Ақыл

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Біздің қарапайым түсінігімізше ақыл деген адамның бойындағы ең қымбат қасиет, яғни ақылдың көмегімен адам дүниені танып біліп, жақсы мен жаманды айырмақ және қиындықтан шығар жол тауып, жағдайын дұрыстамақ. Ақылдың қызметі мен оның сапасы туралы дүниауи ғылымдар онша көп мәлімет бермейді. Діни пәлсапаның қайнар көзі саналатын ведалық ілімде ақылға жан-жақты анықтама берілген.

Ақыл — стандартты бағдарлама.

Ведалық ілім ақылдың екі функциясы бар дейді: мынау маған ұнайды, мынау ұнамайды. Адам ғана емес, жалпы тіршілік иелері үшін ең негізгі қозғаушы күш – рахаттану болып табылады. Барша тіршілік иелері рахаттануға құлшынып, бар тірлігі мен күш-қуатын соған жұмсайды. Ақылдың құдыреттілігі сол, рахаттануға құлшынған тіршілік иелерінің санасын билеп, сезім нысандарын қолға түсіріп, рахатқа бөленудің неше түрлі жоспарларын жасайды.

Осы орайда, нәпсінің тұрағы ақыл ма деген ой келеді. Ақыл айтады: қандай көрікті, сымбатты қыз, құшағыңа алып, төсекте жатсаң, таусылмас рахаттың теңізінде жүзетін боласың. Ақыл адамға сезім нысанынан қаншалық рахат алатынын болжамдап, жәй болжамдап қоймай нақты жоспар құрып, соған жетуге құлшындырады. Қызығы сол, ақыл әрдайым сезім нысанынан алар рахат мөлшерін асыра көрсетіп, қызықтырады.

Соншама құлшыныспен, көп күш-қуат жұмсаудың арқасында әлгі сезім нысанына қол жеткен кезде адам оның өзі күткендегіден әлдеқайда аз рахат сыйлайтынын аңғарады. Бірақ ақыл оған «оқа емес, енді мына сезім нысанын қолға түсірсең, күткендегіден әлденеше есе артық рахат табасың» деп азғырады. Осылайша ақылдың жетегіне ерген пенде фәни жалғанның қызық-шыжығына алданып, нәпсінің құлақ кесті құлы болмақ.

Ақыл адамның досы, әрі дұшпаны.

Бһагавад гитада «ақыл адамның ең жақын досы, әрі ең қатерлі дұшпаны. Кімде кім ақылын бақылауда ұстаса, ол оның досына айналады, ал ақылын бақылауда ұстамаған адам үшін ол ең қауіпті жау» деп атап көрсетілген. Бір ғұлама «ақылды таңертең жүз рет таяқпен ұр, кешкісін жүз рет башмағыңмен ұр» дегенді айтады. Яғни, ақылды әрдайым бақылауда ұстап отырғанда ғана ол біздің ең жақын досымызға айналмақ.

Ақылын бақылауда ұстайтын адамның санасын зерде билейді. Зерденің (разум) ақылдан өзгешелігі сол, ол жақсы мен жаманды, пайдалы мен залалды нәрсені айырып, ұнасын-ұнамасын, адамды пайдалы әрекетпен айналысуға құлшындырады. Мәселен, темекі тарту сізге ұнайды (шындығында сізге емес, ақылыңызға). Сіз ақылдың деңгейінде өмір сүрсеңіз, осы әдетіңізді ақтап алатын жүз түрлі сылтау табасыз және ешқашанда темекіні тастауды ойламайсыз.

Ал зерде деңгейінде болсаңыз, жадыңызды іске қосып, темекінің пайдасы мен залалын таразылайсыз да, оның залалының көп екенін көрген соң өзіңізге ұнайтынына қарамастан, бұл жаман әдеттен бас тартасыз. Арақ ішіп, маскүнемдікке салынғандар, есірткіге еліккендер, жас балалармен жыныстық жақындыққа түсіп, ар ұялар іс жасайтын педофил дегендер, тағы да басқа арсыздықтардың бәрі ақылды бақылай алмаудың салдарынан туған келеңсіздіктер екені анық.

Ведалық ілім бойынша ақыл деген стандартты бағдарлама іспетті. Ол жақсы да, жаман да емес. Оның жақсы-жаман болуы біздің ақылымызды қаншалықты бақылауда ұстау-ұстамауымызға байланысты.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика