Адамдар ұйқыда

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Пайғамбарымыздың ең жақын серіктерінің бірі – Әзірет Әлидің «Адамдар ұйқыда, өлгенде оянады» деген сөзі бар. Осыған қарап, біздің өмір деп атап жүрген тіршілігіміздің ұзаққа созылған ұйқы екендігін бағамдауға болатындай. Тіршіліктің ұйқы екендігін кейбір ғалымдар да мойындап, ол туралы айтып, жазуда.

Матрица

Бірнеше сериядан тұратын «Матрица» фильмінде адам өмірінің ұйқы екендігі анық  көрсетіледі. Қызыл таблетканы ішкен осы фильмнің басты кейіпкері ұйқысынан оянып, өмір дегеннің әлдекімдердің басқарып, бақылауымен жүргізіліп жатқан ұйқы екендігін көреді. Иә, адамдардың бәрі ұйқыда. Олар сөйлейді, қозғалады, әңгімелеседі, тіпті шағылысып, ұрпақ та қалдырады. Бірақ соның бәрін санасыз түрде, әлдебір күштің ықпалымен жасайды.

Мәселен, кәмелет жасына келген бойжеткендер мен бозбалалар бір-біріне ынтығып, қосылуға құлшынады. Оның ақыры отбасы құрып, ұрпақ жалғастыруға әкеледі. Байлық, мансап, атақ-даңқ сияқты бұл дүниенің игіліктері де адамды еріксіз қызықтыра тартып, бар күш-жігерін, қабылет-қарымын жұмсап күндіз-түні еңбектенуге мәжбүрлейді.

Енді мынаған назар аударыңыз: отбасы құрып, ұрпақ жалғастыру, өле-өлгенше жұмыс істеу – бәрі еріксіз сырттан таңылған ережеге сай жүзеге асады. Бұны мен не үшін жасауым керек, оны жасамауға бола ма? деген сауалды ешкім, ешқашан қоймайды. Бәрі алдын ала белгілеп қойылған жолмен, шарттармен жүргізіледі. Адамдар оның бәрін санасыз түрде жасауға мәжбүр.

Матрица дегеніміз – осы. Яғни, әлдебір күштің белгілеп қойған шарттарына сай еркінен тыс әрекеттер жасау, соған мойынсұнып, бағыну және басқаша жасауға болмайды дегенді санасына мықтап сіңіру. Егер зер салып қарасаңыз хайуандар да, аң-құстар да осындай ережемен тірлік кешеді. Хайуандар да  белгілі бір жасқа жеткенде  шағылысып, ұрпақ жалғастырады, тіршілік ету үшін ішіп-жейді, ұйықтайды, қорғанады. Неге бұлай жасаймын деп хайуан ешқашан ойламайды. Өйткені, алдын ала белгілеп қойған жол бар, сонымен жүруді ғана біледі.

Ұйқыдан ояну

Сіз түнде ұйықтап жатқанда түрлі түстер көресіз, қорқынышты жайларға тап боласыз. Ал таңертең оянғанда түстеріңіздің көбін ұмытып кетесіз. Әрі қарай үйреншікті тірлік басталады. Түс пен өңнің арасында үлкен айырма бар. Адам түсінде әлдебір күштің ықпалымен еріксіз әрекеттер жасайды, ал өңінде өз ақыл-ойымен әрекет етеді.

Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі адамдардың тірлігін ұйықтап жатып көрген түспен салыстыруға болатындай. Өйткені пенделер сырттан таңған ережелерге сай еріксіз әрекет етеді. Өзіне өзі қожайын емес. Тіпті, ең бай адамдар мен биік мансап иелерінің өздері көңілдері қалаған істі жасай алмайды. Олар алдын ала белгіленіп қойған жолмен жүруге мәжбүр.

Ал ұйқыдан ояну деген – бұл сырттан таңылған ережелердің ықпалынан шығып, өз қалауымен өмір сүру деген сөз.  Буддашылардың арасында ұзақ жылдар ақыл-ойын шоғарлаумен айналысқан тақуа адамдар ақыл-ойы шоғырланған нысанмен бірігудің нәтижесінде самадхи деп аталатын ерекше күйге түседі екен. Ондай адамдарды архат немесе ұйқысынан оянғандар деп атайды.

Ислам дінінде сопылық, христиан дінінде исахизм, иудейлерде каббала, индустарда иог деп аталатын рухани жолдар бар. Бұл жолдардың басты мақсаты – адамды түпкі нәтиже – ұйқыдан оянып, рухани деңгейге көтерілуге жағдай жасау.

Осылардан ұғарымыз: кез-келген дәстүрлі діннің масқаты – адамды ұйқыдан оятып, өзінің өткінші тән емес, мәңгілік жан екенін ұғынуына көмектесу. Егер пенде бұндай рухани даму жолына түспесе, рухани практикамен  айналыспаса, онда өлгеннен кейін ғана ұйқысынан оянады. Бірақ та, ол ояну адамға еш пайда әкелмейді дейді дін ғұламалары. Өйткені, тірлікте жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне сай енді ол Алла заңы бойынша тозаққа түсіп азап шегеді, болмаса жұмаққа еніп, рахатқа бөленеді. Бұл екеуінің қайссына қол жеткізсе де, пенде оны еріксіз Алланың заңымен жасайды. Яғни, ұйқыдан оянған адамдай саналы және ерікті әрекет жасай алмайды. Сондықтан, ұйқыдан осы фәни дүниеде өмір сүріп жүрген кезімізде оянғанда ғана, шынайы рухани бостандыққа жете алады екенбіз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика