Ақпарат ғасырының адамдары

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

интернет бизнес21-ші ғасырды ақпарат ғасыры атап жүр. Өйткені қазір ақпаратты алудың мүмкіндігі мол және ақпарат деген ақшаға сатып алатын тауарға айналды. «Ақпаратты билеген әлемді билейді» деген сөз бүгінгі заманның басты ұстанымы болып отыр. Міне, осындай ақпарат заманында өмір сүріп отырған біздер заман талабына қаншалықты бейімделе алдық?

Интернет жүйесінде өз үлесіңіз бар ма?

Интернет қазір ақпарат таратудың ең негізгі көзіне айналды. Ғаламторға кіріп, ақпарат іздеушілер қатары күн санап өсіп барады. Осындай үлкен сұранысқа ие ақпарат таратушы алаңда сіздің өз телім-үлесіңіз бар ма?

Ғаламтордағы телім-үлес адамға не үшін қажет? Бүгінгі аға ұрпақ өкілдері жақсы біледі, сонау 90-шы жылдардың басында жекешелендіру басталған тұста адамдардың көбі оның қаншалықты игілік әкелетінін түсінбеді. Содан келіп, су тегінге сатылып жатқан игіліктерге назар аударып қарамады. Ал сол кезде тиын-тебен беріп жекешелендіріп алған игіліктерінің қазір біраз адам игілігін көріп отыр.
Мәселен, Көкшетауда осыдан бірнеше жыл бұрын ертеректе небары 16 мың теңгеге жекешелендіріп алған, бүгінде қаңырап тұрған екі қабатты балабақша ғимаратын әлгі азамат мемлекет меншігіне 270 млн. теңгеге сатты. 16 мың мен 270 млн-ның арасында қанша айырма бар екендігін көзі қарақты оқырман өзі есептеп алар.
Міне, қазір де 90-шы жылдардағыдай қазақ интернетінде ақпарат алаңын иелену жүріп жатыр. Осы тұста сол алаңнан өзінің үлес-телімін алып қалғандар ертең оны майшелпекке айналдырып, игілігін көреді. Ал үлестен сырт қалғандар бармақ тістеп өкініште қалады.

Киіктер жайлы аңыз

Бір топ киік шөбі жұтаң, суы тартылыңқырап қалған көлшікті мекен етіп, ұзақ жылдар өмір кешеді. Содан бір күні бірнеше киік «суы мол, шөбі шүйгін жайылым неге іздемейміз?» деп ақылдасады. Олар сол ниеттерін басқаларға айтқанда бәрі «бұл бос әурешілік, ондай жайылым жоқ» деп ат-тондарын ала қашады.
Содан бірнеше киік тәуекел деп алыс жолға шығады. Олар күн жүреді, түн жүреді. Әбден арып-ашып, ақырсында суы мөлдір көлге жетеді. Көл жағалауында белуардан келетін қалың шөп өскен. Ашығып келген киіктер рахатқа кенеліп, көрген азаптарын ұмытады.
Содан арада біраз айлар өтеді. Алғашқы киіктер келмегесін оншақты киік ақылдасып, «бұлар өте ақылды киіктер еді, бірдеңа тапқан шығар» деседі. Бұл ойларын басқалара айтқанда киіктер мұны бос әурешілік санап, келіспейді. Осыдан кейін оншақты киік алғашқы топтың соңынан жолға шығады.
Олар да арып-ашып әлгі көлге жетеді. Суы мөлдір көл суын ішіп, қалың шөпке бас қойған киіктер көп ұзамай көрген бейнеттерін естен шығарады. Арада тағы айлар өтеді. Жұтаң жайылымда арып-ашқан киіктер бір күні жолға шыққан киіктер кешікті, мүмкін бірдеңе тапқан шығар деп ақылдасады. Біреулер жақтап, екіншілері қарсы шығып, ұзақ айтысады.
Содан күндердің бір күні тәуекел етіп алыс сапарға аттанады. Киіктер арып-ашып алғашқы топ жеткен жерге келгенде мөлдір сулы көл суалып, қалың шөп тапталып қалған екен. Алғашқы кеткен киіктер жардай болып семіріпті.

Ақпарат алаңынан қазір үлес алмасаңыз кешігесіз

Киіктер туралы аңыздағы сияқты орыс тілді интернетте қазір үшінші буын өкілдері келіп жатыр. Яғни, рунетте ғаламторға жаңа келгендерге еш мүмкіндік жоқ. Алғаш келіп, орнығып алғандар жаңадан келгендерді жуытпайды.
Ал қазақ тілді интернетте, яғни казнетте әзірге мүмкіндік бар. 2000 жылдардың басында қазақ тілді интернетке алғашқы топ келді. Ол кезде қазақ тілді сайттар жоқтың қасы еді. Ал 2007-2008 жылдары екінші топ келе бастады. Қазір қазақ тілді сайттар саны күн санап өсіп келеді. Енді екі-үш жылда үшінші буын келеді. Ол кезде қазнетте ақпарат алаңы түгел алғашқы келгендердің иелігінде болады да, жаңа келгендерге еш мүмкіндік қалмайды. Яғни, оларға соңынан келген киіктер сияқты батпаққа айналған көл мен тапталған жайылым ғана бұйырады.
Сондықтан, дәл қазір ақпарат алаңынан өз үлес-теліміңізді алып қалуға талпыныңыз. Ол үшін сайт, жеке блогыңызды ашып, ақпарат тауарлар жасауды, сол арқылы ақша табуды үйреніңіз. «Ақиқат» блогынан сіз осы бағытта көптеген құнды ақпараттар таба аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика