Ақыл-ойыңыз қандай деңгейде?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдар сыртқы тұрпаты жағынан бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ. Барлық адамда екі қол, екі аяқ, бас, көз, құлақ сияқты мүшелермен бірге, көге көрінбейтін бауыр, бүйрек, жүрек, ми сияқты ішкі мүшелер бар. Бір сөзбен айтқанда, адамның адамнан еш айырмасы жоқ. Бірақ біз олай еместігін жақсы білеміз. Біреулер ақылды, талантты, екінші біреулер топас, қабылетсіз болып келеді. Осының себебі неде?

Бәрі ақыл-ой деңгейіне байланысты.

Бір маркада шығарылған машина, компьютер немесе ұялы телефон сияқты құралдардың бір-бірінен еш айырмасы болмайды. Ал сыртқы тұрпаты мен ішкі құрылымы жағынан бірдей жаратылған адам неге әртүрлі? Оның ең басты себебі – ақыл-ой деңгейіне байланысты екен.
Мәселен, адамды телевизормен салыстыруға болады. Бір маркалы үш телевизор үш түрлі көрсетеді. Үй ішілік антеннаға жалғанған телевизор бірнеше арнаны ғана көрсетсе, далаға шатырға қойылған антеннаға жалғанған теледидар оған қарғанда анық және көбірек арналарды көрсетеді, ал табақшаға жалғанған телеидардар ондаған арнадан хабар алады.
Сыртқы тұрпаты бірдей адам да сол сияқты ақыл-ойының деңгейіне сай саналы әрекеттер жасайды. Ақыл-ой деңгейі жоғарылау адам мен ақыл-ойы төмен адамның арасында айырма бар. Бһагавад Гитада адам санасына әсер ететін табиғаттың үш сыйпаты туралы айтылған. Тамас, раджас және саттва гуна деп аталатын бұл сыйпаттар адам санасына тікелей әсерін тигізіп, адамды әртүрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлейді екен.
Табиғат гуналарын теледидар қабылдайтын телетолқынмен салыстырсақ, антеннаны адамның ақыл-ой деңгейімен салыстыруға болады. Тама гунаның ықпалындағы пенде үйішілік антеннаға, ал раджа гунаның ықпалындағы адам шатырдағы антеннаға, саттва гунаның ықпалына түскен жан табақшаға жалғанған теледидар сияқты.

Сіздің ақыл-ой деңгейіңіз қандай?

Егер жан-жағыңызға ой жүгіртіп қарайтын болсаңыз, адамдардың ақыл-ой деңгейінің қандай дәрежеде екендігін анық білуге болады. Мәселен, қарақан бастарын ғана ойлайтын адамдар бар. Ондайлар әдетте бала-шаға, туған туыстарына еш қарамайды. Бұл – ең төменгі, тіпті хайуаннан да төменгі деңгейде. Одан кейін өзін, оған қоса отбасын ойлайтын, соның қамын жейтін пенделер болады. Бұл – алғашқымен салыстырғанда бір сатыға жоғары десек те, әлі де хайуанның деңгейінде қалған. Мәселен, хайуан немесе аң да ұрпағының қамын жейді.
Үшінші деңгейдегі адамдардың ерекшелігі – олар өздерін, отбасын ғана емес, туыстарын да ойлап, алаңдайды. Бұндайларды әулетағасы деп атайды. Төртінші деңгейдегі жандар, отбасы, туыстарын ғана емес, өзі тұратын ауылдың жай-жағдайын ойлап, үнемі алаңдап жүреді. Олар – ауыл ағалары.
Бесінші деңгейдегі адамдар – өз ұлтының қамын жеп, оның тілі мен дәстүрін насихаттайды. Яғни, ұлтжандылық қаиетті бойына дарытқан. Алтыншы деңгейлі адамдардың ерекшелігі – олар өзі тұратын мемлекеттің жайын ойлап, соның қамын жейді. Мемлекетте бір ғана ұлт емес, көптеген ұлттың және діннің өкілдері тұратыны белгілі. Соған орай, жалғыз ұлттың жайын ойлайтын адамға қарағанда оның деңгейі биіктеу.
Жетінші деңгейдегі жандар – ұлтына, нәсіліне, қандай мемлекетте өмір сүретініне қарамай, барша адамзатты бауырындай көреді. Ұлы Абай, Толстой сияқты мұндай даналар миллион аданмның ішінде біреу ғана болып туады.
Сегізінші деңгейлі адамдар – тек өзі сияқты екі аяқты адамдарды ғана емес, барша тіршілік иелерін Алланың жаратқаны, яғни бауырым деп қабылдайды.
Одан да жоғары, яғни тоғызыншы деңгейдегі жандар да бар. Олар өздерін тән емес, мәңгілік жан деп және Жаратқанның мәңгі қызметшісі деп түсінеді. Ондайлар айналасындағы жанды-жансыз заттардың бәрін Алланың жаратқаны, сондықтан қасиетті деп қабылдайды. Мұндайлар миллиардтан біреу ғана болып туады.

Тест: сіз шындыққа тура қарап, өзіңізді алдамай, жоғарыда айтылған 9 сатының қайсысына сай екеніңізді анықтаңыз. Ол үшін сол деңгейге өз ақыл-ойыңыз бен іс-әрекетіңіздің қаншалықты сәйкес келетініне назар аударыңыңыз. Сонда сіз өзіңіздің ақыл-ойыңыздың қандай деңгейде екендігін дәл анықтай алатын боласыз.
Мынаған назар аударыңыз: егер ақыл-ой деңгейіңіз төмен болса, оған көңіліңіз бұзылмасын. Ақыл-ой деңгейі ешқашан өзгермейтін қатып қалған нәрсе емес. Блогымызда алдағы уақытта ақыл-ой деңгейін қалай көтеруге болатыны жайында жан-жақты айтатын боламыз. Сондықтан блогтағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика