Ақшаны қайда салған тиімді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың көбі жасыратыны жоқ, жалғыз жалақымен күн көреді. Ал, көбірек табыс тапқысы келетіндер қосымша жұмыс істеп жатады, тіпті үш-төрт жерде бір мезгілде жұмыс істейтіндер бар. Дегенмен де, бұның бәрі адамды бақуаттылыққа жеткізе алмайды. Бақуаттылыққа жетудің ең сенімді және негізгі жолы – инвестиция, яғни ақшадан ақша жасау. Ақшаңызды қайда тиімді инвестициялаға болады? Осы мәселеге қысқаша тоқтала кетейік.

Жылжымайтын мүлікке ақша салу

Инвестицияның ең тиімді тәсілдерінің бірі – жылжымайтын мүлікке ақша салу. Ең тиімдісі, құрылысы енді басталған үйге ақша салған. Неге десеңіз, құрылыс компаниясы адамдарды көбірек тарту үшін үстеме ақысын барынша түсіріп беруге тырысады. Оның үстіне жаңадан салынған құрылыс нысанын алғанда бағаны көтеретін делдалдар жоқ.

Сондай-ақ, қайтармалы рыноктан қолжетімді бағаға пәтер сатып алып, оны жалға беру арқылы да жақсы ақша табуға болады. Жалпы, жылжымайтын мүлікке салған ақшаңыз ашқашан құнсызданбайды. Үй бағасы уақыт өткен сайын өспесе, түспейді. Сондықтан да, ақшаңызды инфляциядан сақтаудың ең тиімді тәсілі – жылжымайтын мүлік алу.

Бизнеске ақша салу

Инвестицияның тағы бір кең таралған түрі – бизнеске ақша салу. Бұл тәсілдің бірнеше түрі бар, енді соларға тоқталайық. Ең алдымен, ақшаңызды өзіңіз ашқан бизнеске салу. Бұл сізге жоғары деңгейде табыс түсіреді. Оның ең үлкен кемшілігі: қомақты алғашқы капитал, бизнесті жүргізудегі мол тәжірибе керек. Бизнеске ақша салудың екінші түрі: бизнес жобаларға қатысу. Сіз бизнестің иесі болмасаңыз да, қарызға ақша бере отырып, түскен табыстың бір бөлігін иеленесіз. Бұл тәсілдің кемшілігі: жақсы бизнес жобаларды таңдай білуде, егер табыс әкелмейтін жобаларға қаржыңызды салсаңыз, табыс таппақ түгілі, салған ақшаңыздан айрылып қалу қаупі бар.

Бизнеске инвестиция салудың тағы бір түрі – дайын бизнесті сатып алу. Ақшаңызды салып, сатып аласыз да, басыңызды ауыртпай бірден дайын бизнестен табыс таба бастайсыз. Оның бір кемшілігі: табыс түсіретін жобаларды таңдай білуіңіз қажет, әтпеген жағдайда ақшаңыздан айрыласыз. Бизнеске ақша салудың кең таралған тағы бір түрі: жұмыс істеп тұрған бизнеске әріптес ретінде кіру немесе акцияларын сатып алу арқылы салымшы болу. Бұлардың бәрі де егер дұрыс жобаны таңдай алсаңыз ғана жақсы табыс түсіретін тәсілдер.

Қаржылық қорларға ақша салу

Артық ақшасы бар адамдардың көбі бүгінде қаржылық қорларға ақша салып, құнды қағаздар сатып алады. Ең сенімдісі, мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу. Бұл анау айтқандай аса жоғары табыс түсірмесе де, өте сенімді. Құнды қағаз сатып алудың артықшылығы: осылай жасау арқылы сіз акционер болып, директорлар кеңесінің жұмысына қатысасыз және салған ақшаңыз көлеміне  қарай табыс тауып отырасыз. Кемшілігі: дивидент төлеу мөлшері компания басшылығы мен көп акция ұстаған акционерлердің ұстанған позициясына байланысты болады. 

Банк салымдары

Қазіргі күні ең көп таралған инвестиция – банк салымдары десе болады. Өкінішке орай, банк салымдарының өсім проценттері өте төмен болғандықтан, одан көп ақша таба алмайсыз. Рас, мемлекет кепілдендірген мөлшерде ақшаңызды сақтап қалуға кепілдік бар, дегенмен, өсім көрсеткіші төмен болғандықтан, ол инфляцияны әзер жабады. Яғни, банк салымдары арқылы бақуаттылыққа жетемін деу қиын іс.

Пайшылардың инвестициялық қоры

Ақшадан ақша жасаудың бір тәсілі ретінде инвесторлар ПИФ, яғни пайшылардың инвестициялық қорларын пайдаланып жатады. Бұл шындығында кең таралған және барша бұқараға қолжетімді инвестиция құралы. Бұның бір артықшылығы: оның қызметін мемлекет қатаң бақылауда ұстайды, сондықтан алаяқтыққа жол берілмейді және қор банкрот болған жағдайда салымшылар өз қаржыларын қайтарып алады. Яғни, тәуекел жоқ. Бұның бір кемшілігі: табысты сіз бірден таппайсыз, біраз жылдар күтуіңізге тура келеді және табысыңыздан салық ұсталады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика