықтары неде?

Прочитать остальную часть записи »

Интернеттен ақша табу

Қазіргі күні Қазақстанда 10 миллионнан астам адам интернетті пайдаланады екен. Смартфонның шығуымен интернет үлкенге де, кішіге де қолжетімді болып алды. Осындай халық арасында кең таралған интернет арқылы ақша табуға болатынын өкінішке орай, көптеген ғаламторды тұтынушылар мүлдем білмейді.

Интернетте ақша көп

Қазір батыстың дамыған елдерінің ірі компанияларының бәрі өз бизнестерін интернетке енгізді. Осылайша, интернет-бизнес деп аталатын бизнестің жаңа саласы қалыптасты. Бұл ара қашықтыққа қарамай, миллиондаған адамдардың интернет арқылы жақсы ақша тауып, соны негізгі кәсібі етіп алуларына мүмкіндік жасауда.

Өз басым интернет-бизнес дегенмен 2011 жылдан бастап айналысып, біршама білім мен тәжірибе жинақтадым. Осы саланың білгір маманы болып, оны өзімнің негізгі кәсібім етіп алмасам да, интернет арқылы қалай ақша табуға болатыны жайында біршама мағлұматтар жинауға мүмкіндік болды.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика