587 көрілім

өзіндік даму1Ұлы Абайдың «Алладан берекет, адамнан әрекет» деген сөзі бар. Яғни, кез-келген істе адамның әрекеті негізгі рөл атқарады. Алла берер деген үмітпен аузыңызды ашып отыра берсеңіз аштан өлесіз. Бұл – ақиқат. Сондықтан, Алладан берекет күтіп, әр  адам нақты әрекет жасауы тиіс. Ал, әрбір әрекет саналы болуы шарт, яғни іс-әрекетіңізді алдын ала ойлап, жоспарлап алуыңыз қажет.

Арғы жағын уақыт көрсетеді

Таяуда облыстағы бір белді мекеменің қызметкерлерін аттестаттау комиссиясының құрамында болдым. Бір аптаға созылған әңгімелесуде  үш жүзге тарта  мемлекеттік қызметкер аттестаттаудан өтті. Осы шара барысында мынаған көзім жетті: адамдардың 90 пайызы болашаққа деген еш жоспарсыз, ал 9 пайызы нақты жоспарсыз, тек 1 пайызы ғана шынайы жоспар арқылы өмір сүреді екен.

Жоғары білімдері бар 300-дей адамға сұрау салу барысында мен осындай қортындға келдім. Бәлкім бұл соншалықты шындыққа сәйкес келе қоймас, аздаған ауытушылықтар бар да шығар, дегенмен, жалпы алғанда бұл көрсеткіш біздің қоғамымыздың жалпылама жайын көсретеді десек, шындықтан алыс кетпейміз.

«Болашақ жоспарларыңыз қандай?»  деген сауалға аттестаттаудан өтуші мемлекеттік қызметкерлердің көбі әзірге «қызметім өзіме ұнайды» деп сол жұмысына тәубе етсе, ал енді бірқатары «академияға оқуға түссем деймін, сосын арғы жағын көремін» немесе «кеңсе басшысы болсам, арғы жағын көреміз ғой» деп жауап беріп жатты.

Ал комиссия мүшелерінің «сол мақсатыңа жету үшін не істеп жүрсің?» деген сауалына ешқайссы да жарытып жауап бере алмады. Яғни, мақсаттары бұлыңғыр, сол бұлыңғыр мақсаттарының өзіне қалай жету қажеттігін дұрыс білмейді және сол үшін еш әрекет жасап жатпаған сияқты. Осындай жағдайда қалай мақсатқа жетуге болады?

Мақсат айқын және нақты болуы тиіс

Аттестаттаудан өткен үш жүздей қызметкердің көбі екі немесе үш жоғары оқу орнын бітірген және біразы бакалавр, магистр деген атағы барлар. Екі-үш жоғары біліммен әлгілердің істеп жүрген қызметтері жәй қатардағы қызмет. Өкініштісі сол, өссем, биікке жетсем деген құлшыныс пен нақты жоспар, мақсаттары жоқ.

Маған ұнаған жалғыз жас маманның болашаққа деген нақты жоспары бар болып шықты. Университет бітірген ол магистратураға түсіп, білімін жалғастырып, онан әрі қызмет баспалдағымен биіктерге көтерілмек. Осы бағытта нақты жұмыстар жасап жатқанын да жасырмады. Әлгі жиырмадан жаңа асқан жігіт үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде емін-еркін сөйлейді. Нақты мақсаты және сол мақсатқа қалай жетуге болатыны жөніндегі түсінігі бар, оған қоса, мақсатына жету үшін нақты әрекет жасап жүрген бұл жігіттің мақсатына жететініне сенім мол.

Жоспар не үшін қажет?

Егер сіз Астанадан Алматыға бару үшін еш ақшасыз, жолазықсыз үйіңізден шығып, жолай кетіп бара жатқан көліктерге мініп бірдеңе етіп жетермін десеңіз, онда жолыңыздың болу-болмауы неғайбыл, қанша уақытта жететініңізді өзге түгілі, өзіңіз де білмейсіз.

Ал, егер сіздің ақшаңыз болса, нақты пойызға билет алып, сол күні жолға шықсаңыз, онда қай күні, қай уақытта Алматыда болатыныңызды өзіңіз де, сол Алматыдан қарсы алатын туыс, жостарыңыз да білетін болады.

Жоспары  жоқ адам алғашқы жолаушы сияқты, яғни үйінен қаржысыз, жолазықсыз әйтеуір кездейсоқ  жайларға иек артып шыға салған адамға ұқсайды. Ондай жанның болашағы бұлыңғыр және биіктерге жетіп, өмірден нақты орынын табу-таппауы да белгісіз. Ал, болашаққа деген нақты жоспары, мақсаты бар және сол мақсатқа қалай жетуге болатынын жақсы білетін, сол үшін нақты әрекет жасап жүрген адам ақшасы бар және пойызға билет алып шыққан жолаушы сияқты.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика