433 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

«Мен барлық арманыма жеттім, енді маған ештеңенің қажеті жоқ» дейтін адам жоқ шығар мына дүниеде. Ақын Қадыр Мырза Әлінің «Бір жүз грамма жетпейді де тұрады» деп айтқанындай, адамға әйтеуір бірдеңе жетпейді де тұрады. Байлыққа қолы жеткен адам одан сайын байысам дейді, биік мансап иесі одан да жақсы қызметке жеткісі келеді, тіпті ақыл-есі енді кіріп келе жатқан сәбиге де бірдеңелер үнемі қажет. Яғни, адам өле өлгенше бірдеңелерді іздеп, соған жетсем бақытты болар едім деумен аласұрумен өмірін өткізеді.

Тойымсыздық – фәни дүниенің табиғаты

Егер ақылмен ой жүгіртіп қарасаңыз: мына дүниеде адамдардың, адам ғана емес жан-жануар, аң-құстардың бәрі тойымсыз нәпсіні тойдырамын деумен тірлік кешеді. Өз басым «мен өмірде барлық арманыма жеттім, енді маған ештеңе қажет емес» деген бір де бір адамды көрген де, ондай жан бар деп естіген де емеспін. Сексеннен асқан біреу биыл жазда жас қызға үйленді. 20, 30 жыл ел басқарған адамдар мансаптарын қия алмай өлгенше қызметке ұстай қатып, тістей жабысып жатады.

Миллиардер деген атақ бар, оның мәні миллиард доллардан астам ақшасы бар дегенді білдіреді. Енді ақылға салып қараңызшы, бір адамға миллиард доллардың қаншама қажеттігі бар? Ол ақшаға әлгі пенде не істейді? Ақылға сыйымсыз шаруа. Бірақ сол миллиардерлер ақшам көп, оны кедейлік тауқыметін тартқандарға берейін демейді. Олар сол ақшаларын да азсынып, одан да көп ақша тапқысы келеді.

Осылардан байқайтынымыз: мына фәни дүниенің қозғаушы бірден бір күші: тойымсыздық. «Тойдым, болдым» деген жерде тіршілік тоқырайды, яғни жойылады. Жан-жануарларды өмірге құлшындыратын нәрсе – қарын тойғызу. Таңертең өріске шыққан мал кешке дейін жерден шөпті жұлып жеп, қарындарына тоғытады. Малдың күнде жасайтын бар шаруасы сол – қарындарын тойдыру. Аң-құс та, адам да солай. Адам хайуаннан сәл-пәл өзгешелеу, олар тек қарындарын ғана тойғызып қоймай, мансап, атақ, байлық дегендерге қол жеткізсем деп те жанталасады.

Қасыреттің көзі – қанағатсыздық

Барлық қайғы-қасыреттің қайнар көзі – қанағатсыздықта жатыр. Қанағатты, нақтырақ айтқанда тойымды білмейтін пенде нәпсінің құлына айналып, өмір бойы тыным алмай аласұрумен өмірлерін өткізеді. Әлгі миллиард доллар ақшалары бар байлар сол ақшаларының қызығын көріп, қол қусырып отырмайды, олар өле өлгенше аласұрып жұмыс істеп, байлығына байлық қосуды ойлап бас қатырып жүреді.

Енді осы арада мына жайға ақыл-ойыңызбен байыптап қараңызшы: егер адамдардың бәрі  ҚАНАҒАТ деп аталатын сезімді бойларына сіңірсе не болар еді? Ол кезде жер беті қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған нағыз ЖҰМАҚҚА АЙНАЛАР ЕДІ. Миллиардер, миллионер деген байлар ақшаларын кедей-кепшікке үлестіріп беріп, ел қатарлы тұрмысты қанағат етсе, мансап иелері билікке ұстай қатып жабысып алмай, талантты жастарға орын берсе, өз әйелі тұрғанда басқа қыз-келіншектерге көзін сүзбей, отбасы бақытын ойласа – онда КЕДЕЙЛІК, ӘДІЛЕТСІЗДІК, ЗОМБЫЛЫҚ, ЖЕТІМДІК дегендер атымен жойылар еді.

Қазақта «кедей байға, бай құдайға жетсем дейді» деген сөз бар. Қазіргі нарық деп алдарқатып атап жүрген КАПИТАЛИСТІК ҚОҒАМ  ең алдымен адамдардың қанағатты білмейтін ТОЙЫМСЫЗДЫҒЫНА негізделген. Бұл қоғам тойымсыздардың, нәрсіқұмарлардың, мансапқорлар мен даңққұмарлардың қоғамы. Сондықтан бұл қоғамда ешқашан ӘДІЛДІК, ТЕҢДІК, БОСТАНДЫҚ, ШЫНДЫҚ болмайды. Сонда біз қандай қоғам құрамыз, болашақта қалай бақытқа жетеміз деп жүрміз?????

Бұдан не түюге болады? Адамға жетпейтін жалғыз нәрсе: ҚАНАҒАТШЫЛДЫҚ. Жаратқанның бергенін қанағат етіп, нәпсінің құлы болмай адал еңбек етіп, адал өмір сүру. Бұны НАҒЫЗ АДАМ ғана жасай алады. Ал нәпсінің құлы болып, қанағатты ұмытып, өмірін аласұрумен өткізетіндерді АДАМ деп айтуға болмайды. Олар да бар өмірін қарын тойғызумен өткізетін ХАЙУАНДАРДЫҢ деңгейінде. Бұл – АҚИҚАТ.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика