69 көрілім

Пайғамбардан кейін патшалық құрған төрт халифтің бірі – Хазірет Әлидің «Адамдар ұйқыда, олар өлгенде оянады» деген сөзі бар. Пайғамбарға жақын жүрген дін ілімін терең меңгерген Хазірет Әлидің бұл сөзінің астарында терең мән жатқаны анық. Қазіргі ғылым да ақырындап адам деп аталатын екі аяқты тіршілік иелерінің ет пен сүйектен жаратылған тән ғана емес, одан да күрделірек тіршілік нысаны екендігін анықтауда.

Өмір деген түс

Өзге жандардан бөлектеу, бойларында әртүрлі қасиет-таланттары бар пенделер әржерде кездеседі. Солардың бірі – ресейлік Лариса Гуляева деген қыз. Ол туған кезінен бастап өзге адамдар көре алмайтын айналамыздағы түрлі құбылыстарды көріп, сезіп өсіпті. Бұл қасиеті оны өзгелерден аулақтатып қана қоймай, өмірін қиындатып, қарапайым пенделер сияқты ойсыз тірлік кешуіне кедергісін келтіреді.

Енді ресейлік Лариса Гуляеваның өз аузымен айтып, ютубте жариялаған видеосабақтарына назар аударып көрелік. Оның айтуынша, өзіміз өмір сүріп жатқан жер айналасын нәзік әйнек іспетті мөлдір түсті қоршаумен қоршаған арал. Айналаның бәрі су. Сол судың арасындағы қоршау-аралда тірлік кешеміз. Мұндай қоршаулар біздің жоғары жағымызда да, төменде де көп. Барлығы 14 сатыдан тұратын осындай әйнек тәрізді шеңбермен қоршалған аралдар орталықтағы стержень іспетті спиральді жағалай орналасқан.

Біз көрмейтін жайларды күнде көріп, куәсі болып жүрген Гуляеваның айтуынша, адамдар әйнек іспетті капсулдың ішінде қалың ұйқыда. Оларға қызмет көрсетіп жүретін ақ халат киген медициналық қызметкер міндетін атқарушы рептилойд тәрізді бойлары 3-4 метрлік құбыжық бейнелі тіршілік иелері. Олар ұйқыда жатқан адамдар жалғастырылған трубкаларды басқа капсулдерге жалғап, осы арқылы адамдардың бір-бірімен кездесіп, бірге өмір сүруіне жағдай жасайды екен. Бір сөзбен айтқанда, капсулдың ішінде ұйқыда жатқан пенделер ұзын-сонар түс көруде. Ол түс – біздің тілімізбен өмір деп аталады.

Адамдар өлгенде сыртқы қабық тәрізді дөрекі тәндерін тастап, ішіндегі нәзік тәнге енеді. Осы дүниеде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне сай нәзік тәндері түрлі қабаттарда тіршілігін одан әрі жалғастырады. Тозақ та, жұмақ та осы материалдық жүйенің ішінде дейді Гуляева. Тозақта өмір сүру ауыр, дегенмен, жұмақта да азап пен тауқымет аз емес. Әрине, ол тозақ планеталары  немесе орта деңгейде орналасқан жермен салыстыранда біршама жеңілдеу. Бірақ бәрібір пенделер азап пен тауқыметтен және туу мен өлімнен тұратын тұйық шеңберден құтыла алмайды.

Ұйқыдан қалай оянуға болады

Капсулдың ішінде қалың ұйқыда жатқан пенде үшін өмір шынайы сияқты сезілгенмен, ол ұйқыдағы адамның көрген түсі іспетті. Бұл туралы ұйқысынан оянған бірлі-жарым адамдар айтып, жазған. Лариса Гуляеваның айтуынша, ұйқыдан ояну үшін адам саналы әрекет жасап, өз сезімдері мен түйсігін бақылап, басқаруы тиіс.

Ресейлік қыз күн сайын ақыл-ойын басқару жаттығуларын жасап, үнемі өзін-өзі жетілдірумен айналысады. Өкінішке орай, күнделікті тіршіліктің бітпейтін күйбеңіне алданған пенделер өздерінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп жатқандығын, өлгеннен кейінгі өмір жайында бас қатырып ойламайды және ойлауға мұршалары да жоқ. Мына дүниедегі барлық жүйе, яғни мемлекет, қоғам — бәрі адамдарды өмірдің мәні жайында ойлап, ұйқыларынан оянуларына кедергі келтіру үшін саналы түрде жасалған дейді Гуляева.

Сондықтан, ұйқыдан ояну үшін саналы әрекетті әрбір адам өз қалауымен, еркімен жасауы тиіс. Ол ақыл-ойын бақылап, басқару түрінде бола ма немесе өмірдің мәні жайында жазылған ғылыми кітаптарды оқып, білім алу негізінде жүре ме, әйтпесе ақыл-ойын бір нысанға шоғырлауға арналған медитациямен айналысу бағытында өрби ме — оны әр пенде өзі шешуі тиіс.

Бір сөзбен айтқанда, ұйқыдан оянып, өзіңіздің кім екендігіңізді нақты танып, білу және туу мен өлімнің тұйық шеңберінен мәңгілікке құтылу үшін де сіз ӨЗІҢІЗДІ ТАНУ ғылымымен айналысуыңыз қажет болады. Өзіңізді тану ғылымы дегеніміз – мен кіммін, не үшін өмір сүремін, өлімнің арғы жағында не бар, өмірдің мәні неде деген сияқты терең мәні бар сауалдарға жауап іздеп, өзіңізді танып білуге күш салу деген сөз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика