4 474 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Бүгінде йога дегенді білмейтін адам жоқ шығар. Үнді елінен бастау алатын бұл ілімнің қай кезде, қалай шыққаны белгісіз. Қазір Қазақстанның көптеген аймақтарында йога орталықтары жұмыс жасайды.
Йоганың мағынасы – байланыс немесе жалғасу дегенге келеді. Яғни, йога жаттығулары бізді Жаратқанмен, ғылыми тілмен айтқанда табиғатпен байланысуымызға көмектеседі. Бұл байланыс бізге бүгінде жоғалтып алған интуиция арқылы әрекет жасауға мүмкіндік жасайды. Ал ішкі үн – интуиция арқылы әрекет ететін адам ешқашан қателікке бой алдырмайды.

Сегіз сатылы йога.

Йоганың түрлері көп. Хатха йога, раджа йога, мантра йога, агни йога болып жалғасатын йоганың ең биік шыңы – бһакти йога. Бһакти – бұл Жаратқанға деген сүйіспеншілік. Мұндай деңгейге жету миллионның бірінің ғана маңдайына жазылған бақыт.

Сегіз сатылы йога адамды ақыл-ой ықпалынан шығып, оны бақылауға және басқаруға мүмкіндік береді. Гияна йога деп аталатын бұл йогамен Индияда фәни жалғанның ықпалынан шығып, рухани бостандық алғысы келетін данышпандар айналысады.
Иама, ниама деп аталатын сатылардан басталып, дхиана, самадхи сатыларымен бекітілетін гиана йоганың соңғы үш сатысы ақыл-ойды тізгіндеп, оны басқаруға мүмкіндік жасайды. Осыған орай, біз сол соңғы үш сатыға тоқталмақпыз.

Дхарана.

Сіз ақыл-ойыңызды бақылауға тырысып көрдіңіз бе? Егер олай жасап көрмеген болсаңыз, көзіңізді жұмып, ештеңе ойламай, толассыз ағылған ақыл-ойды тізгідеуге тырысып байқаңыз. Сонда ақыл-ой күшінің қандай екендігін анық сезінетін боласыз.
Бһагавад Гита кітабында патшазада Арджуна ақыл-ойды басқару үзбей соғатын желді ауыздықтаудан да қиын екендігін айтады. Желді ауыздықтау мүмкін бе? Жоқ. Сол сияқты толассыз ағылған ақыл-ойды тізгіндеу де өте қиын, бірақ белгілі жаттығулардың арқасында оған қол жеткізуге болады.

Сондай жаттығу – дхарана. Сегіз сатылы йоганың алтыншы сатысы болып табылатын дахарананы игеру анау айтқанадй қиын емес. Молдасыңызды құрып, екі қолыңызды тізелеріңіздің үстіне қойып, көздеріңізді жартылай жұмып отырыңыз.
Назарыңызды тыныс алуға аударыңыз. Демалу арқылы ауаның ішіңізге еніп, қалай шығып жатқанын бақылаңыз. Демалыс іш арқылы алынады. Назарыңызды аударатын бөгде ойларды тоқтатуға тырысыңыз.

Әрине, бұл бірден мүмкін болмайды. Ақыл-ой бас білмеген асау атша әр жаққа ала қашып, тыныштық таппайды. Дхарана жаттығуының міндеті жан-жаққа ала қашатын ақыл-ойды назарыңызды шоғырлаған нысанға – іш арқылы тыныс алуға қайтарып отыру. Алғашында қиын болғанмен, келе –келе сіз асау атша арындаған ақыл-ойыңызды медитация нысанына жеңіл қайтаратын боласыз.

Дхиана.

Дхарана сатысын меңгергеннен кейін сіз аласұрған ақыл-ойыңызды медитация нысанына жеңіл қайтарып және сонда ұзағырақ ұстауға мүмкіндік аласыз. Ұзақ жаттығулардан кейін ақыл-ойыңыз тыныштанып, басқаруға көне бастайды.

Міне, сол тұста жетінші саты – дхианаға көтерілсіз. Дхиана деңгейінде ақыл-ойыңыз назарыңызды шоғырлаған нысанға түсіп, ешқайда кетпей тұрақтанады. Бұны батареямен жұмыс істейтін қол фонарын бір затқа бағыттап, жарықты ұстап тұрумен салыстыруға болады. Яғни, ақыл-ойыңыз медитация нысанына түсіп, ешқайда ауытқымай тұрақтанып тұрады.

Дхиана бірнеше сатылардан тұрады. Алғашқы сатыда ақыл-ой біршама тұрақсыз болады. Сәл себеп болса-ақ ол медитация нысанынан тез ауытқып кетеді. Ал келе-келе медитация күшейіп, ақыл-ой назар аударған нысанға берік байланады. Содан тереңдей келе, ең соңғы саты – формасыз дхианаға жетесіз.
Формасыз дхианада ақыл-ой тылсым тыныштық күйге түсіп, сіз дене мүшелеріңізді мүлдем сезінбейтін боласыз. Ештеңе естімейсіз, көрмейсіз. Бейне ауада қалқып тұрғандай ғажайып күйге түсесіз.

Самадхи.

Ең соңғы саты – самадхи. Дхиананы әбден меңгерген йог ішкі жан дүниесіне тереңдей еніп, ең соңғы меже – самадхи дәрежесіне жетпек. Дхиана барысында медитациядан шыққаннан кейін адамның ақыл-санасы қайта бұрынғы қалпына түседі. Ал самадхи деңгейіне жеткен кезде оның санасы күрт өзгереді.

Самадхи – біздің әлемнің арғы жағындағы ақиқат әлем деген мағынаны білдіреді. Біз ақыл-ойымызбен рухани әлемге жетеміз. Сол кезде мына фәнидің өткінші, жалған екендігін ұғынып, шынайы өмір бақи дүниеде екендігіне көз жеткіземіз. Бұған жету өте қиын және ұзақ жаттығуларды талап етеді.

Блогымызда сегіз сатылы йога, ақыл-ойды игеріп, басқару адамға не беретіндігі туралы алдағы уақытта жан-жақты айтатын боламыз. Блогымыздағы жаңалықтарды дер кезінде біліп отыру үшін «Блогқа жазылу» терезесі арқылы жазылыңыз.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика