Ақылыңызды тыныштандыратын мантра

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Он алты сөзден тұратын маха мантраның құдыреті туралы әлемдік БАҚ аз айтып, жазып жүрген жоқ. АҚШ-тың белді бір ғылыми мекемесі арнайы зерттеу ұйымдастырып, бұл мантраның адам санасына тигізетін үлкен ықпалын ғылыми негізде дәлелдеген. Бүгінгі мақаламызда осы мантра туралы сөз етпекпіз.

Маха мантраның тарихы

Әлемдегі ең ежелгі және толымды ілім саналатын санскрит тілінде жазылған веда ілімінің негізі ресми деректер бойынша 5 мың жыл бұрын қаланған десе де, шындығында оның тамыры миллиондаған, тіпті миллиардтаған жылдарға кетеді. Ал біз тілге тиек еткелі отырған маха мантра сол веда ілімімен бірге жасасып келеді, яғни ол өз бастауын миллиардтаған жылдар бұрынғы кезеңнен алады деп айтуға негіз бар.

Маха мантраның тамыры тереңде болса да, халыққа кең таралуға негіз алған кезеңі – осыдан бес ғасыр бұрын, атап айтқанда заманының мистика саласының ұлы өкілі болған Шри Чаитаниадан бастау алады. Оның шынайы есімі Нимаи Пандит. Чаитаниа деген есімді 25 жасында дүниені тәркі етіп, құдай жолына түскен кезде алады. Оның ілімінің негізі мынада: қазіргі біз өмір сүріп жатқан төртінші дәуір, яғни Кали юга заманында дін атаулы бұрмаланып, адамдар күнаға қатты салынбақ. Міне, осындай дінсіздік жайлаған заманда күнадан тазарып, ақылды тыныштандырудың ең сенімді және жеңіл тәсілі: маха мантраны қайталау.

Маха мантраны қайталау арқылы кез келген адам ақылын тыныштандырып, байсалды, сабырлы болады және ақыл-ойын бақылап, басқаруды үйренеді. Бұндай адам әдетте қандай қиын жағдайда да сабырлылығын сақтайды және ешқашан нәпсіге бой алдырып, жаман іс жасамайды.

Маха мантра не береді?

Менің маха мантрамен таныстығым 1990-шы жылдардың басында болған еді. Сол тұста қазақ тілінде шығатын бір жорналдан маха мантра туралы мақала оқыдым және онда бұл мантраны қайталап жүрсеңіз, ақыл-ойыңыз тазарады деп айтылған екен. Осы әсер етті ме, біраз уақыт маха мантраны іштей қайталап жүрдім. Дегенмен, бұл уақытша болды және мантраның қуатын нақты сезіне де алмадым.

Маха мантрамен шынайы таныстығым 1994 жылдың күзінде басталды. Сол тұста мен көптен бері ойымда жүрген дүкендерден көріп, бірақ ақшаның реті болмағнадықтан сатып ала алмаған Бһагавад Гита кітабын алдым. Кітап менің өміріме, ұстанымыма үлкен өзгеріс әкелді. Мен маха мантра туралы да толық ақпараттар алдым. Міне, сол кезден бастап маха мантраны тұрақты қайталай бастадым.

Алғашқы кездерде біраз түсініксіз, тіпті ақылға сыйымсыздау оқиғалардың куәсі болғанымды айта кеткенім артық болмас. Маха мантраны мен кез келген уақытта, бос уақытымда ретсіз қайталайтынмын және ішімнен айтып жүрдім. Қайталау барысында ешқандай ереже-шарт дегенді сақтағаным жоқ, тіпті алғашқы жылдары достарыммен қосылып, арақ-шарап та ішіп жүрдім.

Дегенмен, көп ұзамай мантраның құдыретін анық сезіне бастадым. Қызығы сол, болашағымды болжайтын көріпкелдік түстер көретін болдым. Тіпті, кейде болашағымның бір сәттері нақты көрініс беріп, анық көретінмін. Оны түс деп айтуға да болмайтын. Нақтырақ айтқанда: уақыт пен кеңістіктің алмасуы десе болар.

Осындай бір оқиғаны айта кетсем артық болмас. Таң алдында ұйқымнан ояндым, бірақ бірден тұрып кетпей, жылы көрпеде бұйығып біраз жаттым. Сол кезде кенет түстен гөрі, өңіме келетін бір көріністі көрдім. Шағын бөлмеде жерде төсекте жатыр екенмін. Есік жартылай ашық, арғы жағынан балалардың сөйлескен дауысы естіледі. Таң атып, жарық түсіп қалған.

Мен ол кезде Атбасар қаласында аудандық газеттің редакторы болып қызмет ететінмін. Көп қабатты үйде тұрамын жер төсекке жату деген ойымда да жоқ. Содан бір күні ауылдан ағамнан хат келді. Апам қатты науқастанып қалған екен. Осыны стіген соң дереу ақысыз демалыс алып, жолға шықтым. Бұл – ақпан айы болатын. Мен алғаш рет сол жылы ораза ұстаған едім. Аузым берік. Шиелі стансасына түн ортасында жеттім. Содан стансадан 24 шақырымдағы ауылыма такси ұстап, сонымен бардым. Мен ауылға барғанда таң атуға жақын еді. Ауызашар уақыты. Менің ауыз бекіткенімді естіген апам мен жеңгем дереу тамақ дайындады. Соны ішкен соң төргі бөлмеге жерге төсек салып берді. Жолдан шаршап келген мен бірден қатып ұйықтап қалдым.  

Мен оянғанда таң атып, жарық түскен екен. Едендегі төсекте жатырмын, есік жартылай ашық, арғы жағынан ағамның балаларының ойнаған дауыстары естіледі. Осыдан бір айдай бұрын көрген түсім осылайша айна қатесіз дәл келді. Сол түсімде көрген көріністі енді өңімде көргенімде таң-тамаша қалдым. Мұндай оқиғалар өмірімде біраз болды. Бәрі де маха мантраны қайталаудың нәтижесі екені анық еді.

Маха мантра менің өміріме де үлкен өзгерістер әкелді. Кеңе мектебінде оқып, атеистік тәрбиені санаға сіңірген мен Құдайға, дінге онша сене қоймайтынмын. Маха мантраны қайталау дінге деген сенімімді күшейтті. Ораза ұстап, мешітке баратын болдым. Арақ-шарап ішуді де атқұла тастадым. Және бір қызығы, мінезім өзгеріп, біршама сабырлы, шыдамды бола түстім. Өмірде кездесетін түрлі қиындықтара онша мойымай, сабырлылық танытатын болдым.

Маха мантра туралы блогымызда алдағы уақытта толыққанды мақалалар сериясын жазатын боламыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Он алты сөзден тұратын маха мантраның мәтіні: Харе Кришна Харе Кришна Кришна Кришна Харе Харе Харе Рама Харе Рама Рама Рама Харе Харе.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика