Сентябрь 2018

Ауадан ақша жасайтын алпауыттар

Ақша билеген қазіргі нарық  заманында бақуатты болудың жолы күндіз-түні бел шешпей еңбек ету емес, ең бастысы ақылменен іс қылып, ақша табудың тың амал-тәсілдерін меңгеру екендігін өмір көрсетіп отыр. Қазіргі шарықтап дамыған елдерде кәсіпкерлер ақша табудың неше түрлі тың, жаңа идеяларын дүниеге әкеліп, бәсекелестік қатты қарқын алған.

Идея – ең өтімді тауар

Қазақта «жұмыртқадан жүн қырыққан» деген сөз бар. Негізін алып қарағанда, жұмыртқадан ешкім, ешқашан жүн қырқа алмайды, өйткені жұмыртқада жүн болмайды. Дегенмен, бұның астарында ебін тапқан адам кез-келген тұйықтан шығып, нәтижеге жете алады деген мағына жатқаны анық. Ал идея дегеніміздің өзі ең алдымен тапқырлықтан тұратыны белгілі.

Интернеттен мынадай бір болған оқиға жайында жазылған мақала оқыдым. Бір жас жігіттің басына тамаша идея келе қалады. Содан ол осы идеяны сату үшін сол қаладағы ірі банкке барады. Жарнамалық негізде жүзеге асырылатын өз идеясын банктің сатып алған жағдайда үлкен  пайдаға кенелетінін айтқан жігіттің сөзін жерге тастамай, банк басшылығы идеясы үшін қомақты  сыйақы беруге уәде етеді.

Прочитать остальную часть записи »

Нәтижеге жетудің формуласы

Мына дүниеде Жаратқанның себеп-салдар заңы еш мүлтіксіз және жүз пайыздық дәлдікпен жұмыс жасауда. Әрбір  нәрсенің себебі мен салдары бар. Кез-келген әрекет себеп болса, оның нәтижесі – салдары. Бұл заңды білу  арқылы адам оны өз мүддесі үшін тиімді пайдалануына мүмкіндігі бар.

Бәрі ойдан басталады

Өзін өзі дамыту ғылымының докторы Сайдмұрод Давлатовтың пайымынша, біздің өмірдегі жолымыз, жеткен жетістіктеріміз – бәрі ойдан бастау алады. Ойды бұлақ десек, біздің өмір жолымыз бен жетістіктерімізді – өзен және сол өзен құятын теңіз десек болады. Яғни, біздің өмір жолымыздың бастау бұлағы – ой.

Кванттық физиканың  пайда болуы – адам ойының материалды екендігін анықтады. Иә, ой материалды зат. Қазіргі күні адам ойын өлшейтін арнайы құрылғы да шықты. Адам ойы радиотолқын сияқты түрлі өлшемде әрекет етеді екен. Ашу, ыза, қатты қорқыныш немесе қуану, шаттану – бәрі ой өлшемін жоғарылата түседі. Дегенмен, жақсы және жаман сезім әкелетін ойлар бір бағытта емес, екі бағытта қозғалады.

Прочитать остальную часть записи »

Көңілге қуаныш әкелетін мақсат

Адамдардың басым көпшілігі алдарына еқандай мақсат қоймай, күнделікті күйбең тірліктің әуенімен өмірлерін өткізеді. Рас, адамдарда мүлдем мақсат болмайды деген сөз емес бұл. «Шіркін, үлкен үйім, қымбат автокөлігім болса, ақшасы көп жұмыс тапсам» деген сияқты нақты жоспарға құрылмаған, бұлыңғыр арманға ұқсас мақсат дегендер болады, бірақ ол нақты жоспар мен соған жеткізетін әрекет арқылы бекітілмегендіктен, оны мақсат деуге келмейді.

Мақсатты қағазға жазу керек

Өзін өзі дамыту ілімінің білгірі Брайан Трейси мақсатқа жетудің тәсілі ретінде қойындәптерге алдыңа қойған 10 мақсатты тізіп жазуды ұсынады. Сол он мақсаттың ішінде егер қол жеткізе қалсаң, саған материалдық игілік қана емес, көңіліңе қанағат, қуаныш сезімін әкелетін біреуін таңдап алып, бар назарды соған аудару қажет дейді ол. Міне, осылайша, ең негізгі басымдық берілген мақсатқа күш –қуатыңды жұмсап, нақты әрекеттер арқылы күн сайын жақындай беру керек. Осылайша, күндердің күнінде әлгі мақсатқа міндетті түрде жетесің дейді Трейси.

Егер сіз бір жеріңіз ауырып, дәрігерге барсаңыз, ол жазып берген дәріні белгіленген шартқа сай күн сайын қабылдап, дәрігер айтқан басқа да кеңестерін орындап отырсаңыз, күндердің күнінде  дертіңізден айығасыз. Сол сияқты Брайан Трейси айтқан тәсілді ол белгілеген шарттарды қатаң сақтай отырып орындаған жағдайда, сіз міндетті түрде мақсатыңызға жететін боласыз. Өйткені, осы тәсілді пайдаланып, мақсаттарына жетіп жатқан адамдар өте көп.

Прочитать остальную часть записи »

Сатып алғаның үшін ақша төлейді

Егер сіз дүкеннен бір зат сатып алсаңыз және сол үшін сізге дүкен иесі әлгі заттан екі-үш есе артық көлемде қомақты сыйақы төлесе, бұны не деп санауға болар еді. Әрине, ақыл-есі дұрыс ешбір адам мұндай әрекетке бармайтыны анық. Иә, бір қарағанда ақылсыздық саналатын осынадй тәсіл арқылы тауар айналымын еселеп өсіріп, күректеп табыс табуға болады екен. Бұны ТНТ деп аталатын жаңа Ресей мен Қытайдың бірлескен жобасы анық дәлелдейді.

Био-нана технологиялық өнім

Қытайдың Гуанчжоу қаласында орналасқан 17 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан «DanHealth» компаниясы био-нана технология негізінде экологиялық таза өнім шығаруды қолға алады. Бұл – химялық жуғыш  ұнтақтарды ауыстыратын картоп крахмалынан, зейтін және кокос майынан жасалған пластиндер. Бір қорапта осындай 64 пластин бар. Әр пластин 2 келі киімді жуады. Химялық ұнтақтар сияқты адам терісіне оның еш залалы жоқ. Киімнің кірін ғана емес, түрлі дақтарды да әп-сәтте кетіріп, әппақ етіп шығарады.

Биотехнологиялық пластиннің қызметі тек кір жуумен ғана шектелмейді. Онымен еденді, кілемді, автокөлікті де жууға болады. Шампунь ретінде пайдаланып, шашыңызды жууға, ваннадағы суға қосып, сабын сияқты пайданауға да болады және оның теріге залалсыздығы, оны жұмсартатын қасиеті де бар. Бір сөзбен айтқанда, әмбебап өнім.

Прочитать остальную часть записи »

Ақшаға тапсырыс беру

Қазіргі нарық заманында ақша тапшылығын сезінбейтін адам кемде-кем шығар. Ақшаның жетіспеушілігі ойымызға алған көптеген істерді жүзеге асыруға үнемі кедергісін келтіріп жатады. Өзін өзі дамыту ғылымының сарапшыларының пайымынша, ақша тапшылығынан құтылып, ойымызға алған шаруаны жүзеге сыруға қажетті қаржыны табу қиын емес көрінеді. Енді осы тәсілге кеңірек тоқталайық.

Ақша жансыз жәй қағаз емес

Иә, ақша деген қағаздан жасалған жансыз зат емес, ол Жаратқанның қуаты, яғни жаны да, санасы да бар деп санайды индустар. Кванттық физиканың дамуына байланысты жанды, жансыз заттар туралы бүгінгі ғылымның да пікірі өзгеруде. Жалпы, мына әлемдегі барлық жанды-жансыз заттардың бәрі – қуат екен. Оған адам да кіреді. Ал қуат санасыз емес.

Қытайлардың құдайдай сеніп қолданатын феншуи тәсілі – ойдан шығарылған қияли нәрсе еместігіне қазір көп адамдар сенеді. Осы тәсілді пайдалана жүріп, байлығына байлық қосып жатқандар бар. Яғни, мұндай тәсілдер жұмыс істейді деген сөз.

Прочитать остальную часть записи »

Қауіпсіздігін қамтамасыз ету әр адамның өз ісі

 

Орыстың атақты жазушылары Ильф пен Петровтың «Он екі орындық» атты кітабының кейіпкері «суға кетушілерді құтқару ісі, суға кетушілердің өз ісі» демейтін бе еді. Сол сияқты бүгінгі күні өз қауіпсіздігін сақтау әр азаматтың өз ісіне айналып кеткендей. Мемлекет барлық салаларды жекешелендіріп, өз мойнынан барлық міндеттерді алып, тек салық жинаушы қызметіне ауысқан секілді.

Өзіңе өзің сақ бол

Қазақ айтады ғой «өзіңе өзің сақ бол, көршіңді ұры тұтпа» деп. Осы қағида қазіргі күні өте маңызды болып отырған жайы бар. Ақша билеген нарық жағдайында ар-ұятты ұмытқан пенделер ебін тапса ұрлық жасап, тіпті әлі жетсе тонап, болмаса алдап-арбап, әйтеуір жан қинамай біреудің есебінен олжа табуға бейім болып барады.

Прочитать остальную часть записи »

Адамның биіктерге жетуіне кедергі келтіретін не?

Біреулер өмір соқпағымен тез алға басып, өмірден өз жолын тауып, биік табыстарға жетіп жатады, ал енді біреулер әрнәсенің басын бір шалып, өмірде орныға алмай, қызметте де, тұрмыста да жолдары болмай жатады. Әлемдік бестселлерге айналған Напалеон Хиллдің «Ақылменен ақша тап» кітабында адамның табысқа жетуіне кедергі келтіретін 30 қасиет туралы айтады. Солардың бәріне болмаса да, негізгі деген бірнешеуіне тоқтала кетейік.

Нақты мақсаттың жоқтығы

Кітап авторы сол тұста АҚШ-тың бір институтының адамдар арасында сұрау салу өткізгендігін, соған тартылғандардың 98 пайызының алдарына қойған нақты мақсаттарының жоқтығын айтады. Ол адамдардың бәрі өмірде орындарын таба алмай, сәтіздіктерге ұшырап, тұрмыс тауқыметін тартып жүргендер екен.

Егер адам алдына нақты масқат қойып, соған жетемін деп саналы түрде әрекет жасамай, өмір ағысымен жүре берсе, оның табысқа жету мүмкіндігі – ноль болмақ, яғни ешқашан табысқа жете алмайды деген сөз. Сондықтан, алдыңа нақты мақсат қоюдың маңызы қашанда зор Прочитать остальную часть записи »

Банктерге сенуге бола ма?

Таяуда интернетте Батыс облыстардың бірінде қайтыс болған адамның үш жастағы баласына әкесінің кредитін банктің жүктегені туралы ақпарат таралды. Соны оқығанда о заманда, бұ заман үш жастағы балаға әкесінің қарызын міндеттеу деген бола ма екен деп таң қалғанымыз рас. Дегенмен де, қазіргі нарық жағдайында банктердің ақша табу үшін небір сойқан жайларға баратынын өмір көрсетуде.

Үйінен және ақшасынан айрылған адам

Биыл жазда тағы да интернетте банкке қомақты сома ақша салып, үлкен көлемде кредит алып үй сатып алған адам ақшасын төлей алмаған кезде банкінің үйін тартып алғандығы жайында видео жарияланды. Әлгі адам үйінен бір айрылып, оған қоса 25-30 миллиондай салған ақшасынан және айрылыпты. Ол аз десеңіз, үйін сот арқылы тартып алған банк оның мойнына қомақты қарыз іліп қойыпты.

Енді қисынға салып ойлап қараңызшы: әлгі кісі 30 миллион теңгедей ақша салып, банктен тағы Прочитать остальную часть записи »

Өміріңізді басқарасыз ба?

Өзін өзі дамыту ғылымының әлемге танымал білгір маманы саналатын Брайан Трейсидің пайымынша, адамдарды өмірлік ұстанымдарына сай үлкен екі топқа бөлуге болады. Біреулері – өз өмірлерін бақылап, басқарады және алдарына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін тірлік кешеді. Екіншілері – бәрі кезедйсоқ болады деп пайымдап, тағдыр салған жолмен ойсыз өмір сүреді.

Өмірін басқару адамға не береді?

Өз өмірін бақылап, басқару және алдына нақты мақсат қойып белгілі бір жоспарларға сай тірлік кешу адамды қай салада еңбек етпесін, қай ортада өмір сүрмесін әрдайым биіктерге бастайды. Бұндай мақсатшыл адамдар әдетте өте белсенді болады және өз білімі мен біліктілігін жетілдіріп, тұрмыс жағдайын түзеуге, бақуатты болуға, қай салада істесе сол сала бойынша биік деңгейлерге жетуге құлшынады.

Өмірімді өзгерту өз қолымда деп түсінетін мұндай адамдар өмірде кездесетін барлық жайларға байланысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Алдына қойған мақсатына жету адамға үлкен қуаныш пен қанағат сезімін әкеледі. Сондықтан мұндай адамдар көбіне көңілді, қуанышты сезімде жүреді және өмірге құштар болады.

Бұндай адамдардың тағы бір ерекшелігі – мақсатқа жету үшін күш-қуат пен денсаулық, білім қажеттігін түсініп, денсаулығын күтуге, оқып білімін жетілдіруге жете көңіл бөледі. Осыған орай, салауаттылықты Прочитать остальную часть записи »

«Көк кит» ойынының жалғасы шықты

 Осыдан бернеше жыл бұрын интернетте «Көк кит» деген ойын пайда болып, соған тартылған бірнеше балалар мен жасөспірімдердің өздеріне қол салғандығы туралы БАҚ айтып, жазған болатын. Ақылы әлі толыспаған балалар мен жасөспірімдерді суицидке итермелейтін қатерлі ойын сол тұста Қазақстанның да бірқатар өңірлерінен бой көрсеткен еді. Енді міне, араға бірер жыл салып ол басқаша атпен интернет әлеміне қайта оралып отыр.

«Әлем бойынша балалар мен жасөспірімдерге қауіп төндіретін «Синий кит» сияқты Момо ойыны пайда болды және ол WhatsАpp мессенджері арқылы таралуда»,–деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өзге суицидтік ойындар сияқты мұнда да балаларға түрлі бұйрықтардың жинағы жіберіліп отырады екен. Егер жасөспірімдер қорқынышты ойынға қатысудан бас тартса оларға қоқан-лоққыға толы хаттар келе бастайды. Мұның барлығы «Синий кит» танымал ойынын еске түсіреді.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика