Адамдар денсаулықтың қадірін білмейді

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

шынығуПайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінде «Адамдар екі түрлі нәрсенің қадірін білмейді: денсаулық және бос уақыт» деп айтылған. Пайғамбарымыздың (с.а.с) заманында денсаулықтың қадірін білмеген пенде бүгінде де көп өзгере қойған жоқ. Жұрттың көбі денсаулықтарының жайын тек ауырғанда ғана ойлайды.

Ауырмайтын адам.

Өткенде моншада көптен бері көрінбей кеткен бір ақсақалды кездестірдім. Белі бүкшиіп, қатты жүдеп кетіпті. Парға бір кіргенге қатты қиналған ол демін баса алмай орындықта отырып қатты қалжырап қалғанын айтты. Көптен көрінбегені – ауырып қалған екен. Біреу одан «ақсақал нешеге келдіңіз?» деп сұрады. Сексеннен асып барамын деді ол.

Сол кезде үстіне күртесі бар, басына спортшылардың шәпкісін киген аласа бойлы кісі кірді. Мен оны жақсы танитынмын. Танитыным, ол туралы осыдан екі-үш жылдай бұрын көлемді мақала жазғаным бар. Содан болар, кездескен жерде амандасып тұрамыз. Жасы екі жыл бұрын 85-те болатын. Яғни, қазір 87-де.

Қызығы сол, бұрын прокуратурада қызмет еткен әлгі ақсақал өмірі ауру дегеннің не екенін білмепті. Күнде таңертең ерте тұрып мұздай суға шомылады, содан кейін 40-50 минут дене жаттығуын жасайды. Күндіз таза ауада серуендейтін ол түс ауа бірер сағат желе жортып жүгіретіні бар. Жалпы, ақсақал жүгіргенді және жаяу жүргенді өте жақсы көреді. Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында өткізілетін жаяу жарысқа қатысу оның берік дәстүріне айналған.

Қазір Бекболат (ол кісінің есімі осындай) ақсақал қала сыртында жеке үйде тұрады екен. Вокзал маңайындағы моншаға ол жаяу жүріп келіпті. «Ақсақал-ау, сонша жерден жаяу келдіңіз бе?» деп таңғалды біреу. «Онда тұрған не бар, көп болса бес шақырым болар, денсаулыққа жақсы ғой» дейді қария.

Сексенге келген ақсақалдың қалт-құлт етіп әрең жүргенінде 87-дегі қарияның құр аттай ойнақтап жүргені таң қаларлық жай. Мұның астарында «денсаулық өздігінен келмейді, оны күткенде ғана денің сау, күш-қуатың қайтпай, ұзақ өмір сүресің» деген қағида жатқан сияқты.

Ауырмаудың жолы – денсаулықты сақтау.

Өткенде бір кісіні іздеп қалалық емханаға бара қалдым. Емхананың тар дәлізі толған адам. Ығы-жығы халық. Орта жастағылар мен қарт адамдарды былай қойғанда жастар да ағылып жүр. Дәрігердің қабылдауында кезек күтіп сарылып бар уақытын өткізіп жүрген мына адамдар денсаулықты сақтаудың бірден-бір және ең сенімді жолы – денсаулықты күту екенін білмейтін тәрізді.

Мен емханаға соңғы рет 2007 жылдың жазында барған едім. Құлағыма суық тиіп, ісіп кетті. Жанымның қиналғанын көрсе де дәрігер мені үш күн бойы сандалтып дәрігерлік тексеруден өтуге мәжбүрледі. Ол аздай, содан кейін тағы бір мекемеге барып анықтама қағазын әкел дегенде шыдамым таусылған мен бір таныс емхана басшысына телефон шалдым. Сөйтіп соның көмегімен бірер күнде дертімнен айықтым. Сонда дәрігер дегендердің алдына күнің түсіп барудан азап ештеңе жоқтығын ұғынғандай болып едім.

Құдайға шүкір, содан бері емханаға аяқ басқан емеспін. Тіпті, қыстың күндері тымау да тимейтін болды. Неге дейсіз бе? Мен де Бекболат ақсақал сияқты күнде таңертең мұздай суға шомыламын. Содан кейін денемді сүлгімен қызарғанша ысқылаймын. Содан кейін 40-45 минут дене жаттығуын жасаймын. Күніне бірер сағат таза ауада жаяу жүріп, серуендеймін. Тамақтану мен ұйықтаудың ережесін сақтаймын.

Ауырмаудың қарапайым амалы – осы екен. Оған тәжірибе барысында көз жеткіздім. Қазір өзімді сергек сезінемін.

Адам ешқашан ауырмай-сырқамай ұзақ өмір сүруіне болады. Оған дәлел боларлық жайлар өмірде жетерлік. Бекболат ақсақал сияқты денсаулығын күту арқылы ауырмай, ұзақ жасайтын адамдардың өмірі осыған анық дәлел.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика