56 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Бүгінгі күні қазақстандық БАҚ қарапайым халықты алдап, жиған-терген ақшалары мен бағалы мүліктерін алаяқтықпен иемденіп кеткен «Ломбард 24 гарант» компаниясы туралы жарыса айтып, жазып жатыр. Шындығында, «қаржы пирамидасы» аталып кеткен осындай алаяқтық жобалар еліміздің тарихында аз болмаған. Сонау 1990-шы жылдардан басталған Смағұлов және компания дегеннің алдауына түскен халық әлі күнге дейін бір басқан тырманы қайта-қайта басып, өткеннен сабақ алмауда. Бұның себебі неде?

Алаяқтың арбауына түсіретін – ашкөздік

Алаяқтардың сүйенетін ең  басты көмекшісі – бұл адамдардың бойындағы ашкөздік сезімі. Ашкөздік әр адамның бойында бар. Оңай жолмен жан қинамай мол олжа табуға болар деген жалған үмітке малданатын пенделер алаяқтардың арбауына  он рет түссе де, одан сабақ алмайды. Өйткені, ашкөздік сезім адамды оңай олжаға кенелесің деп алдаусыратып, құрдымға құлатады.

Алаяқтар адамдардың бойындағы осы әлсіздікті өте жақсы біледі және асқан шеберлікпен пайдаланады. Миллиондарды сан соқтырған ресейлік Мавроди дегенді алайықшы. Ол «МММ» деген компания құрып, ақпарат құралдарында күн сайын ондаған көз жауын алар жарнамаларды жіберіп қойды. Жарнамаларда «несін айтасың, бес теңге салып, жүз теңге етіп қайтарып аласың» деп жалған уәдені үйіп-төкті.

Ашкөздіктің жетегіне еріп, оңай олжаға қарық боламыз дегендер аз болмады. Тіпті, атақты өнер жұлдызы Алла Пугачева да өзінің бар жиған-терген  бірнеше миллион долларын Мавродидің алақанына салып беріпті. Содан көп ұзамай алаяқ компания әшкереленіп, кеше ғана мол олжаға қарық боламыз деп жүргендер жиған-тергендерінен түгел айрылып, тақырға отырды.

Көкшетауда екі әйел қаржы пирамидасын ұйымдастырып, жұрт қырылып қала жаздап бар ақшасын кезекке тұрып берген еді. Бір танысым оңай олжа табамын деп банктен пәлен пайыз өсіммен кредит алып, ақша салды. Содан ақшасынан айрылған ол бірнеше жыл  әлгі кредитін жауып жүрді.

Алаяқтан қалай сақтануға болады?

Қаржы пирамидаларының жетегіне еріп, жиған-терген ақшаңыздан айрылып қалмау үшін ең алдымен, қаржылық білім алыңыз. Қаржылық жағынан сауатты адамды алаяқтар ешқашан, ешқандай жағдайда алдай алмайды. Өйткені, қаржылық сауаты бар адам  оңай жолмен ақша табу мүмкін еместігін өте жақсы біледі.

Өкініштісі сол, мектептерде балаларға жыныс жақындығы туралы үйрететін білім саласы қаржылық сауаттылықты мүлдем естен шығарып алған. Қаржылық білім не мектепте, не колледждер мен университеттерде  оқытылмайды. Қаржылық білімді сіз тек интернет арқылы ғана алуыңызға болады.

Бүгінде интернеттен Роберт Киосакидің «Бай әке мен кедей әкесінен» бастап, инвестиция туралы көптеген электронды кітаптар табуға болады. Оған қоса, түрлі аудио-видеокурстар бар. Өзін өзі дамыту ғылымының сарапшысы Сайдмұрод Давлатов, Алекс Яновский, Брайан Трейсилердің тегін және ақылы видеокурстары  аз емес.

Жалпы, іздеген адамға интернеттен инвестиция туралы кез-келген материалды табудың еш қиындығы жоқ. Тек ынта-ықылас болсын де. Өз басым инвестиция туралы интернеттен көп электронды кітаптар, видеокурстар тауып, осы саладан біраз білім алдым. Алаяқтардың арбауына түсіп, ақшамды жоғалтқан кездерім болғанын жасырмаймын. Ал қазір мені бес теңге салып, ертең жүз теңге қылып қайтарады деп уәде беретін қаржылық пирамидалар еш қызықтырмайды. Өйткені, олардың бәрі АЛАЯҚТАР екенін жақсы білемін. Сондықтан, ондайлардан жүз шақырым аулақ жүруге тырысамын.  

Мақаламыздың абсында айтып кеткен «Ломбар 24 гарант» компаниясының арбауына түсіп ақшасынан айрылған жұрт енді не істейді деген сауалға қисынға сүйеніп жауап беріп  көрелік. Осындай компанияны ашып, іске кіріскен кезде-ақ оны ұйымдастырушылардың ең басты мақсаты – жұртты алдап, ақша табу болғаны айдан анық. Сондықтан, олар тапқан ақшаларын әлдеқашан жасырып үлгірді. Енді алаяқтардан ештеңе қайтара алмайсыз. Бар қолдан келері: сот арқылы бес-алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тарту ғана. Бес-алты жыл түрмеде отырып шыққан алаяқ жасырған ақшасын алады да шетел асып қарасын жоғалтады. Ал алданған жұрт ақшаларынан айрылып, өкініште қала береді.

Қазіргі күні БАҚ осы алаяқ компания туралы айтып, жазып жатыр. Яғни, одан жұрттың көбі хабардар болды. Бірақ, өкініштісі сол, осындай ақпарат алған соң, алаяқтарға алданып, өкініште қалғаннан кейін де адамдар содан сабақ алмай, ертең тағы да сондайлардың қармағына түсіп жатады.  

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика