1 034 көрілім

тәубеҚасиетті Құранда «Алла мерзімін бүркемелеген қиямет қайым әлбетте келеді» деген аят бар. Яғни, қиямет қайым немесе ақыр заман міндетті түрде келетін құбылыс. Бірақ ақыр заман деген бүгінгі ислам дінін ұстанып жүргендер айтатындай бір-ақ  рет келе ме, әлде ол үнемі қайталанып отыратын құбылыс па?

Әрнәрсенің соңы болады

Фәни дүниеде барлық өлі, тірі заттың, не құбылыстың басталуы мен аяқталуы болады. Таң атып, күн батады, көктемнен кейін жаз, күз, ақырсында қыс келеді, ғасырлар, мыңжылдықтар тоқтаусыз өтеді, теңіз тартылып, өзендер сайға айналады, тау шөгіп, төбе болады, т.б.

Фәни дүниеде мәңгілік өзгермейтін ешнәрсе, өлмейтін пенде жоқ. Яғни, мұнда әрбір құбылыстың басталуы мен аяқталуы бар. Осыған орай, қисынға (логика) сүйеніп мынадай қортынды жасауға болады: тіршілік жаратылған, яғни бастауы болған екен, онда оның  соңы да болады. Бұл – ақиқат. Сондықтан, бар тіршілік жойылатын қиямет қайым немесе АҚЫР ЗАМАН міндетті түрде келеді.

Құранда қиямет қайым туралы көп айтылғанмен, одан кейінгі жай туралы ештеңе айтыла қоймайды. Қиямет қайымда адамдар тірлікте жасаған жақсы-жаман әрекеттері үшін сұралып, біреулері жұмаққа, енді басқалары тозаққа түседі. Осымен бәрі бітеді десек, онда дүниенің шексіздігі, соған орай Алланың шексіздігі көрінбей қалмақ. Шексіздік – бұл тоқтаусыз қайталанатын құбылыс. Ал тоқтауы, шегі болса, ол шексіздік болмайды.

Бһагавад Гитада фәни дүниедегі барлық тірі, өлі заттар түгел жойылатыны, бірақ Алланың мәңгі тұрағы саналатын рухани әлем өзгеріссіз мәңгі қалатыны айтылады. Барша тіршіліктің қайнар көзі – рух болса, ол мәңгілік. Адамның сыртқы тәні фәни болғанмен, ол – жан, яғни рух. Осыған орай, тәні өлгенмен, адамның жаны өмір сүре береді.

Сондықтан, тозаққа, не жұмаққа барып, жақсы-жаман істері үшін азап шегіп, болмаса рахат көріп болған соң, адам мына фәни дүниеге қайта оралады. Бірақ, оның жады түгел өшіріліп, өткен өмірін толайым ұмытады. Сөйтіп, осылайша туу мен өлімнің тұйық шеңберінде мәңгі айналыста болады. Ал өзінің мәңгілік жан екенін түсінген кезде, рухани формаға ие болып, рухани әлемге оралады да, мәңгі өмірге ие болады. Фәни жалғандағы барша тіршілік иелерінің ЕҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – өздерінің Алланың мәңгі құлы және тән емес, жан екендігін түсініп, соған сай әрекетке көшуінде. Осылай жасағанда ол рухани тән алып, Алланың патшалығына, яғни рухани әлемге оралады. Біздің ШЫН ҮЙІМІЗ сонда, яғни рухани әлемде.

Біз мұнда бірер күндік қонақпыз. Табиғатымызға сай емес әрекеттер жасайтындықтан, азап шегеміз. Егер сіз балықты судан алып шықсаңыз, ол тұншығып, азапқа түседі. Сол сияқты Алланың мәңгі құлы – адам Жаратқанды есінен шығарса, НӘПСІНІҢ ҚҰЛЫНА АЙНАЛАДЫ. Ал нәпсіге берілген пенде екі дүниеде де азап шегеді. Өкініштісі сол, адамдардың  99 пайызы БҰЛ АҚИҚАТТЫ ТҮСІНБЕЙДІ. Сондықтан олар табиғатына жат нәрсемен айналысып, фәни дүниеден БАҚЫТ іздеп әуреге түседі. Шын мәнінде фәни дүниеде БАҚЫТ ДЕГЕН МҮЛДЕМ ЖОҚ.  Жоқ нәрсені сіз қанша іздесеңіз де, ешқашан таба алмайтыныңыз белгілі.

Фәни және бақи әлем туралы, адамның табиғаты, өлімнен кейінгі ахуал жайында блогымызда алдағы уақытта толымды жазатын боламыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика