Архив за Ноя 2018 г.

Адамдардың 99 пайызы «мен кіммін, не үшін өмір сүремін, өмірімнің мәні неде?» деген сияқты пәлсапалық маңызы бар сауалды ешқашан өзіне қойып, жауабын табуға бас ауыртпайды. Содан болар, олардың өмірлері сахнадағы актерлардың әрекеті сияқтанып өтеді. Ондай актерлар туралы адамдар олар ойнаған рөлдерге қарап, өмірдегі шынайы бейнелірінің қандай екендігін білместен, сахнадағы бейнесі ретінде қабылдап жатады.

Сахнадағы өмір

Менің жасым биыл алпысқа толды. Осы жасымда біраз рөлдерді сомдап тастаған екенмін. Ең алдымен, мектепте ОҚУШЫ деген бейнені жасадым. Он жыл бойы осы рөлде ойнауға тура келді. Содан кейін екі жылдай әскер қатарына барып, СОЛДАТ деген рөлде ойнадым.

Келген соң бірнеше жыл оқуға түсе алмай АБИТУРИЕНТ болдым. Ақырсында оқуға түсіп, СТУДЕНТ атандым. Оның арасында түрлі жұмыстарды істеп, құрылысшы да, слесар-сантехник, токарь да болдым. Содан университет бітірген соң бір жылдай мектепте МҰҒАЛІМ болып еңбек етіп, ұстаздық рөлді де ойнап тастадым. 1988 жылы аудандық газетке қызметке алынып, содан бері ЖУРНАЛИСТ деген бейнені сомдап келемін.

(далее…)

Әлемдегі адам денсаулығын нығайтып, өмір жасын ұзарту, ең бастысы – жасарту мәселесімен айналысатын жалғыз компания туралы ғаламторда бір-біріне қарама-қайшы түрлі пікірлер көп айтылуда. Біреулер оның өнімдері адам ағзаларын жасартып, денсаулығын жақсартады деп санаса, біреулер бұл алаяқтық қаржы пирамидасы деген пікірде. Осы екі пікірдің қайсысы дұрыс, қайсысы теріс – осы жайына тоқталсақ.

Артық қыламын деп тыртық қылушылар

JEUNESSE GLOBAL компаниясына арнайы тоқталып отырғанымыз, қазір компания өнімдері әлемнің 115 еліне сатылады, оның ішінде Қазақстан да бар. Қазақстанда компания өнімдерін жарнамалап, жеңілдіктермен сатамыз деп жатқандар аз емес. Осыған орай, американдық бұл компанияның өнімдерінің жарнамада айтылған талаптарға сай ма, жоқ па – осы жайында жұртшылықтың білуінің маңызы зор екені анық.

Желілі маркетинг жүйесімен жұмыс жасайтын бұл компанияның өнімдерін сатумен айналысатын дестрибютерлер шынын айтқанда өз қызметтері үшін өте жақсы табыс табады. Комппанияның маркетинг жоспары бойынша 10 деңгейлі жүйе бар. Бірінші деңгейде 15 пайыздан басталып, соңғы деңгейде 2 пайызға дейін төленеді. Яғни, сіз өз командаңызды құрып алсаңыз, бірнеше жылдың ішінде долларлы миллионер болуыңызға мүмкіндік бар.

(далее…)

Таяуда мұсылмандардың қасиетті айы Мәуліт мерекесіне орай өткізілген алқалы жиында жиналған көпшіліктің алдында  Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Ақмола облысы бойынша өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит пен ҚМДБ-ның бөлім меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан екі бөлмелі пәтердің кілтін алты баланың анасы Алмагүл Еркінбековаға табыс етті. Күйеуі бірнеше жыл бұрын автокөлік апатынан қайғылы қазаға ұшырап, алты баламен жесір қалған әйел осы күнге дейін баспанасыздықтың зардабын тартып келген еді. Екі бөлмелі жайлы пәтердің кілті қолына тиген кезде  адамдарға деген ақ алғысын айтып тұрып, шыдай алмай  жылап жіберген. Шынында да, бұл баспаналы болудан әбден күдерін үзген келіншек үшін көктен түскендей күтпеген жүрекжарды қуаныш болып еді…

Бәрі де 2012 жылы сол тұстағы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісалының тұсында басталған. Сол кезде мешіттердің жанынан мұқтаж адамдарға қайрымдылық көмек көрсететін «Зекет» қоры құрылып, жұмысына кіріскен болатын. Алғашында қайыр-садақаға жиналған ақшаны мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге бағыттайтын қордың жұмысының ауқымы кейін келе кеңейіп, тек мұқтаж адамдарға түрлі көмек берумен ғана шектелмей, «Мектепке жол» сияқты акцияларға да белсене қатыса бастады.

(далее…)

Кез-келген заттың немесе құбылыстың жағымды-жағымсыз, жақсы-жаман жақтары болады. Өйткені, мына фәниде барлығы екіжақты болып жаратылған. Осы тұрғыдан алғанда, дін, оның ішінде адамзат баласының негізгі бөлігі қолданып жүрген дәстүрлі діндердің де, жағымды және жағымсыз жақтары бар.

Дін адам санасын шектейді

Егер сіз кез-келген христиан дінін ұстанушыға Исус Христос құдай емес, біз сияқты адамнан жаралған пайғамбар ғана десеңіз, онда сізді кәпір атандырады. Сол сияқты сіз ислам дінін ұстанушы адамға Мұхамед пайғамбар ең соңғы пайғамбар емес, одан кейін де мыңдаған, миллиондаған пайғамбарлар болады десеңіз, ол үшін діннен шыққан кәпір болып саналасыз.

Ал, енді осы екі жайға ой қисыны негізінде назар аударып қаралықшы. Иса пайғамбар қаншалықты ғажайыптар көрсетіп, тіпті өлген адамды тірілтсе де, ол өзін ешқашан Құдаймын деп атаған жоқ. Мен христиандардың қасиетті кітабы – Інжілді ондаған рет қайталап оқыдым, сонда бір де бір жерінде Иса пайғамбардың өзін Құдаймын дегенін көрмедім. Оны қолдан Құдай жасап алған адамдардың өздері. Яғни,  бұл әлдекімдерге тиімді болған сияқты.

(далее…)

Кеңес заманында атейстік түсінікті санасына сіңірген адамдар үшін о дүние бар ма, жоқ па деген сауалдың жауабы анық болатын. Дегенмен, кеңес үкіметі қирап, бұрынғы тұмшалап келген ақпараттық темір шымылдық ашылған соң шет елдерден түрлі ақпараттар келе бастады. Олардың арасында ғылымға негізделген өлгеннен кейінгі өмір туралы кітаптар да бар. Соларды оқып, басқа да ақпараттар алған қазіргі адамдардың бұл мәселе жайындағы көзқарасы әртүрлі.

Өліп тірілген адам

1996 жылы мен Атбасарда емшілікпен айналысып жүрген Алмас әулие дегенмен кездесіп, сөйлестім. Одан ем қабылдаған біреу «несін айтасың, ауруыңды әп-сәтте жұлып алады екен» деп аузының суы құри мақтады. Осыны естіп, сол тұста халық емшілері туралы жазып жүрген мен жұрттар әулие атаған әлгі азаматпен кездескім келді.

Алмас есімді емші жасы отыздардағы қырғыз жігіті екен. Қырғызыстанда туып өскен, сол елде тұрады. Өзінің айтуынша, екі рет өліп, тіріліпті. Алғашқы өлгенінде, ол кезде кеңес заманы екен, бір тәуліктей жатып, жерлеуге дайындап жатқанда тірілген. Оның айтуынша, оқиға былай болған.

Жүрегі қысылып, қан қысымынан жедел жәрдем келгенше о дүниеге аттанып кеткен жігітті туыстары жерлеу үшін ауладағы киіз үйге табытқа кебіндеп қояды. Содан ертеңіне жұрт жиналып жерлеу үшін мүрдені алып шығуға киіз үйге кірген адамдар сұмдық көрініске тап (далее…)

Әлеуметтік желілерден өмірі естімеген, өмірдің өзінен алынған талай қызықты жайлар, түрлі тағдырлар туралы ақпарат аласың. Таяуда бір кәсіпкердің көзімен көріп куәсі болған бір оқиға туралы жазғанын оқып, адамдарға ой салар деген оймен оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдім.

-Бүгін мен дүкенде бір қарт әжейді көріп, соған еріксіз назар аудардым, -дейді әлгі кәсіпкер. –Айналасындағыларды түгел ұмытқан әжей арзанқол консервілердің құтысындағы бағасына қарап, өзіне қажеттісін іздеуде. Әже, көмек керек пе? деп қасына келгенімде «балам, көзім жетпейді, маған бағасы арзандау біреуі керек еді» деді ол. Киімі де, өзі де жүдеу тартқан әжейдің түріне қарап, қатты аяп кеттім. Ол таңдап жатқан консервілер нәрсіз, арзанқол дүниелер еді. Консервіден басқа тағы не керек дегенімде, ойбай, балам ақшам жетпейді, осы арзандау консервілер маған жетеді деп шошып кетті.

Сол арада мен оның кәрзеңкесіне сары май, күріш, қораптағы макарон сияқты азық-түліктерді толтыра салдым. «Балам-ау, мұның не, қазір мынаны сатушылар көрсе, мені кассаға да жібермейді ғой» -деді кемпір күйзеле сөйлеп. Әже қорықпаңыз, ақшасы мен төлеймін дедім. Кемпір сенер-сенбесін білмей аңтарылып тұрып қалды.

(далее…)

Қазақ «оқымаса ой тоқырайды» дейді. Кітап оқу адам миының жұмысын жақсартып, сана көкжиегін кеңейтеді. Бұл – дау туғызбас шындық. Ал қазір адамдар, оның ішінде өсіп келе жатқан жастар арасында кітап оқу деңгейі өте төмен. Өте төмен дегеннің астарында бірлі-жарым кітап оқығандар ғана емес, мүлдем кітап бетін ашпайтындар да жатқанын айта кетуге тиіспіз.

Кітап оқу қажеттілік емес

Иә, қазір адамдар, оның ішінде  елдің болашақ тізгін ұстар – жастары мүлдем кітап оқымайтын болды. Неге десеңіз, қазір кітап оқу қажеттілік болмай қалды. Біз оқыған кеңестік мектепте кітап оқуға балаларды міндеттейтін. 4-ші сыныптан бастап емтихан тапсырамыз, ал  емтихан сұрақтарына жауап беру үшін оқулықтан бөлек қосымша кітаптар да оқуға тура келетін. Сондай-ақ, ол кезде теледидар енді ғана шығып жатқан, ал ұялы телефон деген атымен болмайтын. Яғни, балалар жаппай кітап оқитын.

Қазіргі жастарға кітап оқудың еш қажеттілігі болмай қалды. Мектеп  бағдарламасында қосымша әдебиеттер қарастырылған да шығар, бірақ оны оқып бас ауыртудың іс жүзінде еш қажеттілігі жоқ. Тест тапсыру үшін кітап оқу сияқты басы артық шаруаның оншалықты  (далее…)

Мұсылман айтады: исламнан таза дін жоқ, басқа діндердің бәрі бұрмаланған. Христиан айтады: ең ақиқат дін – христиан діні, басқа діндегілердің бәрі теріс жолды ұстанушылар. Иудейлер, буддашылар, индустар да өз діндерін мадақтап, басқа дінді ұстанушыларды адасушылар деп санайды. Сонда қайсы дінді ұстанған дұрыс?

Сабынның қасиеті – тазартқыштық

Иә, кәдімгі сабынның ең басты және жалғыз қасиеті – ол затты немесе адам тәнін кірден тазарту. Сабын осы үшін қажет. Егер сабын тазартқыштық қасиетін жоғалтса, мысалы қанша сабындап жусаңыз да киім-кешегіңіз немесе тәніңіз тазармаса, онда сабынның қажеті бар ма? Жоқ.

Сол сияқты қанттың қасиеті – тәттілігі. Тұздың қасиеті – ащылығы. Осылайша, әрбір заттың өзіне тән қасиеті болады және сол қасиеті үшін адамдар оны пайдасына асырады. Егерде, әлгі зат өзіндегі сондай табиғи қасиетін жоғалтып алса, ол ешкімге қажетсіз болып қалмақ.

(далее…)

Қазақта «қарыз күліп барып, жылап қайтады» деген сөз бар. Оның мәні: қарыз сұраған қазақ өлердегі сөзін айтып, қарыз сұраған адамның асты-үстіне түсіп, ант-су ішіп, әртістіктің небір керемет үлгісін көрсетіп бағады. Ал, уақыты келіп, қарызды қайтарар кезде, ақшаны бергісі келмей нешетүрлі сылтаулар іздеп, ебін тапса мүлдем бермей қоюдың амал-айласын қарастырады. Ал қайтара қалған күнде маңдай терімен тапқан адал ақшасын әлдекімге қайтарусыз беріп жатқандай қабағынан қар жауып, жаман мінез көсретіп бағады. Бұл – Абай заманынан келе жатқан қазаққа тән қасиет болса керек.

Баламның қызығын көрмейін

Осыдан біраз жыл бұрын бір әріптес танысым маған қарыз сұрап келді. Мен алдында ғана еңбек демалысына байланысты қомақты ақша алғанмын. Әлгі соны естіп, білген секілді. Яғни, менде ақша барын біліп келіп отырғанын сөзінен анық ұқтым. Екі аптада қайтарып беремін деп жылмыңдатқан ол мені сендіру үшін өзімен бірге алып келген 4-5-тегі жас баласын көрсетіп: мына күнәсіз сәбиімнің атымен ант етемін, егер қайтармасам, осы жалғыз ұлымның қызығын көрмейін» деп ант-су ішті. Осыдан кейін амалсыз сұрағанын беруге тура келді.

Содан күнәсіз сәбиінің атымен ант ішкен әлгі жігіт екі жетіден кейін де, екі айдан кейін, тіпті екі жылдан кейін де қарызды қайтармады. Одан кейін де талай адамдар қарыз алып, көбі қайтармай кетіп жүрді. Содан сабақ алған мен қарызға қомақты ақша бермейтін болдым. Ұсақ-түйек ақшаны қарыз алып қайтармаса, (далее…)

Пайғамбардан кейін патшалық құрған төрт халифтің бірі – Хазірет Әлидің «Адамдар ұйқыда, олар өлгенде оянады» деген сөзі бар. Пайғамбарға жақын жүрген дін ілімін терең меңгерген Хазірет Әлидің бұл сөзінің астарында терең мән жатқаны анық. Қазіргі ғылым да ақырындап адам деп аталатын екі аяқты тіршілік иелерінің ет пен сүйектен жаратылған тән ғана емес, одан да күрделірек тіршілік нысаны екендігін анықтауда.

Өмір деген түс

Өзге жандардан бөлектеу, бойларында әртүрлі қасиет-таланттары бар пенделер әржерде кездеседі. Солардың бірі – ресейлік Лариса Гуляева деген қыз. Ол туған кезінен бастап өзге адамдар көре алмайтын айналамыздағы түрлі құбылыстарды көріп, сезіп өсіпті. Бұл қасиеті оны өзгелерден аулақтатып қана қоймай, өмірін қиындатып, қарапайым пенделер сияқты ойсыз тірлік кешуіне кедергісін келтіреді.

Енді ресейлік Лариса Гуляеваның өз аузымен айтып, ютубте жариялаған видеосабақтарына назар аударып көрелік. Оның айтуынша, өзіміз өмір сүріп жатқан жер айналасын нәзік әйнек іспетті мөлдір түсті қоршаумен қоршаған арал. Айналаның бәрі су. Сол судың арасындағы қоршау-аралда тірлік кешеміз. Мұндай қоршаулар біздің жоғары жағымызда да, төменде де көп. Барлығы 14 сатыдан тұратын осындай әйнек тәрізді шеңбермен қоршалған аралдар орталықтағы стержень іспетті спиральді жағалай орналасқан.

(далее…)

Яндекс.Метрика