1 117 көрілім

Ведалық ілімнің шыңы саналатын Бһагавад Гитада ақыл адамның ең жақын досы, әрі ең қатерлі дұшпаны деп айтылады. Өз ақылын тізгіндеп, оны дегеніне бағындырған адамға ақыл ең жақын дос болса, керісінше ақылын тізгіндей алмаған пенде үшін ол ең қатерлі дұшпан болып қалады. Ақылды тізгіндеп, оны өзіңнің досыңа айналдыру үшін ең алдымен ақыл дегеннің не екендігін және оның табиғатын түсініп алуымыз шарт.

Ақылдың азабы

Адамды табиғи эволюцияның жемісі ретінде түсіндіретін материалистік ғылым ақыл туралы ештеңе айтпайды. Тағы да Бһагавад Гитаны парақтап қарасақ, ақыл дегеннің Жаратқанның қуаты, кәдімгі компьютерлік стандартты бағдарламаға ұқсайтынын бағамдаймыз. Ақылдың екі түрлі қызметі бар: мынау маған ұнайды, мынау ұнамайды дейді ол. Сондықтан ақыл жақсы мен жаманды айыра алмайды.

Мәселен, ақыл айтады «темекі тартып, арақ ішкен ұнайды, темекі тартсаң ақыл-ойың сергиді, ал арақ көңіліңді көтеріп, қайғыңды ұмыттырады». Осылайша ақылдың тілін алған пенде басқа түгілі, білікті дәрігер мамандардың сөзін де құлағына қыстырмай, темекісін тартып, арағын ішумен болады. Ал ақылын тізгіндеп, оны зердеге бағындырған адам темекі мен арақтың пайда-залалын ойша салыстырып, таразылайды да, залалының көпітігін білген соң одан бас тартады.

Біз ұдайы өзімізбен өзіміз сөйлесіп жүреміз. Ішіміздегі жақ жаппай ананы да, мынаны да айтатын кім? Ақыл. Кейде көшеде кетіп бара жатқан адамдардың өзімен өзі қолдарын сермеп қойып сөйлеп бара жатқанын көресің. Иә, ақыл бір сәт те тынным таппайды. Ми ақылдың уақытша тұрағы ғана. Мәселен, компьютердің миы – венчестер деп аталатын бөлшек.

Ақылды бағындырудың амалы — дін

Ақылды бағындырудың ең сенімді тәсілі – дін жолымен жүру. Шариғат жолымен жүретін мұсылман күнәкар істерден, тіпті ол өзіне қанша ұнап тұрса да бас тартады. Мәселен, ислам діні зинақорлықты, арақ ішуді үлкен күнә деп санайды. Дін жолымен жүретін тақуа пенде ешқашан арақ ішіп, зина жасамайды. Осылайша ол ақылын тізгіндеп, ырқына бағындырады.

Ақыл – өте күшті. Оны бағындыру қиынның қиыны. Ақылдың күштілігі – оның қулығында. Ақыл адамды түрлі сылтау-себептермен алдап, дегеніне бағындырады. Мәселен, сотталған қылмыскердердің арасында өз қатесін түсінетіндер және соған опынып, өкінетіндер аз. Керісінше олар сондай қадамға баруының себебін түсіндіру үшін неше түрлі амал-айлалар ойлайды. Ақыл айтады: «егер жұмысың болса, мол жалақы алсаң ұрлық жасар ма едің, мұндай қылмысты амалдың жоқтығынан жасадың, сенің орныңда басқа адам болса дәл осылай жасар еді».

Ресейлік теолог-ғалым Александр Хакимовтың бір лекциясын тыңдадым. Ол бала кезінде ауылдарына гипнозшы келгендігін, клубта өнер көрсетіп, сонда бір жолдасының гипноздалып қалғандығын әңгімелейді. «Әлгі жолдасымызға гипнозшы пияз беріп «мә алманы же» деді. Қызығы сол, ол пиязды қаршылдатып жей бастады. Содан сеанс аяқталып, орнына келіп отырған кезде таңғаларлығы, оның аузынан пияздың емес, алманың исі шығып тұрды». Гипноздың әсерімен пиязды алма деп жеген баланың ақылы пиязды шынымен алмаға айналдырып жіберген.

Кеңес заманында электрик болып істеген бір кісі бірде кәсіпорынның шақыруымен тоңазтқышы бар вагонда жұмыс істейді. Жұмыс қызығына берілген ол жұмыс күнінің аяқталғанын сезбей қалады. Күзетші вагонның есігін жауып кетеді. Тоңазтқышы бар вагонда қамалып қалған әлгі кісі тоңазтқыш қосылып тұрған жағдайда әрі кетсе алты сағат қана өмір сүре алатынын жақсы біледі екен. Ертеңіне таңертең күзетші вагон есігін ашқанда мұз болып қатып қалған электриктің өлі денесін көреді. Қызығы сол, вагондағы тоңазтқыш іске қосылмаған болып шығады. Мұндай жағдайда адамның мұз болып қатып қалуы мүмкін емес еді. Электрикті өлтірген оның ақылы болып шыққан.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика