104 көрілім

Қазіргі нарық заманында ақша тапшылығын сезінбейтін адам кемде-кем шығар. Ақшаның жетіспеушілігі ойымызға алған көптеген істерді жүзеге асыруға үнемі кедергісін келтіріп жатады. Өзін өзі дамыту ғылымының сарапшыларының пайымынша, ақша тапшылығынан құтылып, ойымызға алған шаруаны жүзеге сыруға қажетті қаржыны табу қиын емес көрінеді. Енді осы тәсілге кеңірек тоқталайық.

Ақша жансыз жәй қағаз емес

Иә, ақша деген қағаздан жасалған жансыз зат емес, ол Жаратқанның қуаты, яғни жаны да, санасы да бар деп санайды индустар. Кванттық физиканың дамуына байланысты жанды, жансыз заттар туралы бүгінгі ғылымның да пікірі өзгеруде. Жалпы, мына әлемдегі барлық жанды-жансыз заттардың бәрі – қуат екен. Оған адам да кіреді. Ал қуат санасыз емес.

Қытайлардың құдайдай сеніп қолданатын феншуи тәсілі – ойдан шығарылған қияли нәрсе еместігіне қазір көп адамдар сенеді. Осы тәсілді пайдалана жүріп, байлығына байлық қосып жатқандар бар. Яғни, мұндай тәсілдер жұмыс істейді деген сөз.

Егер сіз ақшаға құрмет танытпай, жәй қағаз түрінде қалай болса, солай қарайтын болсаңыз, ақша сізде көп тұрақтамайды. Сондықтан, ақшаны кәшөлегіңізге немесе қалтаңызға ұқыптап бүктеп салыңыз, умаждамаңыз, жерге лақтырмаңыз.

Ақшаны қалай тартуға болады

Өзін өзі дамыту ғылымының білгірлерінің пайымынша, егер сіз ақшаны нақты жарататын көздері мен себептерін көрсетіп, сонша ақша қажет деп санаңызға сіңірсеңіз, түйсік сонша ақша табуға жол ашып, тілегіңізді орындайды екен.

Біз іштей автокөлік алуға, пәтер сатып алуға, басқа да қажеттіліктерге қажетті ақшам болса ғой деп іштей армандаймыз да қоямыз. Әдетте, ондай арман тілегіміз орындалмай жатады. Ал арманыңыз орындалсын десеңіз, онда мынадай тәсілді жасап көріңіз.

Қолыңызға қаламсап пен блокнот алып, оған бір күнде, бір айда, бір жылда қажетті ақша көлемін және ол не үшін қажет екендігін нақты көрсетіп жазыңыз. Мысалы: автобусқа, коммуналдық қызметке, кредитті жабуға, киім алуға, азық-түлікке, т.б. қажетті деп тізім жасап, ақшаның нақты мөлшерін жазып қойыңыз. Содан кейін ойыңызға алып жүрген  мақсатыңыз үшін қажетті соманы да жазып қойыңыз. Мысалы; автоөклік алуға немесе шетелге демалысқа баруға, т.б.

Осылайша, тізім жасаған соң, әлгі өзіңіз армандап жүрген нәрселерді де қосып, оған қажетті нақты ақша сомасын жазыңыз. Содан кейін бәрін қосып есептеп, бір айға немесе бір жылға қанша ақша қажеттігін шығарыңыз. Осыдан кейін тізімді байыптап қарап, оқып шығыңыз. Ондағы цифрлар сіздің көңіліңізді көтеріп, жеңіл, қуанышты сезім әкелсе, онда сонша ақшаның келуін іштей құптап, соған ниетті болғаныңыз.

Өкінішке орай, кейбір адамдарда өзі күнделікті тұтынып, пайдаланып жүрген мөлшерден әлденеше есе көп көлемдегі ақша көңіліне күмән-күдік және басқа да жағымсыз ойлар әкеліп жатады. Сонша ақша келсе оны не істеймін, оны маған кім бермек, бәрі өтірік жалған нәрсе шығар деген ойлар сіздің соншама ақша келсе ойыңызға алған мақсаттарыңызды орындап, қуанышқа кенелетін  жағымды әсеріңізге көлеңкесін түсіреді. Бұндай жағымсыз ойлар келген жағдайда, ол сіздің ойыңызға алған мақсатыңыздың орындалуына кедергісін келтірмек. Бұндай жағдайда, өзін өзі дамыту ғылымының сарапшылары, әлгі тізімді қайталап оқып, өзіңізді сендіруге және жағымды әсерге бөленуге тырысу қажет дейді.

Осыдан кейін не болады дейсіз ғой? Сіз тізімді қарап, жағымды әсерге бөленіп, сонша ақшам болса жаман болмас еді деген ойларға берілдіңіз. Көп ұзамай шынында да белгісіз жақтан сізге қажет мөлшерде ақша келеді. Осы арада тағы бір кедергі кездеседі дейді сарапшылар. Ол кедергі – күнделікті қажеттіліктерге үнемі ақша жетпей қиналып жүрген адам сонша ақша келгенде өзінің қағазға жазып, соған жұмсаймын деген мақсатына емес, басқа шаруаларға ақшаны жұмсап жібереді екен. Яғни, ақша мақсатсыз жұмсалады.

Осындай жағдай бірер рет қайталанса, бұл тәсіл жұмыс істеуін доғармақ. Яғни, кеңістік немесе Жоғарғы сана сіздің тілегіңізді қабылдап, орындады, бірақ сіз ойыңызға алған мақсат үшін емес, ақшаны басқа мақсатқа жұмсадыңыз. Осыған орай, алдағы уақытта сіздің тілектеріңіз орындалмайтын болады. Ал тілегім үнемі орындалып, ақша тапшылығынан құтыламын десеңіз, онда ойыңызға алған, яғни қағазға осындай мақсат үшін ақшаны жұмсар едім деген мақсатқа ғана ақшаны жұмсап үйреніңіз.

Бұл тәсілдің жұмыс істейтініне сенесіз бе, сенбейсіз бе – ол өз еркіңіздегі шаруа. Дегенмен, сізден еш ақшаны, күш-қуатты, көп уақытты қажет етпейтін осы қарапайым тәсілді қолданып көруіңізге болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика