1 404 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

гей1Адамзат қоғамы ауыр дертке шалдыққан. Қатерлі дерт жыл өткен сайын асқынып, ауру белең алып барады. Бірақ қорқыныштысы бұл емес. Ахуалы жыл санап нашарлап бара жатқанын адамзат қоғамы сезбейді және өзінің ауыр дертке шалдыққанын да мойындамайды. Жағдай осылай жалғаса берсе, қатерлі дерт адамзат қоғамын құрдымға құлатып, қасиетті Құранда айтылған Алланың қаһарына ұшырап, опат болған нәсілдердің кебін кизгізетіні анық.

Бәріне қоғам кінәлі

Қазір экономикалық дағдарыс барша әлем елдерін буып тұр. Төрт-бес жылда бір қайталанып тұратын «дағдарыс» атты ұстамалы дерт адамзатты титықтатып, онсыз да нашар ахуалын онан әрі нашарлатып, құтын қашырып кетеді. Ұстамалы аурудан мезі болған адамзат қоғамы бірақ содан құтылудың жолын таппай-ақ қойды.

Кеңес заманында бір ақын «Адамға табын, жер енді» деп үлкен поэма жазды. Қолдан теңіз, көл жасап, соған мәз болдық. Бірақ бұл «ойынымыздың» ақыры өзімізге таяқ болып тиді. Арал теңізі тартылып, Балхаш көлі суалып, экологиялық ахуал нашарлап кетті.

Қазіргі адамзат қоғамын өзі отырған ағаш бұтағын балтамен шапқан Қожанасырдың ахуалына ұқсатуға болады. Өзі отырған бұтақты шауып жатқан әпендіні көрген біреу «әй, өлесің ғой, ақымақ» дейді. Оны қаперіне алмаған Қожекең бұта кесілген кезде омырылып құлапты. Жерде жатқан ол «әлгі адам менің өлетінімді қайдан білген?» деп таң-тамаша қалыпты деседі.

Сол сияқты қазіргі адамзат қоғамының есуас әрекетіне қарап «әй, өлесің ғой» дейтін аузы дуалы адам табылмай тұр. Қазір ауылда да, қалада да таза ауыз су таппайсың. Метал, басқа да қоспалар көбейіп кеткен қатерлі суды ішіп жатырмыз. Содан атын да, затын да естімеген аурулар көбейюде.
Таза ауа жұту да қазір қиын болып кетті. Қаптаған машина. Көше көк түтін. Үйге кірсең де, далаға шықсаң да түтін жұтасың. Ішіп-жейтін тамағымыздың бәрі түрлі химиялық қоспалармен өңделген.

Тамақ емес, у ішіп жатқандаймыз. Содан ауру деген әбден белең алып кетті. Үлкен де, кіші де, бала да, шал да ауру. Ауруханадан көп нәрсе жоқ., бірақ сонда да жетпейді. Дәрі шығаратын кәсіпорындар қаптады, дәріханадан аяқ алып жүре алмайсың. Өйткені, ауру көп.

Жә, тәннің ауруын қойшы, жүйкеге салмақ түсіретін стресс, депрессия деген дерттерді айтсаңшы. Ол неден шығады? Оның бәрі жүйкеге салмақтың шектен тыс түсуінен пайда болады дейді дәрігерлер. Жүйкеге неге салмақ көп түседі? Өйткені, жұмыс жоқ, ақша жетпейді, қылмыс көп, әділетсіздік, парақорлық белең алған. Осылардың бәрі адамдардың жүйкесін жүндей түтеді. Ал енді осының бәріне кім кінәлі дейтін бослақ, онда «ҚОҒАМ» деп жауап беруге болады.

Есінен айрылған қоғам

Құранда құмырсқалар, аралар туралы аяттар бар. Қасиетті кітапта ара мен құмырсқа туралы жазғаны несі деп ойлауыңыз мүмкін. Оның өзіндік себебі бар. Біз барша тіршілік иелерінің ішіндегі ең ақлыдысымыз деп кеуде соғатын адамдар, құмырсқа мен араның шаңына ілесе алмай қалады екен.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Құмырсқалардың илеуін зерттеген ғалымдар олардың қатаң тәртіпке негізделген қоғамдық құрылыста тірлік кешетінін анықтады. Өздері сайлаған басшысы, тәртіп сақтаушылары, жұмысшылары, жұмыртқа табатын аналықтары, бала тәрбиелеумен айналысатын тәрбиешілері – не керек адамзат қоғамының түсіне де кірмейтін нәрслердің бәрі бар екен құмырсқаларда.
Әр құмырсқаның өз міндеті бар және әрбірі өз міндетін орындап, өз жолымен өмір сүреді. Қатаң тәртіп, қатаң жүйе қалыптасқан.

Ал өздерін данышпан санайтын адамзат баласының тірлігіне ой жүгіртіп қараңызшы. Рас мемлекеттік құрылымдар, мемлекеттің басшылары, түрлі мемлекеттік органдар бар. Бірақ, солардың ешқайсы қалыпты, дұрыс жұмыс жасамайды.

Басқаны былай қоғанда басшылардың өзі қолдарындағы билікті пайдаланып, қоғамдық игілікті ұрлайды. Жәй ұсақ-түйек ұрлық жасаса, ештеңе емес қой, миллиардтап обып жатыр. Олардан қарапайым қызметкерлер қалыспайды. Содан басқалар ұрлап жатқанда біз қарап қаламыз ба деп қарапайым жұрт та қолдан келгенше ұрлық-қарлық жасайды.

Осыдан келіп, қылмыс белең алған. Ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлық дейсің бе – қылмыстың не атасының бәрі бар. Және жыл өткен сайын қылмыс көлемі көбейіп, оның түрлері артып барады.
Құранда айтылған құмырқаларда әскер жоқ екен, яғни оларға әскер дегеннің қажеті жоқ. Ал барша тіршілік иелерінен ақылды адамзат бір-бірімен тіл табыса алмай, мыңдаған, миллиондаған адамның қанын төгіп, қырғын соғыс ашады. Бүгінде адамзат қоғамы өндіріп жатқан игіліктің 10 пайыздан астамы әскери шығындарға жұмсалады екен. Егер адам баласы құмырсқадан үлгі алып, соғыстан бас тартса, триллиондаған қаржы үнемлделер еді де, ол халықтың игілігіне жаратылар еді. Ол кезде баспанасыздық, аштық, кедейшілік деген кесапаттар болмас еді.

Әр адам құмырсқа сияқты өз ісін біліп, адал өмір сүріп үйренсе, қылмыс жасалмас еді, ол кезде полицей дегеннің қажеті болмас еді. Бұдан да адамзат триллиондаған қаржы үнемедуге мүмкіндік алады.

Ауруын жасырған — өледі

Көрдіңіз бе, біздің құмырсқадан үлгі алатын жайларымыз өте көп. Бірақ, ақыл-естен айрылған пенделер құмырсқа ғұрлы есі дұрыс тірлік жасауға шамалары жетпей отыр. Бұл – АҚИҚАТ.
Батыс елдері демократия дегенді желеу етіп, еркек пен еркектің үйленуін заңдастырып қойды. Қарап отырсаң, тіпті хайуандар да еркекімен еркегі шағылыспайды. Бұл енді жалпақ тілмен айтқанда нағыз АЗҒЫНДЫҚ.

Бірақ ақыл естен жұрдай болған бейшара пенделер мұның азғындық екенін түйсінбейді. Олар өздері отырған үйлерін – Жер планетасын қалай ластап, бүлдіріп, өмір сүруге мүмкін етпей отырса, өздері өмір сүріп жатқан қоғамды да солай азғындатып, аздырып, өмір сүруге мүмкін етпеуде. Бұл не сонда? Ақыл-есі дұрыс пенде осылай жасай ма? Бұндай есуастықты тек ақылынан алжасқан, яғни ЖЫНДЫ адам ғана жасайды. Ендеше, осылардың бәрінен мынадай түйін жасауға болады: адамзат қоғамы АЛЖАСҚАН. Жалпақ тілмен айтқанда «АҚЫЛЫНАН АУЫСҚАН. Оны ЖЫНДЫХАНАҒА жіберіп, емдету қажет.

Әйтпеген күнде, адамзатты қасиетті Құранда айтылған Алланың үкіміне қарсы келіп, азып-тозған, сөйтіп Жаратқанның қаһарына ұшырап, опат болған Лұт пайғамбардың, Нұх пайғамбардың, Шұғайып пайғамбардың нәсілдері сияқты апат күтіп тұр. Сондықтан дәл қазір Қожанасырға «әй, өлесің ғой, ақымақ» дегенді айтқандай, адамзатты ақылға шақыратын аузы дуалы КӨСЕМ керек болып отыр.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика