Адамға табынудың астарында не бар?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тәубеАдамның бойында туған кезден бастап табыну сезімі қалыптасады. Табыну деген құлшылық ету, сыйыну ғана емес, ол қатты құрмет тұту,  еліктеу, бүгінде жиі қолданылатын жалпақ тілмен айтқанда кумир тұту. Адамның табиғаты Алланың мәңгі құлы болғандықтан, ол әйтеуір біреуге табынып, оны кумир тұтуға бейім тұрады.

Жеке басқа табыну

Сталиннің кезінде жеке басқа табынушылық өзінің нағыз шарықтау шыңына жеткенін жақсы білеміз. Көзі тірі ет пен сүйектен тұратын Сталинді құдай санап, соған табыну, ол туралы нешетүрлі алыпқашты аңыз әңгімелер туғызу, портретін төрге іліп қойып, оны Тәңірісіндей көріп қошеметтеу – бәрі болған. Көзі тірі Сталиннің атындағы қалалар мен елді мекендер атауы беріліп, ескерткіштер орнатылды.

Кеңес заманында Алматының жоғары партия мектебінің бір жақ қабырғасын алып (төрт қабатты ғимарат) Брежневтің суреті тұратын. Енді бүгінде Н.Назарбаевтың портреттері елді мекендерде баннер түрінде ілініп, шенеуніктердің кабинетінің төрінен орын алды. Депутаттар қайта-қайта басқа әңгіме құрып қалғандай Астананы Нұрсұлтанқала деп атайық деген бастама көтерумен әлектеніп келеді. Ал түрлі «нұрмен» басталатын «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», т.б. бағдарламалар қаптап кетті. Бұның бәрінің астарында жеке басқа табыну жатқандығы бірден көзге ұрып көрініп тұрады.

Жеке басқа табыну тек саяси тұлғарды қошеметтеу түрінде ғана көрініс бермейді, әншілер мен спортшылар, өнер адамдарына табынатындар да аз емес. Таяуда Қытайда өнер көрсетіп даңқы шыққан жас әнші Димаш Құдайберген жайында әңгімелер әлеуметтік желілерде қаптап кетті. Өнер жұлдызы Баян Есентаеваның отырған-тұрғанына дейін әңгіме ететіндер көп. Бұның бәрі де жеке басқа табынушылықтан туған жайлар.

Аллаға табынбаған пенде адамға табынады

Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед пайғамбар өзінің хадистерінде әрдайым жалғыз Аллаға ғана сыйыну қажеттігін айтқан. Ол ешқашанда өзіне табынуды насихаттамаған және өзін шектен тыс құрметтеуге, мәртебесін көтеруге қарсы болып отырған. Өле өлгенше жамау шапан киіп, қарапайым тірлік кешкен.

Өкініштісі сол, бүгінде мұсылманбыз деп жүргендердің арасында Пайғамбарға табынушылар, тіпті оны Алламен қатар қоюға тырысатындар көп. Олар тіпті, Алла барша әлемді Пайғамбардың нұрынан жаратыпты-мыс дегенді айтып, Мұхамедті Алланың досы дәрежесіне дейін көтеріп, қолдан екінші құдай жасап алғандарын сезбейтіндей. Шындығында Пайғамбар ешқашан өзін Алланың досымын деп Онымен теңестірмеген, әрдайым Алланың құлы екендігін айтумен өткен.

Шын мәнінде, барлық пайғамбарлар мен әулиелер, барша пенделер Алланың ҚҰЛДАРЫ. Бұл – АҚИҚАТ. Қожайын біреу-ақ, Ол – АЛЛА. Басқа тіршілік иелерінің бәрі АЛЛАНЫҢ ҚҰЛДАРЫ. Ал, пенделердің қайсысының дәрежесі артық, не кем екендігін жалғыз Алла ғана біледі.

Өкініштісі сол, осы АҚИҚАТТЫ ұғынбайтын пенделер Алланың орнына пайғамбарға, әулиеге немесе өлген адамдардың әруақтарына, болмаса өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған адам деп аталатын екі аяқты пендеге табынады. Жоғарыда тілге тиек еткен жеке басқа табынушылық дегеннің шығу себебі де осында.

Аллаға табыну адамға не береді?

Барша әлемнің Жаратушысы, Әміршісі жалғыз Алла. Біз сондықтан Оған жүз пайыз тәуелдіміз. Сондықтан, адамға емес, жалғыз Аллаға ғана табыну лайықты болмақ. Бұл жалпақ тілмен айтқанда әрбір пенденің мәңгі міндеті һәм борышы. Яғни, адам баласы әу баста Аллаға құлшылық ету үшін ғана жаратылған. Оның ең бірінші, мыңыншы, миллионныншы ЖАЛҒЫЗ МІНДЕТІ ОСЫ.

Осы АҚИҚАТТЫ түсінген пенде ешқашан пайғамбарға да, әулиелер мен періштеге, әруақтарға, адамдарға да табынбайды. Бұндай пенденің жүрегінде Аллаға деген шексіз сенім мен құрмет сезімі берік орнығады. Ол айналасындағы барша тіршіліктен жалғыз Алланы көреді. Сондықтан мұндай пенде ешқашан ешбір тіршілік иесіне жамандық жасамайды, жаман сөз айтпайды, жаман әрекетке бармайды, Алланың бергенін қанғат тұтып, адал, әділ, қарапайым өмір кешеді.

Ондай адамның бойында мынадай қасиеттер табиғи түрде берік орнығады және айналасындағыларға әрдайым анық көрініп тұрады: қайрымдылық, кішіпейілдік, мейрімділік, жомарттық, кешірімшілдік, аяушылық, қарапайымдылық, тақуалық, қанағатшылдық, нәпсісін тыйушылық, үлкенді құрметтеушілік, биязылық, сабырлылық, төзімділік, ұяттылық, аз сөйлеушілік, имандылық, т.б.

Аллаға емес, адамға табынатындардың бойында мұндай қасиеттер болмайды және болуы мүмкін де емес. Өйткені, осындай ізгі қасиеттердің бәрі Аллаға құлшылықпен, сеніммен, құрметтеушілікпен ғана келеді. Ал Аллаға табыну мен адамға табынудың арасында аспан мен жердей айырма бар. Осы АҚИҚАТТЫ ұғынған пенде ешқашан теріс жолға түспейді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика