Адам-актер

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың 99 пайызы «мен кіммін, не үшін өмір сүремін, өмірімнің мәні неде?» деген сияқты пәлсапалық маңызы бар сауалды ешқашан өзіне қойып, жауабын табуға бас ауыртпайды. Содан болар, олардың өмірлері сахнадағы актерлардың әрекеті сияқтанып өтеді. Ондай актерлар туралы адамдар олар ойнаған рөлдерге қарап, өмірдегі шынайы бейнелірінің қандай екендігін білместен, сахнадағы бейнесі ретінде қабылдап жатады.

Сахнадағы өмір

Менің жасым биыл алпысқа толды. Осы жасымда біраз рөлдерді сомдап тастаған екенмін. Ең алдымен, мектепте ОҚУШЫ деген бейнені жасадым. Он жыл бойы осы рөлде ойнауға тура келді. Содан кейін екі жылдай әскер қатарына барып, СОЛДАТ деген рөлде ойнадым.

Келген соң бірнеше жыл оқуға түсе алмай АБИТУРИЕНТ болдым. Ақырсында оқуға түсіп, СТУДЕНТ атандым. Оның арасында түрлі жұмыстарды істеп, құрылысшы да, слесар-сантехник, токарь да болдым. Содан университет бітірген соң бір жылдай мектепте МҰҒАЛІМ болып еңбек етіп, ұстаздық рөлді де ойнап тастадым. 1988 жылы аудандық газетке қызметке алынып, содан бері ЖУРНАЛИСТ деген бейнені сомдап келемін.

Қазір өткеніме ой жүгіртіп қарасам, әр қызметті істеп, әр салада еңбек еткен кездерім сахнадағы түрлі рөлдерді ойнайтын актерлер сияқты сол рөлге еніп, өзімді сондаймын деп сезінуге талпынумен өткен екен. Мектепте өзгелерден тәуірірек оқушы болуға талпынсам, әскерде жанын қинамайтын жылы-жұмсақ жерде отыратын сарбаз болуды аңсаппын.

Студент кезімде тезірек оқу бітіріп, үлкен қызмет тұтқасын ұстап, өзгелерге шекесінен қарайтын лауазым иесі болсам деген арманның жетегінде жүріппін. Журналист болған соң да, редактор болып, тәуір қызмет тізгінін ұстасам, атағымды шығарсам деген арман-мақсатқа бой ұрыппын. Жалпы, мен ғана емес, айналама қарасам, жұрттың көбі осындай арман-мақсат жетегінде жүріп, сол сәттегі өз рөлдерін естерінен шығарыңқырап алып жатады екен де, содан сахналаған бейнелерін дұрыс сомдай алмайтын сияқты.

Актердің тасасында қалған бейне

Істейтін қызметіне, қоғамда алатын орнына қарай өздерін әртүрлі бейнеде сезініп, сондай рөлді сомдауға тырысумен тірлік кешетін пенделер үнемі өзгеріп отыратын рөлдерінің тасасында қалған өзгермейтін шынайы бейнелерін  естен мүлдем шығарып алатын сыңайлы.

Мәселен, ТМД елдерінің тұрғындарына жақсы танымал комедиялық киноларда ойнайтын Вицин деген актердің шынайы бейнесі оның сомдаған рөлдеріне мүлдем қарама-қайшы болғандығын екінің бірі білей қоймайды. Кинода алаңғасар, ақымақтау Вицин өмірде аса діндар, тақуа және өте байыпты адам болыпты. Ал, сайқымазақ Шурикті сомдаған актер театрда өле-өлгенше трагедиялық бейнелерді сомдауды армандаумен өткен екен.

Мен бір кісіні білемін, өркөкіректеу, өзімшілдігі бар адам, бірақ қызметі тым кішкентай болғандықтан, өзін кішкентай адам санап, басшылардың алдында басын шұлғып, өтірік кішіпейілсініп, өтірік ақымақтанып, өзге рөлді ойнап жүреді. Өзінен дәрежесі төмендеу адамдарға кісімсініп, көкірек керіп қоятын кездері де болады. Сондайда шынайы бетбейнесі ашылыңқырап қалады. Бірақ, көбіне қызметі үлкен адамдардың жанында жүретіндіктен, өзіне тән емес рөлді ойнауға мәжбүр.

Енді мынаған назар аударып қараңызшы: сіз өзіңізге ұнамды рөлді ойнап жүрсіз бе, әлде еріксіз басқа жағымсыз бейнені сомдап жатырсыз ба? Өзіңіздің шынайы бетбейнеңіз қандай деген сауалға жауап іздеп көрдіңіз бе? Егер осы сауалдың жауабын таба алсаңыз, онда өзіңіздің өмірдегі орныңыздың қандай екендігін білетін боласыз және өзіңіздің ӨМІР деп аталатын ҮЛКЕН САХНАДАҒЫ АКТЕР екендігіңізді толықтай түсінесіз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика