Ақиқат

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өлімҰстаз өзінің шәкірттерімен жағажайда әңгімелесіп отырды. Жағажайда шолақ дамбал киіп жүгірген жас жігіт пен қария ұстаз бен шәкірттері отырған тұста қарсы ұшырасты. Бейтаныс қарт пен жігіт бір-біріне көздерінің астымен немқұрайды қарап жүгіріп өте шықты. Сол сәт ұстаз шәкіртеріне қарап, «көрдіңбер ме, шал мен жігітті?» деп сұрады. Ұстазының не айтпақ болғанын түсіне алмаған шәкірттері оған аңтарыла қарасты.

Уақыт тоқтамайды

«Қарсы ұшырасқан олар бір-біріне қарағанда не көрді?» деп сұрады ұстаз шәкірттерін әңгімеге тартып. Ұстаздарының сауалының астарында бір мән бар екендігін ұққан шәкірттері өздерінше долбарлап әртүрлі себептер айтты. Бірақ ешқайсы да ұстаздың ойын дөп баса алмады. Шәкірттерінен жөндемі жауап ала алмаған ұстаз бір кезде: «бір-біріне қараған олар өздерін көрді» деді. Мына сөздің байыбына бармаған шәкірттер оған аңтарыла қарады. Шолақ дамбал киіп жүгірген жігіт енді 40-50 жылдан кейін өзінің кім болатынын, ал қария осыдан 40-50 жыл бұрынғы өзінің жас күніндегі бейнесін көрді, деді ұстаз.

Баршамыздың барар орнымыз — қабір

Адамдар, әсіресе өмір жолын енді бастаған жастар өздерін болашақта керемет үлкен жетістіктер мен бақыт күтіп тұрғандай сезінеді. Олар үшін өмір қызылды-жасылды қызығы мен қуанышы таусылмайтын мәңгілік жол сияқты. Бірақ олардың ешқайсы жоғарыдағы әңгімеде ұстаз айтқандай, өздерін кәріліктің күтіп тұрғанын мүлдем сезінбейді. Біз қандай жетістікке, табысқа жетпейік, қандай игіліктерді қолымызға түсірмейік, кәріліктен, содан кейін келетін өлімнен қашып құтыла алмаймыз.

Иә, «бізді болашақта не күтіпі тұр?» деген сауалға еш ойланбастан кәрілік пен ажал және қабір деп жауап беруге болады. Баршамыздың баратын тұрағымыз – суық ҚАБІР. Бұл – АҚИҚАТ.
Қорадағы қой өзін ерте ме кеш пе қасапшының қолына түсер қатерлі сәттің күтіп тұрғанын түйсінбейді. Сол сияқты адамдар да қасапшы-ажалдың күндердің бір күні келіп, жанын аларын сезінбейді. Біз қандай үлкен сәулетті сарайда тұрмайық, қандай биік мансапқа қол жеткізбейік, ойнап-күліп өмірдің қызығын қаншалық татпайық, бәрібір ажалдан құтыла алмаймыз. Біздің түптің түбінде барар ең соңғы орынымыз – ҚАБІР. Болашақта өздерін керемет күтіп тұрғандай алабұртатын пенделер осы ақиқатты біле ме?!

Адамдарды қабір теңестіреді

Қасапшы-ажал пышағын жалақтатып күнде біреудің жанын алуда. Күні кеше дүниені жалпағынан басқан, өзін осы әлемнің қожасындай сезінген пенде мәңгілік мекені – болашағы – ҚАБІРГЕ еніп жатады. Олар суық қабірде аласұрмай, әлденеге жетемін деп жанталаспай, ар ұялар істер жасап, нәпсісін қанағаттандырамын деген жаман ойға бой алдырмай, үнсіз жатады. Қабірдегі пенделерге тіл бітсе, мына фәнидің жалғандығын, өмірдің мәні – Аллаға құлшылық етіп, имандылық жолында жүру екендігін, бес күнгі тірлікте ит пен мысықша ырылдаспай, тату-тәтті өмір сүру қажеттігін… тағысын-тағыларды ұза…а..қ айтар еді. Бірақ олар айта алмайды. Олардың қолдарынан бар келері өткен өмірде жасаған қателіктеріне опынып, іштей мүжілу ғана….

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика