1 233 көрілім

тамұқҚазақ тіліндегі «Сұрақ-жауап» деген сайттан «Ақырзаман бола ма?» деген сауалды кездестірдім. Оған біраз адамдар жауап жазыпты. Біреулер болады, оның мерзімін Алла ғана біледі десе, «ақырзаман мүлдем болмайды» деп жазғандар да бар екен.

Ақырзаман деген не?

Қожанасырға бір күні көршілері келіп «Қожеке, ертең ақырзаман болады, сондықтан ертеңгі күнді ойламай, ақыры өледі екенбіз, жақсылап тойып алайық» депті. Ақкөңіл Қожанасыр көршілерінің айтқанына келісіп, үйіндегі барын қазанға салып, тамақ дайындауға кіріседі.

Мұны көріп көңілденген көршілері тамақ піскенше жуынып алмақ болып іргедегі көлге кетеді. Олар суға ұзақ шомылып, бір кезде жағалауға шықса, киімдері ұшты-күйлі жоқ. Тұттай жалаңаш қалған әлгілер олай-былай жүгірісіп, ақырсында Қожекеңнің үйіне келеді. «Киімдерімізді біреу ұрлап кетіпті, бұл не сұмдық» деседі көршілер күңіреніп.

Сонда Қожекең саспастан: «Киімдеріңді алған мен едім, ақыры ертең ақырзаман болса, киімнің қажеті қанша. Сондықтан отқа жағып жібердім» депті. Бұны халық арасында әпенді жайлы айтыла салған жәй аңыз деп санамау керек. Өйткені, ақырзаман туралы адамдардың түсінігі Қожанасырдың заманынан бері оншалықты көп өзгеріске ұшырай қоймағандай.

Ақырзаман болғанда жер бетіндегі барша адамдар, тіпті жан-жануарлар, барлық тіршілік түгел жойылмақ. Аты айтып тұрғандай ақырзаман деген барлық тіршіліктің жойылып, заманның аяқталуы. Ақырзаман туралы түсінік негізінен дін арқылы келген. Ислам, христиан, иудейзм және индуизм сияқты дәстүрлі діндердің бәрінде ақырзаман жайында айтылған.

Ақырзаман болмай қоймайтын құбылыс

Егер айналаңызға зер салып, ой жүгіртіп қарайтын болсаңыз, әрнәрсенің басы және аяғы болатынын бағамдауға болады. Таң атады, содан біраздасын күн батып, түн болады. Яғни, таңертең басталған күн кешкілік батып, аяқталады.

Жаз, күз, қыс және көктем болып жыл мезгілдері үнемі ауысып отырады. Дүниеге келген сәби ержетіп, бала, одан жігіт, ереске адамға айналып, ақырсында қартайып өледі. Бұдан не түйіндеуге болады? Мына фәниде басы бар нәрсенің міндетті түрде аяғы да болады.

Тіршілік бір кезде жаратылды, біраз уақыт өмір сүреді, содан кейін өшіп жоғалады. Бұл – ақиқат.
Қазір ғылымның өзі Жер планетасының бес миллиард жылдай бұрын пайда болғанын, біздің галактикамыздың жаратылғанына 25-30 млрд. жыл өткенін айтады. Бұдан Жер, Күн, Ай сияқты аспан денелерінің өзі белгілі бір уақытта жаратылғанын аңғарамыз. Ал жаратылған әрбір зат міндетті түрде біраз уақыт өткенсін жойылады. Мына фәниде мәңгілік ештеңе жоқ.

Осы тұрғыдан алғанда, «Ақырзаман бола ма?» деп сұрау «Бүгін кешке күн батып, түн келе ме?» деп сұраған сияқты ақылға қонымсыз болып табылады. Құранда «Әлбетте қиямет келеді. Онда күдік жоқ. Шәксіз, Алла қабырдағыларды тірілтеді» (Хаж сүресі, 7 аят) деп жазылған.

Ақырзаманнан кейін не болады?

Ведалық ілімнің қайнар көзі болып табылатын Шримад Бхагаватамда мың дәуірден тұратын Брахма күні мен түні буралы айтылған. 4 млрд жылдан астам уақытқа созылатын Брахма күні біткен кезде төменгі планеталар жойылып, жоғары жұмақ планеталары ғана қалады екен. Ал Брахма түні біткен кезде төменгі планеталар қайта жаратылып, тіршілік қайта жанданбақ.

Осылай үнемі қайталанып, жалғасады дейді Шримад Бхагаватам. Яғни ақырзаман болған соң барша тіршілік жойылып, сонымен бәрі бітпейді. Күнәсі көптер тазартылу үшін тамұқ планеталарына барып тауқымет тартса, күнәсі аз адамдар жұмаққа барып жан рахатына кенелмек. Ал Брахма түні біткен кезде олар адам тәнін алып, жерге қайта түседі.

Ақырзаманның мерзімі жалғыз Аллаға ғана аян. Қияметті ажалмен салыстыруға болады. Бүгін ешқашан өлмейтіндей сезініп, тіршілік үшін жанталасып жүрген пенде ажалының қашан, қалай келерінен қаперсіз. Сол сияқты адамдар да қияметтің қашан, қалай келерінен бейхабар.

Өздерін ешқашан өлмейтіндей, ажал ешқашан келмейтіндей көретін адамдар бар. Күнәға белшеден батып, ойларына келгенді жасайтын ондайлардың пайымынша «ажал деген мүлдем жоқ». Жоғарыда айтқанымыздай «ақырзаман болмайды» дейтіндер сияқты «мен ешқашан өлмеймін» деп түсінетіндер ажал келгенде одан қашып құтыла алмайды.

Таяуда жасы жерортадан асқан бір атеист қайтыс болды. Ол өле өлгенше арақ ішіп, зина жасады. Құдайға мүлдем сенбейтін. Оның ажал келеді деп ойламағаны анық. Бірақ өлім күтпеген жерден келді. Біз ақырзаманға сенеміз бе, жоқ па, қиямет сотына тартыларымызды мойындаймыз ба, мойындамамаймыз ба – бәрібір ақырзаман міндетті түрде келеді және барша тіршілік иелері міндетті түрде Жаратқанның сотына тартылады.

Тек зерделі адам бұл АҚИҚАТТЫ дұрыс түсініп, ажалдан кейінгі өмірге дайындалады, ал ақылсыз пенде ойына келгенді жасап, алтын уақытын босқа өткізеді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика