171 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Ақырзаман, яғни жер-көк, барша тіршіліктің жойылып жоғалуы туралы дәстүрлі діндердің бәрінде айтылады. Дегенмен, қиямет қайым деп аталатын бұл оқиғаның қай уақытта, қалай боларын Алла ғана біледі. Содан болар, адамдардың көбі бұны жәй ойдан шығарылған нәрсе деп немесе жақын арада бола қоймас, сондықтан оның болу-болмасы маған қатыссыз деп ойлап, өздерін қауіпсіз санап, ойларына келгенді жасап жүреді.

Әлбетте қиямет болады

Қасиетті Құранда осындай аят бар, яғни қиямет ерте ме, кеш пе міндетті түрде болады және қияметте барша адам сотқа тартылып, жасаған жақсы-жаман әрекеттері үшін толық жауап бермек. Бұны жалпыадамзаттық үлкен сот деп айтуға да болады.

Жоғары оқу орындарында оқыған адамдар жақсы біледі, сессия деген бар. Жыл бойы оқыған-тоқығаның санаулы күндердің ішінде  тексеріліп, бағаланады. Егер лекцияларға дұрыс қатысып, сабақтарды қалт жібермей оқып, дайындалып жүрсең, сессия кезінде қиналмай емтихандарды еркін тапсырасың, ал лекцияларға қатыспай, дайындалмай келсең, емтиханнан құлайсың.

Қиямет қайым да сол сессия сияқты. Мына өмір үлкен мектеп тәрізді. Өмір мектебі. Сол мектепте дұрыс оқып, өмірден сабақ алып,  шариғатта сауапты деп саналған жақсы істерді істеп, күнәға батыратын теріс әрекеттерден бас тартып жүрсек, қиямет қайым емтиханын қиналмай тапсырамыз. Ал керісінше болса, онда емтиханнан құлайсың.

Қияметтен кейін не болады?

Молда, имамдардан осы жайында сұрай қалсаң,  өздері де онша сене қоймайтын жаттанды жауап аласың. Қияметте иманды адамдардың дәптері оң жағынан беріліп, оңай сұралады және олар жұмаққа енеді, сонда мәңгі қалады. Ал имансыз өткен пенделердің сұрағы ауыр болып, күналары үшін тозаққа түседі және тозақта мәңгі қалады дейді. Бұл арада жәй айтыла салған МӘҢГІ деген сөздің астарын тыңдаушы адам да, оны айтушы имам-молда да онша сезіне қоймайтын сияқты.

МӘҢГІ деген түсінік бұл сізге еш мүмкіндік берілмей мәңгі бақи тозақ отында өртеу деген сөз. Мәселен, аса ауыр қылмысы үшін өмір бойына түрмеде отыру жазасына кесілген адам мен 20 жылға сотталған адамды салыстыруға бола ма? Жоқ. Өмір бойы бас бостандығынан айрылған жанда еш сенім және үміт болмайды. Түрмеден құтқарар жалғыз үміт – ол өлім. Ал 20 жылға сотталған адам  белгілі уақыт өткен соң бостандыққа шығарына сенеді және содан үмітті болады.

Тозақта мәңгі қалатын адамның өмір бойы бас бостандығынан айрылған пендеден айырмашылығы – онда  тозақ отынан құтылудың ешқандай мүмкіндігі жоқ. Түрмеге түскен адам өлген соң құтылатынын жақсы біледі, ал тозаққа түскен пендеде ондай үміт те жоқ. Яғни ол ҮМІТСІЗ.

Ислам, христиан  және иудей дінінің осы түсінігіне қарап, Алла нағыз ҚАТЫГЕЗ екен ғой деп ойлауға болады. Өйткені, Ол адамдарды  бар үмітінен, мүмкіндігінен айырып МӘҢГІ ТОЗАҚҚА салады. Бұны енді мейрімділік, қайрымдылық деп санауға бола ма? Ал ислам діні түсінігінде Құранда айтылған Алланың 99 есімінің бірі – ӘЛ РАХИМ, яғни РАХЫМДЫ деген сыйпат. Егер Алла рахымды болса, неге адамдарды МӘҢГІ ТОЗАҚҚА САЛАДЫ?

Бұл сауалға ешқандай имам-молда жауап бере алмайды. Бұның жауабы Құранда да, Інжілде де жоқ. Оның жауабын тек Бһагавад Гитадан ғана табасыз. Онда Жаратқан фәни жалғанды уақытша белгілі бір мерзім үшін жаратқандығын, сол мерзім біткенде ақырзаман, яғни қиямет қайым болатынын, барша тіршілік жойылатынын, содан кейін белгілі бір уақыт өткенде барша тіршілік қайта жаратылатынын, тән емес жан болып табылатын адам да тозақта, не жұмақта мәңгі қалмай, тіршіліктің жойылып, қайта жаратылуы барысында өлім мен өмірге ауысып, айналыста болатынын айтады.

Яғни, тірі пенде қиямет қайымнан кейін тозақта, не жұмақта мәңгі қалмайды екен, тіршілік бір-ақ рет жаратылмайды екен, ол күн мен түннің ауысуы сияқты бірде жаратылып, бірде жойылып, үнемі жалғасып отырады екен. Яғни, қиямет қайым деген БІР РЕТТІК құбылыс емес, ол МӘҢГІ айналыстағы МӘҢГІ ҚҰБЫЛЫС. Адам да солай мәңгі айналыста болады.  

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика