Август 2018

Өлімнен кейін өмірдің барлығының дәлелі не?

Адамдардың көбі, кешегі атейстік тәлім алған аға ұрпақтарды былай қойғанда қазіргі жастардың басым көпшілігі, өлімнен кейінгі өмір барлығына күмәнмен қарайды. Рас, дін жолын ұстанып немесе анда-санда мешітке барып, садақа беретіндер, тіпті ораза ұстайтындардың өздері шын мәніне келгенде  бақи дүниенің барлығына кәміл сене қоймайды. Неге?

Өмірдегі ең тылсым құпия

Жаратқан біреуге аз, біреуге көбірек – әркімнің тағдыр жазуына қарай өмір берген. Яғни, тірі пенделердің бәрі ерте ме, кеш пе міндетті түрде ажалдың дәмін татады. Дегенмен де, сол бәрімізге келетін ажал жайында біздер өте аз, тіпті ештеңе білмейміз. Жердің асты мен үстіндегісін түгел зерттеп, зерделеген бүгінгі ғылымның ажал туралы бар түсінігі – тәнмен бірге адамның санасы да мәңгі өшіп жоғалады деген жалғыз ауыз сөзбен шектеледі.

Ғылым осылайша өлім туралы үзілді-кесілді тұжырым жасағанымен, сол ғалымдардың өздерінің арасында осындай түсінікке онша сене қоймайтындар аз емес. Өйткені, ажал арқылы тірі пенде мен өлі жанды алшақтататын көзге көрінбейтін тылсым перденің ар жағында не бар екендігін ешкім білмейді.

Прочитать остальную часть записи »

Құмар ойынының бәсі — адам тағдыры

Ислам дінінде құмар ойынын үлкен күналардың қатарына жатқызатыны тектен тек болмаса керек. Өйткені, құмар ойыны адамның санасын алып, ақырындап тәуелділікке түсереді, ақырсоңында құлақкесті құлына айналдырып, туған туыстары мен таныстарынан, жалпы өмірден бездіреді. Құмар ойынының адам психикасына кері әсерін бүгінгі ғылым да растап отыр. Содан болар казино атаулыны елімізде үлкен қалалар мен елді мекендерден аулақтатып, арнайы аймақтарда, атап айтқанда: Қапшағай мен Бурабайда ғана жұмыс істеуге рұқсат етті. Десе де, құмар ойынына жатпайды деген желеумен жер-жерде букмекерлік кеңселер қаптап ашылып, тамырын тереңге жайып, жемісті жұмыс жасап жатыр.

Ұтыс үшін көп нәрсенің керегі жоқ. Спортқа деген аздаған қызығушылық пен бармақтай ғана сәттілік болса жетіп жатыр. Букмекерлік кеңселерде бәс тігу құмарлығы дәл осылай басталып, ақырындап адам санасын тәуелділіке түсіреді. Бүгінде спорттық жарыстар арқылы ақша ұтып алу мүмкіндігіне кәміл сеніп, ақшасынан да, абыройынан да, қызметі мен туыс-бауырларынан да   айырылушылар көбейді.

Прочитать остальную часть записи »

Алла қанқұмар ма?

Биылғы Құрбан айты мерекесі көп адамдардың есінде ен далада сойылып, терісі мен ішек-қарны шашылып тасталған, қаладағы қоқыс жәшіктерінің айналасында шашылып жатқын сойылған қойдан қалған қалдықтарымен қалатын шығар. Әлеуметтік желілерде осы жайында екіұдай тартыс болып, біреулер мыңдаған малды сойып, құрбан шалатын мұндай мейрамның қажеті жоқ десе, басқалар мұсылманның бір парызы саналатын құрбандықтан бас тартуға болмайды десіп, пікірлерін жазды.

Құрбандық не үшін қажет?

«Құрбанның мағынасы: Аллаһ Тағалаға жақындық қылу сол үшін айт күндерінде шалынған мал құрбан атанды. Қарапайым тілмен айтқанда, Аллаһ Тағаланың ризашылығына бөленуге ұмтылу. Сонымен бірге жаратушымыздың пендесіне берген сансыз нығметтеріне ризалығын білдірудің және шүкіршілік етудің тура жолы. Құрбан шалу – садақа берудің бастамасы. Себебі Құрбан айт мұқтаж жандардың қиыншылығын аз да болса жеңілдетіп, шаңырақтарына шаттық сыйлауға сеп болады. Демек, бұл — халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға ынталандырып және де ауызбіршілігін нығайтатын ұлы мереке, ұлы ғибадат, -деп жазылыпты saryarka-samaly.kz сайтында

Прочитать остальную часть записи »

Құрбан айты күндеріндегі қайрымдылық шаралары

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айты қарсаңында жергілікті ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді.

Бас имам алдымен бұл ұлық мерекенің тағылымы мен тарихы жайында айтып, мерекенің басты рәсімі – құрбан шалудың ереже-шарттары жайында әңгімеледі. Облыс орталығының тұрғындары үшін «Бижан» және «Әз» мал базарлары мал сою қызметін көрсетуді ұсынып отыр. Биыл Құрбан айт мерекесі тамыздың 21-нен басталып үш күнге созылмақшы. 20 тымыз Арафа күні. Бұл күні иісі мұсылман қауым күнұзақ тағат ибадат жасап, Алланы естеріне алулары қажет. Тағы бір айта кетерлік жай, Степногорск қаласы мен Ақсу кентінен 15 адам алтын кен орындары кәсіпорындарының қолдауымен қажылыққа тегін жолдама алыпты.

-21 тамыз күні таңертең Құрбан айты намазының алдында жамағаттың қаражатына сатып алынған пәтердің кілтін тапсыру рәсімі өтеді, -дейді бас имам. Еске сала кетейік, биылғы жаңа Прочитать остальную часть записи »

Жайлы аймақ

Бүгінден өзін өзі дамыту ғылымы жан-жақты дамып келеді және ол қазақ оқырмандарына да біршама таныс. Бұл ғылымның біз мектепте, жоғары оқу орындарында оқитын ғылымдардан айырмашылығы сонда – оны нақты өмірде қолданып, нақты нәтижесін көруге болады және ол сіздің өміріңізді өзгертеді. Оның құндылығы да осында.

Жайлы аймақ деген не?

Енді өзін өзі дамыту ғылымы бойынша жайлы аймақ деген не, соған тоқталатын кез келгендей. Бұл мәселенің маңыздылығы мынада: ол барша адамдарға қатысты және оның әсерін біз үнемі сезініп жүреміз. Жайлы аймақ дегеніміз – бұл біздің әбден үйреніп, бауыр басқан күнделікті тірлігіміз. Шындығында ол адамдарға оншалықты жайлы да болмас, бірақ олар соған үйреніп, бауыр басып алғандықтан, өмір ағымын ешқашан өзгерткілері келмейді.

Мәселен, менің бір танысым бар. Ол – журналист. Бірақ мамандығы мұғалім, бұрын мектепте сабақ берген. Содан 90-шы жылдардағы қиын кезеңде біраз уақыт сауда да жасапты. Ақырсында газетке қызметке кірген. Содан осы салаға орнығып қалады. Бойында жазуға деген қабілеті болмағандықтан, ол жақсы қаламгер болып кете алмады. Соған орай, жұмысында Прочитать остальную часть записи »

Жеті жылдан кейін ашылған қылмыс

-Маған келіп кетші, -деген қысқа әмірлі дауысты Санат бірден таныды. Қалалық ішкі істер басқармасы  қылмыспен күрес бөлісмінің бастығы подполковник Орал Жақыпов бұл оқу бітіріп жұмысқа енді кіріскен дезде-ақ осы қызметте істеп жүрген еді. Ол кезде шені майор болатын. Енді подполковник. Бар өзгеріс сол ғана.

Анда-санда ғана шақыратын бастығының бұл шақырысының себебін түсіне қоймаса да, бір шұғыл іс болатынын түйсінген.  Қылмыспен күрес бөлімінде күтпеген неше түрлі істер болып жатады. Алғаш жұмыс істей бастаған кезінде бәрі де қызық көрініп, сол тұста телеарналардан жиі көрсетілетін полиция қызметкерлерінің өміріне қатысты ресейлік сериалдардың әсерімен тәтті түс көріп жүргендей сезінетін жігіт келе-келе күнделікті бітпейтін бірсарынды жұмыс әуеніне түсіп, алғашқы балаң сезімнен арылған. Кинодағы әдемі көріністердің бәрі шынайы өмірде өңін өзгертіп, мүлдем басқаша сыйпат алады екен.

Бастығының жұмыс кабинетінде ешқандай өзгеріс жоқ екен. Бәрі де сол алғаш келген кездегідей жұпыны қоңырқай қалпы. Иесі қандай болса, кабинеті де сондай сияқты. Жалт-жұлт еткен жасандылықты ұнатпайтын Орал Кәрімұлының киім киісі де, жүріс-тұрысы, отырған жұмыс бөлмесіне дейін қарапайым.

-Есіңде ме, лимонад цехының күзетшілерін өлтірген қылмыстық іс, -деді ол бұған қарап.

-Иә, -деді Санат басын изеп. Осыдан жеті жыл бұрын болған және ашылмай қалған іс туралы неге сұрағанын түсінбегендей  тағы не айтар екен деп артын баққан.

Прочитать остальную часть записи »

Депозит пайызы кеміді, не істеу керек?

Адамдар адал еңбек, маңдай терлерімен тапқан ақшаларын күн санап құнсызданып бара жатқан инфляция деген емі жоқ аурудан сақтау үшін екінші деңгейлі банктердің депозиттерін пайдаланады. Ақшаңызды көбейтуге көмегі болмаса да, депозит инфляциядан жиған-тергеніңізді қорғауға қауқарлы. Бірақ биылғы жылдан бастап отандық банктердің депозит өсімі төмендеп кетті.

Кредит өсімі депозиттен 2-3 есе асып түседі

Хоум Кредит банкіндегі 12 пайыздық депозитімнің жайын білейін деп жақында барғанымда оның автоматты түрде 7 пайызға құлдырап кеткенін естідім. Үкіметтің келісімімен екінші деңгейлі банктердің депозит өсімі таяуда төмендепті. Осыған орай бұрын 12 пайыз болған менің депозитім енді 7 пайызға бір-ақ түсіпті.

7 пайыз деген шынын айтқанда жылдық инфляцияны да толық жаппайды. Бұндай депозиттің сонда қандай пайдасы бар? Мпаған осы банктен телефоныма жиі-жиі кредит ал деген хабар келіп тұрады. Бір күні жәй білейін деп телефон соққанмын.1 миллион теңге несиені 4 жылға алсам, ай сайын 43 мың төлеп, 4 жылда 1,8 миллион етіп қайтарады екенмін. Кредиттің қайтарымы 24 пайыздан басталып, жоғарылай береді екен. Ал осы банктің ең жоғарғы депозит өсімі 10 пайыз. Осыған қарап, отандық банктерідң ел азаматтарына Прочитать остальную часть записи »

Табысыңызды 20 пайызға көтерудің тәсілі

Сіз өзіңіздің табысыңызды үш айда 20 пайызға өсіруді қалайсыз ба? Әрине, мұндай сауалға ақыл-есі дұрыс әрбір адамның  «иә» деп жауап берері анық. Жалақысының үш айда 20 пайызға өсуін кім қаламайды дейсіз. Бірақ та, бұл біздің қолымызда емес қой. Әр адам осылай ойлайды. Шындығында, бәрі біздің өз қолымызда дейді өзін өзі дамыту ілімінің білгірлері.

Табысты өсірудің қарапайым тәсілі

Енді сізге уақыт созбай жалақыңызды немесе ай сайын табатын таза табысыңызды 20 пайызға көтерудің қарапайым және әрбір адам үшін қолжетімді тәсілін баяндайтын уақыт келген сияқты. Дегенмен де, бұл тәсілдің қаншалықты өмірде нақты жұмыс ісейтіндігі туралы менің өз басым дәл басып ештеңе айта алмаймын. Өйткені, оны өмірде нақты қолданып, нәтижеге жеткен жоқпын. Бұл тәсілді естіп, білгеніме бір айдай ғана уақыт өтті және сол уақыт ішінде оны өмірлік тәжірибеме енгізіп, қолданып келемін. Ал, осы тәсілдің авторы өзін өзі дамыту ілімінің сарапшысы Бодо Шефердің пайымынша, ол үш айда нақты нәтиже бермек.

Сонымен енді, осы тәсілдің өзіне тоқталайын. Ол өте қарапайым және кез-келген адамның қолынан келеді, сондай-ақ, ол көп уақытты, еңбек етуді қажет етпейді. Күн сайын бес-он минут Прочитать остальную часть записи »

Баспаналы болудың ең тиімді жолы

Қазақстанда қазір халықтың 80 пайыздай баспаналы болдуды немесе баспаналарын кеңейтуді ойлайды екен. Яғни, үйге деген сұраныс өте жоғары. Қазір мемелкет кеңес заманындағыдай адамдарды тегін баспанамен қамтамасыз етпейді. Үй алу әр адамның өз шаруасы. Осыған орай әркім баспаналы болудың амал-тәсілін өзі қарастырады. Салынып жатқан үйлер де, сатылатын пәтерлер де баршылық. Тек ақшаң болсын де. Бірақ та, екінің бірінде ондай ақша Жоқ. Сонда не істемек керек?

Ипотека үй алушы адамды емес, банкті жарылқаушы құрал

Өз басым өмірімде екі рет ипотекалық несие алып, пәтер сатып алған екенмін. Содан көңілге түйгенім, банк деген мекеме ең алдымен өз ҚАЛТАСЫН ОЙЛАЙДЫ. Оған адамдардың баспаналы болуы, болмауы – еш қызықсыз. Сондықтан банк екіжақты шартта қалайда өз мүддесінің жан-жақты қорғалып, клиенттің есебінен көбірек қармап қалу жағын қарастырады.

Ипотека алдыңыз дейік. Алдымен кем дегенде сатып алатын үйдің 30 пайызы көлемінде алғашқы жарна саласыз. Содан кейін жетпегенін банктен аласыз. Банк өсімдері әрқалай. Мәселен, мен алған Халық банкінің жылдық өсімі – 14 пайыз болды. 14 пайыз деген аты болмаса, 10 жылға созғанда банктен алған 12 мың долларым 23400 долларға айналды. Сөйтіп, банк мені қарызымды екі есеге артық төлеуге мәжбүр етті. Үй қажет екен, бұған амалсыз көнесіз.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика