78 көрілім

Ақшаны көбіміз жылтыр қағаздан жасалған суретпен, түрлі ою-өрнекпен әшекейленген қағаз деп санаймыз. Рас, ол қағаздың басқа қағаздардан ерекшелігі – оған түрлі заттар сатып алуға, әртүрлі қызметтердың ақысысын төлеуге болады. Дегенмен, көбіміз ақша туралы байыпты ойланып, ол не нәрсе және оның өмірдегі орны қандай деген сауалдарға ойша жауап іздеп бас ауыртпайтынымыз анық.

Ақша сіздің өміріңізді анықтайды

Сіздің қандай үйде, қалада тұруыңызды, қандай киім киіп, қандай адамдармен араласуыңызды, қандай жерде демалуыңызды, қандай білім алып, қандай қызмет атқаруыңызды – бәрін де негізінен ақша шешеді. Иә, осы тұрғыдан алғанда АҚШАНЫ нағыз адамның әміршісі деп атауға болатындай.

Ақшаның жетіспеушілігі адамды әлжуаз, қорқақ етеді. Өз басым бірнеше кредиті бар ақша тапшылығын ұдай тартып жүретін адамдардың көре көзге көрініп тұрған әділетсіздікке қарсы бір ауыз сөз айта алмай, бүгежектеп бұғып қалатын жайларын талай көрдім. Бұның дұрыс еместігін ол жақсы біледі, бірақ еркінен тыс солай жасауға ақша тапшылығы оны еріксіз мәжбүрлейді. «Жұмыстан шығып қалсам қалай күн көремін, кредитімді қалай жабамын, отбасымды немен асыраймын» деген сауалдарға жауап таппай қиналған ондай жандар амалсыз бәріне де төзеді.

Ақша неге жетпейді?

Адамдардың көбі ақша тапшылығын ұдайы сезініп, одан құтылудың жолдарын іздеп қатты қиналып жүреді. Бұның жайы түсінікті де. Өзін өзі жетілдіру ғылымының докторы Сайдмұрат Давлатовтың айтуынша, ақшаның жетпеуіне күн сайын өсіп бара жатқан баға мен, адамдарды еріксіз арбап алатын түрлі заттар кінәлі. Құрбысының қымбат телефонын көрген келіншек өзі де сондай телефон алуға құлшынады. Ол қажет пе, жоқ па қарамайды. Баға күн санап өседі, ал жалақы мөлшері сол шарықтаған бағаға сәйкес келмей жатады. Осыдан келіп ақшаға тапшылық туындайды.

Ақша тапшылығын тарпаймын десеңіз, Сайдмұрат Давлатовтың пайымынша, табысыңызды үнемді жұмсап, кірісіңіз бен шығысыңызды қатаң бақылап отырыңыз  және табысыңыздың кем дегенде 10 пайызын ай сайын депозитке салып, болмаса құнды қағаз алып инвестициялап отырыңыз. Сөйтіп, белсенді емес табыс көзін жасаңыз. Сонда ақырындап ақша тапшылығынан құтылуға болады.

Ақшаны қорлау – Алланы қорлау

Таяуда фейсбукте бір қазақтың жап жас жігіті туфлиін 10 мың теңгелік қағаз ақшамен сүртіп, оны жерге умаштап тастай салды. Ал қасындағы серігі әлгі умашталған ақшаны столдың астына қарай теуіп кетті. Бұл енді АҚШАНЫ ашық қорлау. Жоғарыда айтқанымыздай, АҚША Алланың қуаты, ол жәй жылтыр қағаз емес. Ақша адамның өміріне өте қатты әсерін тигізе алады. Яғни, қуат.

Ал сол Алланың қуатын қорлау – бұл Алланың Өзін қорлау деген сөз. Алланы қорлаған адамға екі дүниенің де ҚАРҒЫСЫ болады. Алланың қарғысынан ешкім, ешқашан қашып құтыла алмақ емес. Ендеше ақшаны қорлаған әлгі бейбақтардың Алланың қарғысына ұшырары АҚИҚАТ. Бұл қарғыс қандай жағдайда, қашан келеді? Ол – Алланың Өзіне ғана аян. Бірақ келері анық.

Егер сіздің басыңызда түйірдей ғана ми деген қоңыр түсті сұйықтық болса, сәл-пәл ақылыңыз болса – ЕШҚАШАНДА АҚШАНЫ ҚОРЛАМАҢЫЗ. Ақшаны қорласаңыз Алланың қаһарына міндетті түрде ұшырайсыз. Бұл қорқыту үшін айтыла салған сөз емес, бұл — АҚИҚАТ. Ақшаның киесіне ұшырап, нан сатып алуға ақша таба алмай ашыққан отбасын білемін. Ондай жайлар барлық жерде кездеседі. Сондықтан, ақшаны қорлаудан әрдайым аулақ болыңыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика