Июль 2018

Басшы барлық жерге керек

Бүгінгі күнгі жаңа типті басшыға деген қажеттілік туындап отырған және олардың алдынан қызмет баспалдағымен өрлеуге кең жол ашуға мүмкіндік беретін бірнеше қызмет салаларына назарыңызды аударғым келеді.

1 Жаңа типті басшылыққа саясат саласындағы қызметте қатты сұраныс болып отырғаны байқалуда. Бұған осы саладағы жекелеген дағдарыстар анық айғақ болады.

2 Қазіргі күні банк жүйесінде де кең қайта құру қажеттілігі байқалып отыр.

3 Жаңа көшбасшыларды өнеркәсіп саласы да күтуде. Жұмыс орнын сақтау үшін басшы өзін адамдардың сенімін ақтайтын және олар тап болған қиындықтарды жұмсартып, жеңілдететін қоғам қайраткері сияқты ұстауы қажет.

4 Болашақ дін қызметшісі ғибадатханаға келушілердің материалдық және басқа да мұқтаждықтарын, жеке басына қатысты мәселелерді шешуге қабілетті, өткенді ғана айтып қоймай, болашаққа ой жүгірте алатын сұңғыла жан болуы тиіс.

5 Жаңа типті басшылар сондай-ақ, құқық, медицина және білім саласында да қажет болып отырғандығы анық сезілуде. Әсіресе, бұл білім саласында қатты байқалуда. Бұл саладағы басшылар адамдардың мектепте алған білімдерін пайдалануына мүмкіндік ашуы қажет. Теория неғұрлым аз болса, соғұрлым дұрыс болмақ. Бұл арада ең бастысы – практика болуы тиіс.

6 Жаңа типті басшылар журнаистика саласына да келуі керек.

Жоғарыда аталған салалардағы жаңа типті басшыларға деген мұқтаждық олардың алдынан болашақ даму биіктеріне кең мүмкіндік ашатыны анық емес пе?

Прочитать остальную часть записи »

Абайдың даналығын түсінбейтін ұрпақ

Жақында әлеуметтік желіде бір кәсіпкер Абайды түкке алғысыз етіп шығарды. Оның пайымынша, кеңестік идеология жастықта шынтақтап жатып өлең жазатын, жұртқа ақыл айтқаннан басқа ештеңе білмейтін жалқау Абайды қазақтарға үлгі қылып, қазақтарды сондай көк жалқауға айналдыру мақсатын көздепті-міс.

Абайдың ұлылығын ұғу үшін кемел білім керек

Баяғыда бір ақылды қария өлерінде жалғыз ұлына «мен саған мынау есік алдындағы бақшамда мол қазына қалдырып барамын, соған ие бол» деп өсиет етіпті. Әкесінің сөзінің мәнін ұқпаған алаңғасар ұлы оны жерлесімен қолына күрек алып, бақшаны асты-үстіне түсіріп қазып, бірақ еш қазына таппайды. Содан көңілі қалған ол әкесінен қалған байлық таусылғанша тірлік кешіп, содан кейін қысылған соң үйін бақшасымен қоса сатып жбереді. Үйсіз-күйсіз қаңғып қалған әлгі бір күні ел кезіп қайыр сұрап жүріп, бір қарияға жолығады. Қария түртпектеп сұрап, жігіттің жайын естіген соң «Балам, сенің әкең өте ақылды адам екен, бірақ сен оның өсиетінің терең мәнін ұқпапсың. Ол саған бақшамда мол қазына қалдырып барамын дегені, сол бақшаны күтіп ұстап, адал еңбек етсең, саған таусылмас байлық болады» дегені екен. Әкең өле-өлгенше адал еңбегімен ел қатарлы бақуатты тірлік кешіпті. Ал сен оның өсиетін ұқпай, оңай олжа қуамын деп бар байлығыңнан айрылыпсың» деген екен дейді.

Прочитать остальную часть записи »

Тобырлық сана

Ұлы Абайдың «көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» деген сөзі тобырлық санаға берілген дәл баға болса керек. Өзін өзі жетілдіру ғылымының докторы Сайдмұрод Давлатовтың пайымынша, тобыр ешқашан биіктерге жетпейді және үлгі алатын жақсы нәрселер жасамайды. Сондықтан, тобырдың ішінде болып, соларша ойлап, әрекет жасау арқылы адам ешқашан, ешқандай нәтижеге жетпек емес.

Өз ақылыңмен ойлап үйрен

Жұрттың бәрі солай жасап жатыр, мен де солай жасайын деген ұстаным адамды ешқашан жақсылыққа жеткізбейді дейді Сайдмұрод Давлатов. Сондықтан, ол тобырлық санадан құтылып, өз бетіңше ойлап, шешім қабылдауға дағдылану арқылы ғана нәтижеге жетуге болатынын айтады.

Шетелдік байлар балаларын оқытатын арнайы мектепте ең алдымен, оларды өз бетінше ойлап, үйренуге машықтандырады екен. Олардан бір сауал бойынша жауап беру талап етіледі. Бірақ қойылар талап мынадай: әр бала ешкімге ұқсамайтын өз жауабын беруі тиіс. Мейлі ол жауап дұрыс бола ма, қате бола ма – мәселе онда емес. Бар мәселе – жауаптың басқаларға ұқсамайтындығында және әр баланың өз жауабының болуында.

Прочитать остальную часть записи »

Алыс та болса жақын жол

Ертеде жолаушылап келе жатқан бір топ кісі далада мал бағып жүрген адамды көріп, жол сұрайды. Әлгі малшы: «бір жол бар алыс, алыс та болса жақын, бір жол бар жақын, жақын да болса алыс» деп жауап береді. Оның мәнісін сұрағанда: «бағыт алған жерлеріңізге мына жолмен төтелеп баруларыңызға болады, бірақ жолда ағысы қатты өзен бар, одан өту қиын соғар, ал мына жол айналма, бірақ онда өзеннен өтетін көпір бар, жеңіл жетесіздер» деп жауап береді.

Әлгі жолаушылардың бір бөлігі  баратын жеріне тезірек жеткісі келіп төте жолға түседі. Содан ағысы қатты өзеннен өтеміз деп астарындағы аттарынан айрылады, өз бастарын әупіріммен әзер алып шығады. Ағыс оларды көп жерге ағызып апарып тастайды. Содан шаршап шалдығып жететін жерлеріне ертеңіне таң алдында әзер жетеді. Олар келсе, алыс жолмен кеткен жолаушылар тамақтарын ішіп, аттарын тынықтырып, өздері де ұйқыларын қандырып алған екен.

Жеңілді таңдайтындар ауыртпалыққа ұшырайды

Жоғарыда айтылған әңгімедегі жақын жолмен тез жеткісі келген жолаушылар сияқты бүгінде оңай жолмен ақша тауып, байығысы келетіндер көп. Олардың біреулері алыпсатарлықпен айналысса, енді біреулері ұрлық-тонаушылық сияқты қылмысқа бет бұрады, тағы біреулері алаяқтардың арбауына түсіп, барынан айрылып жатады. Олардың қай-қайссысы да бақуаттылыққа жете алмайтынын уақыт төреші көрсетуде.

Прочитать остальную часть записи »

Қылмыстық жүйені ізгілендіру қажет пе?

Күні кеше Алматыда тапа-тал түсте қанышер қарақшылар (кісі өлтірген, біреудің мүлкін ұрлаған адамды солай деп атымен атаған дұрыс болар) Қазақстанның атын әлемге танытқан, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаудан бірнеше дүркін әлем чемпионы Денис Тенді өлтіріп кетті. Бар болғаны машинаның айнасы үшін кісі қанын мойнына жүктеген  қарақшылардың біреуі тұтқындалса, екіншісі іздестірілуде.

Заңды жұмсарту неге керек?

Тағы да, жоғарыдағы оқиғаға тоқталайық. Атақты спортшымызды өлтірген қарақшылар заң шеңберінде жазасын алсын-ақ делік. Сонда олар осы қандықол қылмысы үшін қанша жылға сотталмақ? Ары кетсе, 10-15 жыл. Сол 15 жылдың өзін олар толық өтеп шықпайды, «үлгілі тәртібі» үшін мерзімінен бұрын босатылады. Өйткені, қазір көріп жүргеніміздей, қылмыстық жүйедегі ізгілендіру деген науқан осы саланың қызметкерлерін сотталғандарды неғұрлым тезірек бостандыққа шығаруға ынталандырады.

Қол-аяғы балғадай, он екі мүшесі сау, бірақ соған қарамастан, адал еңбек етіп, заң шеңберінде өмір сүрудің орнына қылмыстық жолды таңдаған бұл екеуі түрмеден шыққан соң тәубелеріне түсіп, жаман жолдан атқұла тыйыла қояды дегенге ақыл-есі дұрыс адамның сенуі қиын. Өйткені, сотталып жататындардың көбі  екінші, үшінші, тіпті бесінші рет сотталатындар. Осыған қарап, түрме өз атауына сай түзеу орны емес, керісінше адамдарды теріс жолға салып, ақылдан айыратын орынға айналған ба дерсің.

Прочитать остальную часть записи »

Өзіңе жұмыс істе

Әлемдік бестселлерге айналған «Бай әке, кедей әке» кітабының авторы Роберт Киосакидің айтуынша, адамдардың 80 пайызы тек шығындарын жабу үшін еңбек етеді. Яғни, олардың тапқан бар табыстары түрлі шығындарын жабуға жұмсалады. Тек адамзаттың байлыққа жеткен 20 пайызы ғана шығынды жабудан артылған ақшаны өзіне жұмсайды екен. Байлыққа жетудің ең басты кілті де осында дейді Киосаки.

Шығынды жабумен өмірлері өтетіндер

Егер айналаңызға байыппен қарайтын болсаңыз адамдардың көбінің бар күш қуатын, уақытын сарып қылып еңбек етіп тапқан ақшаларын түгелдей шығындарын жабуға жұмсайтынын көруге болады. Егер айлық жалақысы 100 мың теңге болса, адамның шығыны да сол мөлшерде болып, тапқандары түгел шығынды жабуға жұмсалады.

Бұндай жандар әдетте жалақым жетпейді, егер 200 мың теңге тапсам жетер еді деп ойлайды. Сөйтіп қосымша жұмыс тауып, жалақысын 200 мыңға жеткізген ол шығынының да өсіп, сонша мөлшерге жеткенін көріп қайран қалар еді. 100 мың теңге қалай жетпесе, енді 200 мың теңге де шығынын жабуға ғана жұмсалып, бір жалақыдан екіншісіне жету қиын бола түседі. Осылайша жалақы өскен сайын, шығын да өсіп, ақша тапшылығынан адам ешқашан құтыла алмайды.

Прочитать остальную часть записи »

Ақша емес білім ал

Таяуда әлеуметтік желіде біреу қазір кім көрінген білгіш оқымысты болып, қалай ақша табу қажеттігін жұртқа үйрететін болды. Олар мықты болса өздері ақша тауып, басқа мұқтаж адамдарға ақша беріп көмектеспей ме, құрғақ ақыл айтқанша деп жазды. Оны біраз жұрт қолдап, ақыл айтқыштарды біраз жерге апарып тастады.

Ақыл айтқыштар қайдан шығады?

Интернетте ақша табудың амалын айтып, ақпарат ұсынатындардың көп екендігі рас. Дегенмен де, олар сондай ақпаратты қайдан алып жатыр? Бұның астарына үңілсек, ертеректе адамдар үшін жеті құлыптың астындағы құпия болып келген бай-бақуаттылыққа қол жетудің амал-тәсілдері туралы айтатын түрлі ақпараттардың пайда бола бастағанын көреміз.

Біраз жыл бұрын «Секрет» фильмі шыққанда аузын ашып, көзін жұма қарап, бұл тәсілді өмірде қолдануға асыққандар аз болмаған еді. Напалеон Хиллдің «Ақылменен ақша тап» кітабы қазір көп тілдерге аударылып, миллиондаған дана болып таралуда. Роберт Киосакидің «Бай және кедей әке» кітабы да әлемге кең таралып кетті.

Прочитать остальную часть записи »

Менің командама қосылыңыз

Егер сізді бір жалақыдан екіншісіне әзер жетіп, үнемі тапшылықпен күн кешкен бірсарынды тірлік жалықтырса, үнемі басшылардың қас-қабағын бағып, тағдырыңызды солардың табанының астына салып, көңіліңіз қаламайтын шаруалармен айналысуға мәжбүрлейтін өмірден шаршасаңыз, ақша тапшылығы дегенді ұмытып, бақуатты өмір сүруді армандайтын болсаңыз – онда менің командама қосылыңыз. Біз бірлесіп өз бизнесімізді құрамыз. Ол – бізді  ешкімге тәуелсіз, емін-еркін өмір сүруге, молшылыққа жеткізуге мүмкіндік беретін болады.

МЛМ бизнесті жүргізуге қажетті қуатты құралдар аласыз

Менің командама кіру арқылы сіз МЛМ бизнесті жүргізуге қажетті екі қуатты құралға ие боласыз, ол: 1ші – сайт; 2-ші – видеоблог. Бұл екеуін тиімді пайдалана алсаңыз сіз ешкімге жалынбай, ешкімнің соңынан жүгірмей компьютердің алдында күн сайын бірер сағат жұмыс жасау арқылы жақсы табысқа қол жеткізе аласыз.

МЛМ бизнес немесе желілі маркетинг десе көбіміз тамыр-таныстары мен көшеде кездескен адамдарға жабысып, өз тауарын алуды тықпалайтын мазасыз адамдар туралы ойлай бастаймыз. Шындығында, желілі маркетингтің қадірін кетіретіндер де сондайлар. Егер олардың тауарлары жақсы, сапалы болса бір жөн, көбінесе айтқандарынан көп төмен болып жатады. Жабысып қыр соңынан қаламағасын кейбіреулер сатып алады, бірақ сапасыз екенін көргесін желілі маркетинг дегенге теріс көзқарас қалыптаса бастайды.

Прочитать остальную часть записи »

Қазір бинеспен айналысу тиімді ме?

Өз бизнесіңді ашу үшін елімізде барлық жағдайлар жасалған деп БАҚ айтып, жазып жатады. Қала көшелеріндегі үлкен бильбордтардан кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік түрлі бағдарламалар жайында оқып жатамыз. Осыларға қарап, елімізде бизнесіңді ашу үшін қажетті барлық жағдай жасалған екен, бизнеске ешқандай кедергі жоқ деп ойлауға болар еді. Бірақ та…

Кәсіпкерлердің алдындағы мың түрлі кедергілер

Осыдан біраз жыл бұрын бірнеше рет өз бизнесімді ашуға талпынып, тіпті ашып алып бірнеше ай жұмыс жасаған кезім болды. Өкінішке орай, бизнесмен болу маңдайыма жазылмаған екен, өйткені жан-жақтан анталаған кедергілер көбейіп, ақырсында «аш пәледен қаш пәле» деп бизнесті тастап құтылдым. Осы тәжірибем арқылы алған сабақ мынадай болды: біздің елімізде, дәл қазіргі жұмыс жасап тұрған заңдармен және қаптаған шененуніктердің армиясымен өз бизнесіңді ашып жүргізу еш тиімсіз.

Прочитать остальную часть записи »

Ақша Алланың қуаты

Ақшаны көбіміз жылтыр қағаздан жасалған суретпен, түрлі ою-өрнекпен әшекейленген қағаз деп санаймыз. Рас, ол қағаздың басқа қағаздардан ерекшелігі – оған түрлі заттар сатып алуға, әртүрлі қызметтердың ақысысын төлеуге болады. Дегенмен, көбіміз ақша туралы байыпты ойланып, ол не нәрсе және оның өмірдегі орны қандай деген сауалдарға ойша жауап іздеп бас ауыртпайтынымыз анық.

Ақша сіздің өміріңізді анықтайды

Сіздің қандай үйде, қалада тұруыңызды, қандай киім киіп, қандай адамдармен араласуыңызды, қандай жерде демалуыңызды, қандай білім алып, қандай қызмет атқаруыңызды – бәрін де негізінен ақша шешеді. Иә, осы тұрғыдан алғанда АҚШАНЫ нағыз адамның әміршісі деп атауға болатындай.

Ақшаның жетіспеушілігі адамды әлжуаз, қорқақ етеді. Өз басым бірнеше кредиті бар ақша тапшылығын ұдай тартып жүретін адамдардың көре көзге көрініп тұрған әділетсіздікке қарсы бір ауыз сөз айта алмай, бүгежектеп бұғып қалатын жайларын талай көрдім. Бұның дұрыс еместігін ол жақсы біледі, бірақ еркінен тыс солай жасауға ақша тапшылығы оны еріксіз Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика