1 130 көрілім

медитацияБүгінде емі жоқ дерттер қатары көбейіп барады. Мәселен, қант диабеті деген ауру ешқашан жазылмайды екен, оны тек дәрінің көмегімен аздап әлсіретуге, сөйтіп адамның өмір жасын ептеп  ұзартуға ғана болады. Сондай-ақ, обыр аталып жүрген рак, жүрек-қантамыр аурулары – бұлардың бәрі өмірде жиі кезедсетін және жыл сайын мыңдаған адамның өмірін жалмап жатқан жазылмас дерттер.

Ақылымен аурудан айыққан адам

Қазір әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Секрет» фильмінің бір кейіпкерінің бастан кешкен оқиғасына назар аударып көрелік. Қол-аяғы балғадай орта жастағы әлгі кісі жекеменшік  ұшағымен ұшып келе жатып, апатқа ұшырайды. Жерге құлаған ұшақтан аман қалғанымен, ауруханаға  аса ауыр халде жеткізіледі.

-Омыртқама зақым келгендіктен аяқ-қолым қозғалмай қалды. Көптеген сүйектерім сынып, мыйым шайқалған. Төсекке таңылған мен тек кірпігімді ғана қимылдатуға шамам келетін. Тіпті, өздігімнен демала алмайтындықтан, жасанды демалыс аппаратына қосып қойды, -деп есіне алады ол.

Дәрігерлер осындай ауыр халде ауруханаға түскен жігіттің өмір бойы төсекке таңылатын мүгедек болатынынан шүбәсіз сенген еді. Кірпігі ғана қимылдайтын әлгі адамның бір құдыретті қаруы болды – ол санасы еді. Иә, ол ойланып, толғана алатын. Міне, сол мүмкіндікті пайдаланған әлгі азамат күндіз-түні «мен ауруымнан толық айығып, жарты жылда өз аяғыммен ауруханадан шығатын боламын» дегенді ойлаумен болды.

Ол мұндай ойдан тек ұйықтаған кезінде ғана арылып, басқа уақытта бір ғана нәрсені – ауруынан жазылып, өз аяғымен ауруханадан шығатынын ойлаумен күндерін өткізді. Қызығы сол, арада бір жеті өткенде оны жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратты. Өйткені, енді ол аппарастыз өзі тыныс ала алатын болды.

Таңғаларлық жағдай онан әрі жалғаса берді. Көп ұзамай омыртқасына зақым келген ауру аяқ-қолын сезініп, тіпті ептеп қимылдата бастады. Осылайша, арада жарты жыл өткенде дәрігерлерді таң-тамаша қалдырып, ол ауруханадан өз аяғымен сыртқа шықты.

-Мен ауруымнан жазылған кезде дүниеге екінші рет келгендей сезіндім. Ақыл-ойдың алмайтын асуы, орындамайтын арман-тілегі болмайды екен. Осыған көзім жетті, -дейді дертті жеңген жігіт.

Ақылмен аурудан қалай айығуға болады?

Ақыл-ой адамдардың бәріне тән қасиет. Кванттық физика деп аталатын ғылым саласы дамумен қатар, ақыл-ойдың материалдық қуат екендігі анықталды. Иә, қуат болғанда нағыз құдыретті қуат, атом энергиясынан мыңдаған, тіпті миллиондаған есе күшті қуат болып шықты.

Дегенмен, бойымыздағы осындай құдыретті қуатты біз ұсақ-түйек нәрселерге, өсек-аяң айтып, болмас жайларды ойлауға, нәпсімізге қызмет етуге жұмсап рәсуа қылып жатамыз. Және бір олқылығы, адамдардың ақыл-ойы шашыраңқы, еш бақылаусыз бетімен жүрген жосықсыз қуат болып табылады.

Мәселен, күннің шашыраңқы сәулесін лупа арқылы шоғырлап, бір нүктеге бағыттасаңыз, ол  жанатын заттарды өртеп жіберетін қуатқа айналады. Сол сияқты біздің шашыраңқы ақыл-ойымызды шоғырлап, бір бағытқа бағдарласақ, ол да өте күшті қуатқа айналады екен.

Сіз өміріңізде ақыл-ойыңызды бақылап көрдіңіз бе? Ой жел айдаған қаңбақ сияқты бірде ана жаққа, бірде мына жаққа кетіп, тұрақтамай жүйткумен болады. Ал ойды тұрақтандырып,  бір нысанға қарай шоғырлау тәсілі – медитация деп аталады. Медитация  ислам, христиан, иудейзм, буддизм және индуизм сияқты дәстүрлі діндердің  бәрінде рухани практика ретінде қолданылады. Бұның астарында ақыл-ой қуатын пайдалану арқылы рухани дамуға қол жеткізу ниеті жатқаны анық.

Міне, сол әрнәрсені ойлап, жан-жаққа жөңкитін ақыл-ойымызды бір нысанға бағыттап, яғни аурудан арылу жайын ойласақ, онда ақыл-ой қуаты арқылы кез келген дертті жеңуге болады екен. Бұны дәлелдейтін жоғарыда айтқандай мысалдар бүгінде өте көп  кездеседі. Бізге қалғаны соған сеніп, ақыл-ойымызды аурудан арылуға пайдалану ғана.

Қазіргі таңда өздігінен тұрғанда еш пайдасы да, залалы да жоқ дәрі бар. Оның қалай деп аталатыны есімде жоқ. Міне, сол дәріні дәрігер ауруға «осы дәріне ішсең жазыласың» деп жазып береді екен. Бағасы онша қымбат тұрмайтын әлгі дәріні ішкен науқас шындығында көп ұзамай дертінен айығады. Бүгінде бұл «дәрі» медицинада жиі қолданылады. Яғни, медицинаның өзі адамдардың ақыл-ой құдыретін мойындап отырған түрі бар.

Ақыл-ойдың табиғаты, оны бақылап-басқарудың амал-тәсілдері жайында блогымызда алдағы уақытта кеңірек жазатын боламыз. Блогмыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика