Архив за Дек 2018 г.

Бәрі сатылатын қазіргі нарық заманында ақша тапшылығын әркім-ақ сезініп жүреді. Бірақ та, ақша тапшылығынан құтылудың әрекетін әркім өзінше жасайды. Ақша тапшылығынан құтылудың негізінен екі тәсілі бар: 1-сі қарыз немесе банктен кредит алу; 2-сі ақшаны үнемді пайдалануды үйреніп, қосымша табыс көздерін іске қосу.

Қарыз алу арқылы ақша тапшылығынан құтылу – ақымақтық

Қарыз алу жолымен ақша тапшылығы мәселесін түбегейлі шешемін деген түсінікті – түбі тесік шелекпен су тасу арқылы бөшкені толтырамын деген әрекетпен салыстыруға болар еді. Түбі тесік шелекпен он, тіпті жүз жыл су тасысаңыз да бөшкені толтыра алмайсыз. Өйткені, шелекпен суды бөшкеге әкелгенше, ондағы су ағып кетеді де, бұныңыз бос әурешілік болып шығады. Сол сияқты қарыз алу арқылы қаржы тапшылығын түбегейлі шешемін деу де бос әурешілік.

Менімен араласатын адамдардың көбі ақша тапшылығын қарыз немесе кредит алу арқылы шешуге тырысатын жандар. Олар сәл-пәл ақша тапшылығын сезсе, дереу таныстарын жағалап қарыз сұрауға кіріседі. Ал жалақыларын алған соң ақшаларының көбі қарызды қайтаруға кетеді де, тағы ақша тапшылығы бастарына түседі. Одан құтылу үшін тағы да қарыз алуға мәжбүр. (далее…)

Соңғы кездерде көбейіп кеткен дін атын жамылып, түрлі қылмыстық әрекеттер жасайтындардың әрекеттеріне талдау жасап, ақыл таразысына салып қарайтын болсаң, бұның бәрінің астарында кәдімгі пендешілік жаман қасиеттердің жатқанын бағамдауға болады. Мейлі, бұл әрекетті олар дін атын жамылып, қаншалықты биік ұрандармен жасасын, бәрібір пендешілік әлжуаз жаман қасиеттері көзге шыққан сүйелдей анық көрініп тұрады.

Руслан Күлекбаев – ислам діні үшін басын тәуекелге байлаған батыр ма?

Бұрын екі рет сотталған, түрмеде экстремистік пиғылдағы адамдардың уағызын санасына сіңіріп шыққан Күлекбаев тапа-тал түсте көшеде бірнеше жазықсыз жанның өмірі қиды. Ол туралы кезінде БАҚ айтып, жазды. Сондықтан, оқиғаға тоқталып жатпаймыз. Біз үшін қажеттісі – ол бұндай әрекетке неге барды деген сауалдың жауабын табу.

Сот Күлекбаевтың қылмысының аса ауырылғын ескеріп ату жазасына кесті. Бірақ еліміз бұндай жазаға мараторий жариялағандықтан, ату жазасы өмір бойы түрмеде отырумен ауыстырылған. Соттың үкімін миығынан күліп тұрып тыңдаған, өзін қарапайым пенделерден әлдеқайда биік тұрған асқақ тұлға сияқты сезінген қылмыскердің бетбейнесін мына жай аша түседі.

(далее…)

Ислам дінінің атын жамылған уағызшылардың бір бейнеролигін тыңдаған соң елігіп, сондай роликтерді іздеп жүріп көретін дәрежеге жеткен, соңында ата-ана, туыс-бауырларын тыңдамай Сирия асып  танымайтын сақалдыға тұрмысқа шығып кетпек болған бір қазақ қызының бастан кешкендері жайында қазақ тілді басылымдарда жазылды. Ол гипноздалған бейнероликтер тыңдап, соның ықпалымен еркінен тыс осындай әркетке барған екен.

Ислам неге сыйқыршылықты айыптайды

Ислам дінінде сыйқыршылық, яғни гипноз деген тозаққа түсіретін ауыр күналардың бірі болып саналады. Егер осының астарына ой жүгіртіп қарар болсақ, сыйқыршылықтың адамдарға өте үлкен залалы бар екендігін бағамдауға болады. Өйткені, гипноз арқылы адамның ақыл-есінен айырып, неше түрлі жаман нәрселерге еріксіз мәжбүрлейтін жайлар өмірде жиі кездесіп жатады.

Бір жерде тұрақтамай, үнемі көшіп-қонып  жүретін сығандардың арасында гипнозбен айналысатындар көп кездеседі. Бір ағайымыз бірде пойыздың үстінде әлгіндей сығандармен кездесіп қалыпты. Өзі аздап ішіп алған ол әлгілердің бірінің «қане, карта ойнайық» деген ұсынысына келісе кетіпті.

(далее…)

Яндекс.Метрика