Ақындарға азғындар ілеседі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

сурет41Мұндай сөзді мен ойымнан шығарып отырған жоқпын, бұл – қасиетті Құранның аяты. Иә, Құранда осындай аят бар. Ақындарға азғындар ілеседі деп қасиетті кітапта неге ақындарға сонша шүйліккен деген сауал көкейге оралады. Егер істің байыбына ақылмен назар аудара қарсақ, мұның мәнін ұғыну қиын емес.

Сезімге берілгіш пенделер

Индустардың қасиетті кітабы Бһагавад Гитада сезім тәннен, ал ақыл сезімнен, зерде ақылдан, жан бәрінен жоғары екендігі айтылады. Егер зер сала қарасақ, қарапайым пенделер ақыл деңгейінде өмір кешетінін бағамдаймыз. Ал ақын-жазушылар, әнші, әртістер, яғни өнер адамдары негізінен сезім деңгейінде болады. Ал сезім ақылдан да төмен.

Осыған орай, өнер адамдары өз әрекеттерін ақылмен емес, сезімге беріле соның ықпалымен жасап жатады.

«Жұлдыздардың» отбасын жиі ауыстырып, өздеріне онша жараса қоймайтын алабажақ киімдер киюге құмарлығы, эмоцияға беріліп, бір-бірімен немесе басқалармен жанжалдасып жататыны, жасына, жынысына лайықсыз әрекеттер жасап (сахнада секіріп билеу, қышқыру, т.б), темекі тарту, арақ ішу сияқты жаман әдеттерге үйір болатыны – бәрі сол сезімге берілгіштіктен болатыны анық.

Ақындардың бәрі алжасқан ба?

Немістің ұлы ақыны Гетенің «Шығыстың ығай мен сығай жеті ұлы ақыны бар, олардың ең нашары менен көш ілгері» деген сөзі бар. Батыстың ең ұлы ақындарының бірінің аузынан шыққан бұл сөз Шығыстың жеті жұлдызы атанған Руми, Низами, Науаий, Сағди сияқты ақындардың қаншалықты ұлылығын айғақтап тұрғандай.

Ал жоғарыда аталған Шығыс ақындары несімен ұлы болды? Олардың бәрін біріктіретін ортақ қасиет – сопылық ағымды ұстанып, өлең-жырларының арқауы етіп Аллаға құлшылық ету, Жаратқанға деген махабатты алулары болған еді. Ұлы Абай да, Шәкәрім қажы да бес уақыт намазын қаза жібермей, дін исламды ұстанды және өлең-жырларында, қара сөздерінде Алла, дін туралы көп айтты.

Ал бүгінгінің табиғат, ер мен әйелдің ғашықтығы, өмірдің түрлі жайлары туралы жазуға құмар ақын-жазушылардың көр-жер шығармалары адамға ой салып, түзу жолға түсірмейтіні өз алдына, дәл сондай шығармаларды жазған ақын-жазушылардың өздерін де өзгерте алмайтынын көріп, куәсі болып жүрміз.

Өнер жұлдыздарының қазіргі іс-әрекеттері мен өмірлеріне қарап «молданың істегенін емес, айтқанын істе» деген нақылды жадыңнан шығармаған абзал болатынын аңғаруға болатындай. Иә, бүгінгі өнер жұлдыздарының істегендерін емес, айтқандарын жасасаң, жақсы адам болуға мүмкіндік бар.

Жұлдыздар неге қайрымсыз?

Осыдан бірнеше жыл бұрын бір жас жұлдыздың туған күнінде достары (олар да жұлдыздар) Алматының маңындағы әдемі жерден екі қабатты котедж сатып алып, тарту жасапты. Әлгі достары оның алдында сол жұлдызға туған күніне қымбат автокөлі сыйлаған екен. «Тең теңімен, тезек қабымен» деген осы шығар.

Жә, ақшасы көп жұлдыздар бір-біріне осындай сыйлық жасап қуантып жатса оның несі айып? Әрине, ақшасы бар адам не жасаса да өз еркінде. Дегенмен, елің кедей болса, баспанасыз отбасылар пәтер жалдап қиындық көріп жатса, ақшасы қалтасына сыймайтын жұлдыздардың бір-біріне котедж (әлгі жұлдыздың баспанасы жоқ деуге болмас) тарту етіп жатуының қандай жөні болмақ?

Өткен жылы Шымкентте үйленген екі жас (жұлдыз емес, қарапайым пенделер) тойға жұмсайтын ақшаларына балалар үйінде тұрып жатқан көңілі қаяюлы жетімдерге дастархан жайып, қуаныш сыйлапты. Осыны естіген әлеуметтік желінің пайдаланушылары тегіс риза болып, әлгі жас жұбайларға ақ алғыстарын айтты және «жылдың ең үздік тойы» деп атады.

Ал атақ-даңқын шығаруға ынтық ақшасы көп жұлдыздар неге осындай қайрымдылық жасамайды? Өткен жылы Қайрат Нұртас аса қымбат автокөлік сатып алды деп БАҚ жарыса айтып, жазды. Неге біз «Қайрат Нұртас көп балалы баспанасыз отбасыға үй сатып алып берді» дегенді естімейміз?

Бауыржанның бұнысы несі?

Таяуда Ютубте «Тамашаның» тарланы, «Бауыржан-шоу» театырының қожайыны Бауыржан Ибрагимовтың бір қонақүйде өзінің қызындай дейтін жастағы қазақтың қаршадай қызын орысша-қазақша сықпырта боқтағанын көрсеткен видеролик салынды. Араққа тойып алған Бауыржан бауырымыз қызымен жасты қазақ қызын естір құлаққа ерсі жаман сөздермен балағаттағаны «жұлдыз» деген атына жараспайтын-ақ қылық.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ресейлік жұлдыз Филип Киркоров та (Бауыржаннан айырмасы ол мас емес еді) бір баспасөз мәслихаты кезінде сұрақ берген журналист қызды аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып, дымын қалдырмай сыбап боқтады. Мұндай боқтық өнер жұлдызының емес, сыраханада сыра ішіп тұрған мас «мұжықтың» аузынан шығуға лайықты еді, өкінішке орай, мұны жұлдыз айтты.

Өкінішке орай, өнер жұлдыздарының арасында осындай келеңсіз жайлар оқта-текте болып тұрады. Содан болар, жұрт бұны онша сөкет көрмей, қалыпты жай санай бастаған сыңайлы. Алпыстан асқан, әже атанған Алла Пугачеваның миниюбка киіп, тәнін көрсетіп қылмыңдағаны да, Леонтьевтің шашын жалбыратып, үстіне әйелдерше алабажақ әлденер жамылып шығатыны да, жұртты онша таңғалдыра қоймайды. Ақылмен еемс, сезіммен әрекет ететін пенделердің мұндай ерсі қылықтарының себебі де түсінікті.

Иә, сонымен «Ақындарға азғындар ілеседі» деген Құран аятының мәнін осы жайларға ақылмен зер сала қарсақ, түйсінуге болады. Жә, жұлдыздар ойларына келгенін жасай берсін, бірақ олардың соңынан ілесушілердің де сондай жаман қылықта үлесінің болатынын осы аят анық әйгілеп тұрған жоқ па? Зердесі бар пенде үшін ойланарлық-ақ жай.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика