505 көрілім

сурет2Ақша билеген нарық қоғамында ақша табу үшін адамдар неше түрлі қулыққа, ақылға сыйымсыз әрекеттерге барып жатады.  Сырт қарағанда мұның өзі күлкілі ғана емес, есуастық та болып көрінері анық. Десе де, саналарын ақша билеген пенделер оның күлкілі, ақылға сиымсыздығын, оғаштығын естен шығарып, сол әрекет арқылы табыс табуға болатындай көретіні таңғалдырады. Сотқа адамдар әдетте әділдік іздеп, бұзылған құқығын қорғау үшін шағымданады. Ал, саналарын ақша билеген кейбіреулер сот арқылы ауадан ақша тапқысы келетін жайлары әлемнің әр елдерінде аракідік болып тұрады екен.

Мысықты пісіруге болмайды

Микротолқынды пеш шығаратын компанияны сотқа берген американдық кемпір өндірушіні  құрылғының нұсқаулығында онда мысықты пісіруге болмайтыны туралы жазбады деп айыптаған. Кемпірдің пайымынша, нұсқаулыққа «пеште мысықты пісіруге болмайды» деп жазып қоюы қажет екен. Ақылға сыйымсыз болып көрінген осы істі қараған сот қандай шешім шығарды дейсіз ғой? Судья кемпірдің өтінішін қанағаттандырып, пеш шығаратын компания нұсқаулықта мысықты пісіріп жеуге болмайды деп жазбағаны үшін ірі көлемде айыппұл төлеуге шешім шығарады.

Жалаңаш қыз неге елестемейді?

Тағы бір америкалық сыраны жақсы көретін Ричард Овертон деген азамат сыра шығаратын Anheuser-Busch компаниясын сотқа береді. Оның шағымында компания жарнаманы дұрыс жазбаған, сыраны көп мөлшерде ішкен кезде ыдыстың сыртындағыдай жартылай жалдаңаш қыз көзіңе елестейді дегені бекер екен деп жазылады. Жарнамада жұртты қызықтыру үшін компания сыраны шектен тыс ішкен адамның көзіне құтының сыртындағы жалңаш ару көрінеді деп жазған екен. Алғашқы сот сатысында жеңіліс тапқан Овертон екінші қайтара апеляциялық шағым жазып, компаниядан 10 мың доллар көлемінде айыппұл өндіріп алады.

Ұрланған үйдің иесі айыппұл төледі

Пансильвания штатында тұратын кәнігі ұры Терренс Диксон әдетінше бір үйге ұрлыққа түседі. Үйден бағалы заттарды алып  гараж арқылы шығып бара жатқанында гараждың есігінің құлпы бұзылғандықтан аша алмай, ішінде қамалып қалады. Ол үш тәулік гаражда қамалып жатады, аштан өлмес үшін мысыққа арналған жемді жеуге мәжбүр болады. Ол осы жағдай үшін өзі үйіне түскен гараж иесін сотқа беріп, ар-ождан шығыны ретінде 500 мың доллар өндіріп алады.

Өзін өзі соттады

1874 жылы канадалық судья Френсис Эванс өзін өзі соттады. Судья болып істейтін ол қоғамдық орында арақ ішіп жүргені үшін айыпқа тартылған еді. Қызығы сол, бұл істі қарау судьяның өзіне жүктеледі. Қоғамдық орында арақ ішкені үшін айыпты деп, 4 доллар көлемінде айыппұл төлеуге шешім шығарған судья, бірнеше күннен кейін бұрын  үлгілі болғаны үшін өзінің айыптау шешімінің күшін жояды.

Есінегені үшін сотталды

2004 жылы Шри Ланкада сот процесі жүріп жатқан кезде есінегені үшін ер адам жауапқа тартылды. Ол сот мәжілісі үстінде қатты есінеп, сонысымен судьяның көңілін бұзған көрінеді. Мына жағдай ашуына тиген судья әлгі есінеген бейбақты сотқа тартып, «судьяны сыйламағаны үшін» деген бап бойынша айыптайды. Осылайша, сотта есінеген азамат бір жылға бас бостандығынан айрылады.

Нұсқалықта неге жазылмаған?

Дүкеннен кофеварка сатып алған әйел өндіруші компанияны сотқа берді. Бірнеше бөліктен тұратын, әр бөлік жеке қорапқа салынған кофеварканы үйіне әкелген соң әйел ең астындағы қорапты алып қарамақ болады. Астындағы қорапты алған соң физикалық заң бойынша үстіңгі қораптар құлайды. Жәй құламай әйелдің басына құлап, оңдырмай ауыртады. Осыған ызаланған келіншек нұсқаулықта неге «астыңғы қорапты аланда үстіңгі қораптар құлайды» деп жазылмаған деп өндірушіні айыптайды. Сот шешімімен ол өндіруші компаниядан айыппұл өндіріп алады.

Жанын сатуға шығарған жігіт

2006 жылы Шанхайда тұратын бір жігіт аукцион арқылы өзінің жанын сатуға қояды. Ішкі ағзаларын сатқанды естіп, оқып жүрміз, бірақ әлгі қытайлық  жанын сатып, ақша табуды ойлапты. Дегенмен, интернет аукцион оның бұл жарнамасын қабылдамайды. Осыған ызаланған ол сотқа шағымданады. Сот та оның бұл тілегін қанағаттандырмайды. Соттың уәжі: сатуға шығару үшін адамның сол заттың иесі екендігін дәлелдейтін құжаты болуы тиіс. Сондықтан, жаныңның иесі екендігіңді дәлелдейтін анықтаманы Жаратқаннан әкелуің керек. Әрине, қытайлық азамат Жаратқаннан ондай анықтама ала алмағандықтан, аукционға жанын шығара алмайды.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика