Ақша емес білім ал

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Таяуда әлеуметтік желіде біреу қазір кім көрінген білгіш оқымысты болып, қалай ақша табу қажеттігін жұртқа үйрететін болды. Олар мықты болса өздері ақша тауып, басқа мұқтаж адамдарға ақша беріп көмектеспей ме, құрғақ ақыл айтқанша деп жазды. Оны біраз жұрт қолдап, ақыл айтқыштарды біраз жерге апарып тастады.

Ақыл айтқыштар қайдан шығады?

Интернетте ақша табудың амалын айтып, ақпарат ұсынатындардың көп екендігі рас. Дегенмен де, олар сондай ақпаратты қайдан алып жатыр? Бұның астарына үңілсек, ертеректе адамдар үшін жеті құлыптың астындағы құпия болып келген бай-бақуаттылыққа қол жетудің амал-тәсілдері туралы айтатын түрлі ақпараттардың пайда бола бастағанын көреміз.

Біраз жыл бұрын «Секрет» фильмі шыққанда аузын ашып, көзін жұма қарап, бұл тәсілді өмірде қолдануға асыққандар аз болмаған еді. Напалеон Хиллдің «Ақылменен ақша тап» кітабы қазір көп тілдерге аударылып, миллиондаған дана болып таралуда. Роберт Киосакидің «Бай және кедей әке» кітабы да әлемге кең таралып кетті.

Бұрын құпия болып келген ілімнің кенет халыққа қолжетімді болып, кең тарала бастауы жұртшылық арасында сол ілімді оқып-тоқып қана қоймай, өмірде нақты тәжірибеде қолданып байлыққа қолы жеткендердің көптеп шығуына игі ықпалын тигізді. Енді осы құпия ілімнің игілігін көргендер оны жұртшылыққа одан әрі таратуға асықты. Міне, ақыл айтқыштардың көбеюінің түпкі және бірден бір себебі дәл осы.

Киосакиді оқып миллионер болған орыс жігіті

Мен Киосакиді бас алмай астын сызып оқыдым, -дейді кедейден шығып миллионер болған Максим Темченко. –Содан оқып қана қоймай, алған білімімді нақты тәжірибеде қолдануға кірістім. Ол кезде сауда компаниясында қызмет ететінмін. Жалақым өте жақсы болды. Айына 300 мың рубль табамын. Сол жалақымнан жинап инвестициямен айналысуға кірістім.

Одан әрі Темченко өзі оқыған Киосакидің іліміне әбден елігіп, жұмысын тастап түгел инвестициямен айналысуға көшеді. Алғашында тәп-тәуір табыс тауып тұрыпты. Дегенмен, 2008-2009 жылдардағы кризис кезінде бұл ақша салған ағашпен айналысатын құрылыс компаниясы банкрот болып, жабылып, ол ақшасын жоғалтып қана қоймай, қарызға белшеден батады. Мойнына 2,5 миллион рубльдей қарыз жамалады. Жұмыс жоқ.

Осылайша қатты күйзелген жігіт қолы жеткен бір жұмысқа тұрады. Айлық жалақысы 15 мың рубль болыпты. Қызығы сол, осы жұмыста жүріп ол айына 5 мың рубльді үнемдеп, жинауға кіріседі. Өзін өзі қамшылап, ақшаны қатты үнемдеуді меңгерген ол бірер жылда тағы біраз ақша жинайды. Жинаған ақшасын алыпсатарлыққа салып, тағы біраз ақша табады. Осылайша, ақырындап көтерілген жігіт қарыздарынан құтылып, бақуаттылыққа қолы жетеді. Хабаровскіде тұратын ол қазір өзі құрған «миллионерлер клубының» президенті. Шалқыған бай. Міне, Киосакий ілімін меңгерудің жемісі. Ол енді өз тәжірибесін өзгелерге үйретіп жүр.

Ақша бергенше, қармақ бер

Аш, қайыр сұрап отырған адамға күн сайын тиын беріп, жарылқай алмайсың. Ол өле-өлгенше қайыр сұраумен, ашқұрсақ тірлік кешумен күн өткізеді. Ал сол адамның қолына қармақ беріп, балық ұстауды үйретсең, аштықтан  да, алақан жайып қайыр сұраудан да құтылады.

Сондықтан адамдарға ақша беру арқылы олардың қиын мәселесін шешіп тастау мүмкін емес. Ең үлкен көмек – ол адамдарға ақшаны қалай пайдаланып, орнымен жұмсауды және ақшаны сақтап, көбейтуді үйрету. Яғни, қаржылық сауаттылыққа үйрету.

Сіз мынадай жайды естідіңіз бе: БАЙЛАРША ОЙЛАУ, КЕДЕЙЛЕРШЕ ОЙЛАУ. Иә, адамдар екі түрлі ойлаумен өмір кешеді екен. Байларша ойлайтын адам мейлі ол кедей отбасында туып өссін, түптің түбінде мол байлыққа қолы жетеді. Ал кедейлерше ойлайтын адам мейлі ол бай отбасында тусын, өмір бойы кедейлік қамытын киіп өтеді.

Кедейден шығып бай болған  өзбекстандық өзін өзі жетілдіру ғылымының докторы Сайдмұрат Давлатовтың айтуынша, адамның бай-кедей болмағы ақыл-ойына тікелей байланысты. Кедейлік деген – бұл қатерлі ауру сияқты. Ол аурумен ауырған адамды емдеудің жалғыз жолы – ақыл-ойын өзгерту.

Кедейлерше ойлайтын адам: әрдайым ақша тапшылығын сезінеді, бір айлығы екіншісіне жетпейді, өз бақытсыздығы үшін үнемі басқаларды айыптауға бейім тұрады, кедейліктен қалай құтыламын, оның нақты амал-тәсілі бар ма деп ешқашан басын ауыртып, ойланбайды, уақытын өсек-аяң айтып, босқа өткізеді, ақшасын үнемді пайдалана алмайды, ысырапшыл болады, бүгін істейтін шаруаны үнемі кейінге қалдырып жүреді, кәсіби білімін жетілдіріп, дамытуды ойламайды.

Ал байларша ойлайтын адам бар жауапкершілікті өз мойнына алады, яғни, жақсы-жаман істері үшін өзі ғана жауапты екенін жақсы сезінеді, әрбір тиынын орнымен, үнемді жұмсайды, және ақшасын жинап, оны сақтауға, көбейтуге үнемі көңіл бөледі, кедейліктен құтылудың амалын ойлап, нақты жоспар жасайды, алдына мақсат қояды, үнемі оқып, кәсіби білімін жетілдіруге жете көңіл бөледі, уақытын босқа өткізбей, тек пайдалы істермен айналысады, бақуаттылыққа қолы жететініне сеніп, сол үшін нақты әрекеттер жасайды.

Кедейлерше ойлйтын адамның өле-өлгенше сіңірі шыққан кедей болып қалатыны, одан ешқашан құтыла алмайтыны сияқты, байларша ойлайтын адам да қазіргі күні кедейлікте өмір сүргеніне қарамастан, ақырсында міндетті түрде мол байлыққа қолы жететін болады.

Түйін: егер кедейлік құрдымынан құтыламын десеңіз, онда ең алдымен санаңызды өзгертіңіз. Кедейлерше ойлау сияқты дерттен арылып, байларша ойлау қасиетін бойыңызға дарытыңыз. Сонда тапшылық құрығынан құтылып, бақуаттылыққа қол жеткізетін боласыз. Кедейлерше ойлау, бйларша ойлау түсініктері туралы толыққанды ақпарат алғыңыз келсе, блогымыздағы жаңалықтарға назар аударып отырыңыз. Бұл тақырыптағы мақалаларды одан әрі жазатын боламыз және менің ютубтегі видеоблогымның оқырманы болыңыз. Онда да осы тақырыпта көп құнды ақпараттар табасыз.

Өмірді өзгерту өз қолыңызда:

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика