1 239 көрілім

адам мүмкіндігіБірі келіп, бірі кетіп жататын ойдың ағысын өзен суының ағысына ұқсатуға болады. Сіз өміріңізде өзіңіздің ақыл-ойыңызға назар аударып көрдіңіз бе? Мұндай әрекетті тек медитациямен айналысатын адам ғана жасайды.
Қарапайым пенделердің бәрі сыртқы ортаның әсерінен туындайтын ақыл-ой ағысымен ағып, үнемі соның жетегінде жүреді. Автобуста отырған немесе көшеде кетіп бара жатқан адамдардың қатты ойға берілгені сонша, айналасындағыларға назар аудармайтынын үнемі көріп жүреміз. Яғни, ондай жандар бұл сәтте тынымсыз ақыл-ой ағынының ықпалында болады.

Көңіл күйді бақылау.

Біздің көңіл күйімізге үнемі сыртқы ортадағы жайлардың әсер ететіні шындық. Әлдекімдермен ара қатынасымыз, басшылардың қас-қабағы, тіпті ауа райы жағдайы да көңіл күйімізге әсерін тигізіп жатады. Содан болар, адамдар көңілді көтеру үшін арақ-шарап ішу немесе жақын адамдармен дастархан басында әңгіме-дүкен құру сияқты шаралар қажет деп санайды.

Шындығында медитацияны меңгерген адам сыртқы ортаға еш тәуелсіз-ақ көңіл күйін қалаған жағына бұрып, өзгерте алады. Көңіл күйді өзгерту үшін дұрыс тыныс алуды үйрену қажет. Терең және бірқалыпты тыныс алу, тәннің бұлшық еттерін босату арқылы көңіл күйімізді бақылауға және басқаруға мүмкіндік аламыз.

Рэйки тәсілі бойынша көңіл күйді басқару деген «қазіргі сәтте, осы арада болу» деп саналады. Өткен шақ пен болашақтың арасын үнемі кезіп кететін ақыл-ойымызды қазіргі шаққа шоғырлау арқылы шынайы бақыт пен қуанышты сезіне аламыз.

Тынымсыз ой ағынын бақылау.

Бірқалыпты тыныс алу арқылы тынбай ағатын ой ағысын бақылауға және басқаруға болады. Бірқалыпты дұрыс тыныс алу үшін тәннің бұлшық еттерін босаңсыту қажет. Бұндай жағдайда тәннің босаңсыған аумақтарын басқаратын ми бөлігі демалады.
Мидың бөліктерінің ақпараттарды өңдеу және нейрон бөлу қызметінен босап, демалуы – сананың өзгерісті ахуалын туғызады. Сананың өзгерісті жағдайы тәнімізді меңдеген жазылмас дерттерден емделуге игі ықпал етеді.

Медитация арқылы қол жеткізілетін сананың өзгерісті жағдайы кезінде мидың оң және сол жақ жарты шарларының шекарасы жойылады. Содан келіп уақыт пен кеңістіктен тыс жағдай қалыптасады. Осы жағдайда барлық қарама-қайшы мәселелер оң шешімін табады. Яғни, сананың өзгерісті жағдайында өмірімізді қиындататын барлық өзекті мәселелердің шешімін табуға болады.

Сананың өзгерісті жағдайына қалай қол жеткізуге болады?

Ол үшін: Ішкі сезімдеріңізге назарыңызды аударыңыз. Тәніңіздегі барлық әрекеттерді сезінуге тырысыңыз. Бұл – сыртқы орта арқылы санаңызға әсер ететін жайлардан тыйылуға көмектеседі. Бірқалыпты еркін тыныс алыңыз және тыныс алуыңызды бақылап, демді денеңіздің бір бөліктеріне қарай бағыттаңыз. Тәніңіздің бұлшық еттерін босатуға күш салыңыз. Бұл мидың бөліктерін демалдырып, тыныштық жағдайға көшуге көмектеседі.

Сананың өзгерісті жағдайы сана мен түйсіктің арасындағы әрекет ету қызметін өзгертеді. Қалыпты жағдайда біз сананың ықпалында боламыз. Ал сананың өзгерісті жағдайында түйсік бірінші орынға шығып, жұмыс белнсенділігі артады. Мұндай жағдайда әдетте біз үшін шешілмес қиын мәселелер оп-оңай шешімін тауып жатады. Яғни, табысқа жетудің ең сенімді кілті де түйсікте десек, шындықтан алыс кетпейміз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика