26 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Қазіргі нарық заманында адамдардың көбінің табынатын құдайы – ақша болып алғаны шындық. Ақшаға тәнін, арын сататындар аз емес. Бүгінде барша әлемнің, оның ішінде біздің елдің де жазылмас бас ауруы болып отырған жемқорлық атты дерттің астарында ақшаға деген құнығушылық тұрғаны даусыз шындық.  Капиталистік қоғамда ақша әлемнің бірден бір әміршісіне айналатынын өмір көрсетіп отыр.

Ақшасыз қоғам

Адамзат  тарихында феодалдық қоғам аталған орта ғасырларды қамтыған кезеңде ақша онша көп қолданыла қоймаған. Кішкене жері бар шағын феодалдар барлық қажетті затты өзі өндіретін болған. Дегенмен, киім-кешек, басқа да  шаруашылық заттарды ол өзгелерден сатып алуға мәжбүр болды. Айырбас құралы ретінде алғашында ақша емес, азық-түлік немесе басқа заттар пайдаланылды.

Кейінірек капиталистік қоғамның келуімен бірге айырбас құралы ақшаға айналды. Алғашқы кезде қағаздан жасалған ақша алтын бағамына байланатын еді. Дегенмен, уақыт өте келе капиталистік қоғамның жазылмас дерті саналатын – қаржылық дағдарыстар әлсін-әлсін қайталап отырғандықтан, ақшаны алтынға байлау жоғала бастады.

Ақша әлем елдерін мидай араластырып, сауда-саттық байланысын дамытты. Әр елдің өз валютасы боландықтан, айырбас жасайтын ортақ ақша, яғни халықаралық валюта қажет болды. Ертеректе бұл рөлді ағылшынның фунты атқарса, бірінші жаһан соғысынан кейін қарқынды дамып кеткен АҚШ доллары фунтты ығыстырып, әлемдік валютаға айналды.

1912 жылы АҚШ-та сол тұстың өзінде халықаралық валютаға айнала бастаған долларды шығаратын халықаралық валюта резерві атты  қаржылық ұйым дүниеге келді. Оның акционерлері сол тұстағы Рокфеллер, Морган  сияқты американдық алпауыт қаржыгерлер болды.  Енді олар ешқандай да алтынға байланбаған долларды станок арқылы шектеусіз басып шығаруға көшті. Осылайша АҚШ доллары барша әлемді жаулап алды.

Алпауыттардың көздегені не?

Осы саланы ұзақ жылдардан бері зерттеп жүрген ресейлік ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Валентин Катосоновтың айтуынша, халықаралық валюта қорының қожайындары үшін ақша деген аяқ астында жатқан қағаз ғана. Олар станокты қосып, қалағандарынша ақшаны миллиардтап, триллиондап басып шығара алады.

2008-2009 жылдардағы әлемді қамтыған үлкен қаржы дағдарысы кезінде ақша дағдарысына ұшыраған американдық және батыстық ірі банкілер халықаралық валюта қорынан 16 триллион доллар көлемінде кредит алады. Енді мынаған назар аударып қараңыз: 16 триллион доллар деген – бұл  әлемдегі ең бай ел АҚШ-тың бір жылдық жалпы ішкі өніміне тең екен. Ал АҚШ-тың әлем экономикасында алатын үлесі 20 пайыз шамасында. Сонда 16 триллион доллар дегеніңіз – бұл әлемдегі өндірілген жалпы өнімнің 20 пайызы болып шығады ғой.

Ақылға сыймайтын осыншама соманы халықаралық валюта қоры қайдан алды? Ешқайдан да. Олар станокты қосады да, ақшаны қалағанынша сартылдатып басып шығара береді. Бүгін 16 триллион, ал тертең 20, одан әрі 100 триллион да басып шығара алады. Сондықтан, ауадан ақша жасайтын олар үшін ақша дегеніңіз аяқ астында жатқан жәй қағаз ғана.

Катосоновтың пайымынша, халықаралық валюта резервінің қожайындары үшін қазіргі ең басты мақсат – барша әлемді билеу, яғни билікке қол жеткізу. Оларда ақша бар, енді соны пайдаланып барша әлемді билеуге ұмтылуда. Ол үшін ақшамен әлемнің барлық елдерінің билеушілерін, яғни саястакерлерді сатып алуда. Сатып алудың түрлі тәсілдері бар, тікелей ақша беру арқылы өз мүддесіне қызмет еткізу, болмаса түрлі қорлар арқылы сол елге қайрымдылық көмек ретінде ақша ұсынып, сол салада қызмет ететіндерді ақшаға сатып алу.

Саясаткерлермен бірге БАҚ өкілдерін және үкіметтік емес ұйымдарды да сатып алу жұмыстары қызу жүргізілуде дейді Катосонов. Қазір БҰҰ-дан бастап олимпиадалық ойындар федерациясы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардың бәрі алпауыттардың қуыршақтарына айналған.

Биылғы дүниежүзілік денсаулық ұйымы арқылы барша әлем елдеріне карантинді  күштеп енгізуге мәжбүрлеген короновирс дертіне қатысты жай да алпауыттардың негізгі мақсаттарына жету жолындағы бір тәсілі дейді Катосонов. Оның пайымынша, таяудағы 20-30 жылдың ішінде алпауыттар өз мақсаттарына жетеді және содан кейін ақша мүлдем қажетсіз болып қалады. Қазір ақша олар үшін мақсаттарына жету құралы болып саналады. Ал мақсаттарына жеткен соң, ақшаны жойып, барша адамзатты құлдыққа салады.

Цифрлық технологияға негізделген қоғамда ақшаның қажеті болмай қалады. Денесіне барлық ақпарат енгізілген чип тігілген адамға ақшаның қажеттігі жоқ. Адамдардың тұратын орны, ішіп-жемі түгел ортақ. Ақшамен есеп айырысу деген түгел жойылады. Осылайша цифрлық қоғамда ақша деген түсініктің өзі ақырындап жоғалып, адамзат санасынан мүлдем өшпек.  

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика