Ақша үшін ар-ұяттан айрылуға бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кеңес заманында адамдар «байлық – мұрат емес, кедейлік – ұят емес» деген қағидамен қоңырқай тірлік кешті. Қазір адамдардың тұрмысы да, мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы да түгел өзгерді. Байлық қазір ең басты мұратқа айналды. Ешкімнің де кедей болғысы келмейді. Ақша әлемнің ең құдыретті әміршісі болып отыр. Ақшаға тәнін, арын, тіпті жанын сататындар көп, өте көп…

Ақша үшін әке мен бала соттасуда.

Көкшетауда үлкен бизнесмен болды. Ол барлық бизнесін өз қолымен және адал еңбегімен жасады. Демеушілік жасап, ақша сұрап келгендерге де қолдан келгенше көмектесіп тұратын. Өкінішке орай, сол кәсіпкер әйелімен тіл табыса алмай, ажырасты. Бар дүниесін, кәсібін түгел баласына қалдырып, өзі басқа жаққа кетті.

Таяуда облыстық сот жариялауға жіберген сот шешімдерінің ішінен әлгі кәсіпкердің туған баалсымен соттасқан шешімді көзім шалды. Бар дүниесін баласына қалдырып кеткен ол енді бұрынғы компанияның басшылығы қызметіне қайтып келмек екен. Мені заңсыз шығарды деген мазмұнда сотқа шағым берген. Шындығында ол компанияның қожайыны және басшысы болатын. Енді оның иесі — баласы.

Осылайша әкелі-балалы екеуі дүниеге таласып соттасуға кірісіпті. Алғашқы сот сатысында әкесі жеңілген. Бірақ оның жоғары сот сатыларына арыздануға құқысы бар.

Адам ақшаға емес, ақша адамға қызмет етуі тиіс.

Баласымен соттасып жатқан кәсіпкерді алып қарайық. Ол бар күш-жігерін бизнеске арнады. Бар ақшасын да соған салды. Енді бизнестен қол үзген соң, тіпті күнкөрістік табысы қалмаған сияқты. Сотқа шағымданып, өзі қызметтен кеткен күндері үшін жалақысын талап етуі осыны аңғартады. Яғни, ол тек ақша табу үшін, ақшаға қызмет жасады. Бұндай жағдайда адам өле өлгенше ақшаның қызметшісі болып қалады.

Бүгінде миллиардтарды тауып, алпауытқа айналған Уоррен Баффет сияқты инвесторлардың пікірінше, сен ақшаға емес, ақша саған қызмет етуі керек. Ол үшін тапқан табысыңның бір бөлігін белсенді емес табыс түсіретін жобаларға салып отырған жөн. Мәселен, депозит немесе құнды қағаздар сатып алсаңыз, салған ақшаңыз өзіңізге көптеген пайыздық өсіммен қайтады.

Егер әлгі бизнесмен тапқан табысының бір бөлігін қарапайым депозитке салып отырғанда, қазір қомақты сома жиналар еді. Және ол баласымен соттасып, ұятқа қалғанша сол депозит салымының пайыздық өсіімен-ақ қысылмай тірлік кеше алар еді.

Байлық капиталда емес, нақты табыста.

Мен өткен жылы Көкшетаудағы ірі жолаушы тасымалдайтын фирманың қожайынының өтінішімен сол кәсіпорынның 15 жылдығына арнап кітап жаздым. Төленетін ақы жайында келіскен жоқпыз. Ол ақысын сұрамағасын, бай бизнесмен дұрыс төлейтін шығар деп ойлағанмын.

Дегенмен, жағдай мен күткендегідей болмай шықты. Кітапты жазып болған кезде ол бағасын сұрады. Дәл осындай кітап үшін бір әріптесімнің 800 мың теңге алғанын естіп, мен де сол шамада сұрағанмын. Ол «мұндай ақшаға кітап жазғызып керегі не» деп шап ете қалды. Содан саудаласып отырып, 350 мыңға келістім.

Бірақ бизнесмен әйел 350 мыңды да төлемеді. Ол маған телефон шалып, ақша жоқтығын, кітапты шығармайтынын айтып, қолақым ретінде 50 мың теңге беретінін мәлімдеді. Осылайша, қаладағы ең ірі жолаушы тасымалдайтын фирманың қожайыны 800 мың тұратын кітапқа небары 50 мың төледі және кітапты шығармады. Сөйтіп, еңбегім еш кетті.

Алғашында бай адам төлейтін ақының мөлшеріне қарамайтын болар, қомақты сома төлер деп үмыттенсем, ол үмітім жоққа шықты. Мен осы жағдайдан кейін, Киосакидің айтқан «байлық адамның қанша ақша табатынында емес, таза кірісінің көлеміне байланысты» деген сөзінің ақиқаттығын ұқтым.

Жоғарыда аталған баласымен қызметтік жалақысы үшін соттасқан бизнесмен мен автобус паркінің қожайынын бай деп айтуға бола ма? Жоқ. Олар бәлкім миллиондап табар, бірақ шығындары да сонша болады. Оларда тіпті, артық ақша жоқ. Сол фирманың бар жұмысын көрсетіп жазылған кітап үшін 350 мың теңге төлей алмаған бизнесмен әйенлдің әрекеті осыны анық дәлелдейді.

Егер сіз бақуатты болғыңыз келсе, мол ақша тауып, бизнесмен боламын деп армандамаңыз. Қарапайым қызметші болып жүріп те, жалақыңыздың бір бөлігін ұдайы инвестициялап отыру арқылы сіз әлгі бизнесмендердің түсіне де кірмеген мол байлыққа ие боласыз. Бұл – шындық.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика