1 181 көрілім

25Адамдардың бәрі дерлік өздерін ақыл-ой деңгейі жоғары, данышпандай сезінетіні ешкімге құпия емес. Мұның себебі ақыл-ой деңгейінің қаншалықты дәрежеде екендігін айқындау мүмкіндігінің жоқтығынан болар. Егер сіз осы мақаланы соңына дейін оқысаңыз, ақыл-ой деңгейіңіздің қандай дәрежеде екендігін анықтауға мүмкіндігіңіз болады. Сонымен…

Өзін ғана ойлап, өзгенің қайғысына селт етпейтіндер.

1-ші мысал: Жоғары білімі, жап-жақсы қызметі бар кісі қызын алып қашпақ болған бозбаланың үстінен арыз жазып, қылмыстық іс қозғатты. Шындығында, бұған қыз кінәлі екен. Ол өзі ұнататын жігітке мені алып кет деп хабарласады. Жігіт алыс жақтан келіп, оны алып кетеді. Бірақ мектепті жаңа ғана бітірген қыздарының білім, мамандық алуын ойлап алаңдаған ата-анасы бұған қарсы болып, қыздарын алып қайтады.

Жәй алып қайтпай, мені зорлап алып қашты дегізіп полицияға арыз жазғызады. Қызының тағдырын ойлап алаңдаған әлгі азаматтың жағдайын түсінуге болады. Бірақ, қызығы сол, ол көздерінің ағы мен қаарсындай көретін бозбаланың ата-анасының өз балаларының болашағы үшін алаңдап, қайғыдан қан жұтқан ахуалын мүлдем түсінбейтін болып шықты. Үстінен қылмыстық іс қозғалған жап-жақсы қызметі бар өсіп келе жатқан жас жігіттің болашағына балта шабылатыны анық еді.

Осыны ойлап қан жылаған ата-анасы қыздың әке-шешесіне барып кешірім сұрап, аяқтарына жығылғанмен олардың илігер түрі көрінбеді. Өз қызын жанындай жақсы көретін әлгі азаматтың «мен қалай қиналсам, мына жігіттің ата-анасы да солай қиналып жүр-ау» деп селт етпегені қайран қалдырды.

2-ші мысал: Моншада қазіргі жас қыздардың бұзылып бара жатқаны жайлы әңгіме болды. Жасы жетпістен асқан бір қария сонда «менің немерем аман болса болды, басқа қыздар есекпен шағылысса да маған бәрібір» деді. Басқа жұрт та балалары мен немерелерін мен сияқты жақсы көреді-ау, олар жамандыққа ұшыраса қиналады ғой» деген ой қаперіне кірмеген, қарақан басы мен отбасы амандығын ғана ойлайтын әлгі ақсақалдың қылығы қайран қалдырды.

Өзімшілдіктің астарында не бар?

Адам түгілі, хайандар, аң-құс та өзі мен ұрпағын ойлап, сол үшін бастарын қатерге тігуге дайын тұрады. Ең момын түлік қой болса, сол қойдың өзі қозысын қызғанып жақындай қалсаң айбат шегетінін талай көрдік. Мұның сыры неде?

Бһагавад Гитада барша әлемге әмірін жүргізетін үш материалдық қуат жайлы айтылады. Табиғат гуналары деп аталатын бұл үш түрлі қуат барша жанды-жансыз заттарды көктей өтіп, тіпті әрбір атомға дейін енеді және әсерін тигізіп отырады. Шын мәнінде өзінің мәңгілік жан екендігін ұмытып, уақытша тәнмін деп санау, бала-шағасы мен өз қамын ойлау – бұның бәрі табиғат гуналарын ықпалы дейді қасиетті кітап.

Тамас, раджас және саттва деп аталатын осы үш түрлі қуат адамның ақыл-ойына әсерін тигізіп, еріксіз өз дегенімен жүргізеді. Хайуандар мен аң-құсты ұрпағы үшін бар өмірін жұмсап, тірлік етуге итермелейтін бұл қуат адамға да үнемі ықпалын тигізіп отырады. Жоғарыда мысал ретінде айтып кеткен жоғары білімді азаматтың өз баласының ғана жайын ойлап, өзгенің қайғысына селт етпеуінің себебі де осында.

Ақыл-ой дәрежеңіз қандай?

Адам ең төменгі тамас гунаның ықпалында боғланда қарақан басын немесе ары кеткенде бала-шағасын ғана ойлайды. Мұндай жандар әдетте өзгелердің қайғы-қасыретіне селт етпейді. Жоғарылау гунаның ықпалындағы адам отбасын ғана емес, туыстарын, тіпті ауылдастарының жайын ойлап алаңдайды. Ондайларды ауыл ағасы дейді. Ал ұлт қамын жеп, ұлттың тағдырына алаңдайтын жандар да бар. Мысалы, қазақтың тілі мен салт-дәстүрі үшін шырылдап жүрген Мұхтар Шаханов сияқты ағаларымыз сондай деңгейде.

Одан да биік, мемлекет жайын ойлап алаңдайтындар да кездеседі. Мемлекетте бір ғана ұлт емес, көптеген ұлт өкілдері мен дінді ұстанушылар бар. Солардың бәрін өз бауырындай көріп, болашақтарын ойлап, қам жейтін кемеңгерлер де бар.

Одан да жоғары, барша адамзат баласының жайын ойлайтын ұлы Абай сияқты даналар да ұшырасады. Олар тіліне, нәсіліне, дініне қарамай барша адамзатты бауырым деп қадір тұтады. Ал адамзатты ғана емес, жан-жануарларды, табиғатты түгел Алла жаратқан деп санап, барша табиғатты сүйетін ұлы жандар да тарихта болған. Олардың дейгейі бәрінен жоғары.

Тест: 1) сіз қарақан басыңыздың жайын ғана ойлайсыз; 2) өзіңізді және отбасыңызда ғана ойлайсыз; 3) отбасыңызбен бірге туыстарыңызды, ауылдастарыңызды да ойлап, алаңдайсыз; 4) ұлт тағдырын ойлап, болашағы үшін қам жейсіз; 5) өзіңіз тұратын мемлекеттің ертеңі алаңдатады, осы елде тұратын барлық азаматты өзіңіздің бауырыңыздай көресіз; 6) барша адамзатты сүйіп, ешкімді алаламайсыз, адамзаттың болашағын ойлап, алаңдайсыз; 7) барлық табиғатты сүйіп, барша әлемді Жаратқанның меншігі деп санап, қадір тұтасыз.

Сіздің ақыл-ой деңгейіңіз осы 7 сатының қайссында? Өзіңізді алдамай, шындыққа тура қарап, осы тестінің сауалына жауап беріп көріңіз, сонда ақыл-ой деңгейіңіздің қандай екендігін дәл анықтап, білетін боласыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика