Адамдар неге еркінен тыс жаман әрекеттер жасайды?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

арақЕшкім де өзіне өзі залал тигізгісі келмейді. Бірақ та, адамдардың көбінің өзге емес, өздеріне залал әкелетін жаман әрекеттер жасап жататыны неліктен?  Темекінің зиянды екенін біле тұра ақшасын шығын етіп сатып алып шегеді, арақтың залалын көре-біле тұра ішіп, бастарын пәлеге ұрындырып жатады, заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын білсе де қылмыс жасап, абақтыға қамалады.

Ақылды арбаған арақ

Биылғы жылдың басында бір орта жастағы жігіт мен істейтін мекемеге қызметке орналасты. Бір айдай жап-жақсы істеп жүріп, сосын ақша алғаннан кейін он күндей жоғалып кетті. Сөйтсек, әлгі жігіт араққа салынған, ішпесе жүре алмайды екен. Қолына ақша түскен соң күндіз-түні жатып алып арақ ішкен. Сосын оны жұмыстан шығарып жіберді.

Жұмыс таба алмай біраз жүрген әлгі бізге қайта-қайта келіп, тіпті араға әйелін, таныстарын салып, бастыққа өлердегі сөзін айтып, енді аузыма арақ алмаймын деп ант-су ішіп қайта қызметке кірді. Өткен аптада ол тағы да ішіп кетті. Міне, бір жеті болды, жұмыста жоқ. Енді жұмыстан кетсе, бұдан кейін оны қайта алмайтыны анық. Осыны біле тұра орта жастан асқан, отбасы бар, балаларының алды үйленіп, немерелі болып, ата атанған жігіт ағасының мұнысы несі дейсің.

Зердесін шел басқандар

Бір жасаған қателігін қайта-қайта жасап, өздерінің әрекеттерін басқара алмайтын ерік-жігерден жұрдай адамдар қайдан шығады және олардың бұндай әрекеттерінің астарында не бар? Бұның бәрі зерденің шел басқандығынан екен.  Бүгінгі материалистік ғылым өкінішке орай, бұның себебін түсіндіре алмайды, өйткені олар адамды ет пен сүйектен жаралған, материалдық элементтердің жиынтығы деп санайды. Сондықтан тек материалдық элемент деңгейінде ғана зерттеп, зерделейді.

Бһагавад Гитада сезімнің ақылдан, ақылдың зердеден төмен екендігі айтылады. Ақылдың екі функциясы бар екен: ақыл мынау маған ұнайды, мынау ұнамайды деп өзіне ұнамды және ұнамсыз нәрсені айқындауды ғана біледі. Мәселен, темекі тарту маған ұнайды, арақ ішкен де ұнайды, ал салауаттылықты ұстап, дене жаттығуларын жасау, жүгіру, мұздай суға шомылу маған ұнамайды дейді ақыл. Ақыл деңгейінде ойлайтын пенде оның ықпалына түсіп, өзіне ұнайтынды ғана жасайды.

Ал, зерде ақылдан жоғары. Зерденің де екі фунциясы бар: мынау пайдалы, мынау зиянды дейді зерде. Зердесі бар адамда жады (есте сақтау қабілеті) және ерік-жігер болады. Зерделі адам жадысын іске қосып, өзі жасаған әрекеттерді ақыл таразысына салып, мынау пайдалы, ал мынау залалды деп анықтайды және ерік-жігерін іске қосып, залалды әрекеттен бас тартады.

Осыдан ұғарымыз: зердесі бар адам өз қателігінен сабақ алып, өзіне залал әкелетін жаман әрекеттерді ешқашан жасамайды және өзіне пайдасын тигізетін жақсы әрекеттерді әрдайым жасауға ерік күші жетеді. Зерделі адамның зердесін шел басқан пендеден ең басты айырмасы осында.

Адамдардың 90 пайзының зердесін шел басқан

Егер айналаңызға зер салып қарайтын болсаңыз, бір жасаған қателігін он рет жасап, өзіне де айналасындағыларға да залалын тигізетін жаман әрекеттерге барып жататын пенделердің көптігін көрер едіңіз. Бұның бәрі жоғарыда айтқанымыздай, зердені шел басқандықтан болатын жайлар.

Жалпы алғанда, адамдардың 90 пайыздан астамының зерделерін шел басқан. Ал зердені тазартып, оның қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін не істеу қажет? Ең алдымен, зерденің қызметін жақсартатын сенімді әдіс – діни шарттарды орындау десек, шындықтан алыс кетпейміз. Егер адам діни шарттарды орындап, өзі ұстанатын дәстүрлі дін белгілеген парыздарын атқарып жүрсе, онда зердесі ақырындап ашылып, ақыл-ойын, сезімдерін, жалпы әрекеті мен сөзін бақылай, жәй бақылап қоймай басқара алатын болады.

Неліктен діни шартты орындау зерденің қызметін жақсартады? Енді осыны талдап көрейік. Мәселен, ислам дінін ұстанатын адам күнде таңертең ерте тұрып, дәрет алып, намаз оқиды. Осылайша ол күніне бес мәрте дәрет алып, намаз оқуды әдетке айналдырады. Мұндай адам қаласын-қаламасын, ұнасын-ұнамасын, күн демалыс па, мереке ме оған қарамай, күн сайын бес уақыт намазын оқиды.

Таза мұсылман тек намаз оқып қана қоймай, шариғат заңдарын сақтауы тиіс. Мәселен, арам тамақ жемеу, арақ-шарап ішпеу, темекі тартпау, зина жасамау, өтірік айтпау, кісі ақысын жемеу, т.б. жақсы әдеттерді серік етуі тиіс. Осыларды жасау барысында адам ақыл-ойын, сезімдерін, сөзін, әрекеттерін әрдайым бақылап, басқаруды үйренеді.

Осының барысында оның зердесі ашылып, соған орай бойында жады және ерік-жігер күшейеді. Мұндай адамдар әдетте, өздеріне пайда әкелетін істі жасауға өздерін оңай көндіріп, жаман әдеттен оңай бас тартып жатады. Керісінше, зердесін шел басқан пенделер жаман әдеттің құлақ кесті құлына айналып, одан арыла алмай бейшара күйде тірлік кешеді. Ондай адамдар әдетте, бұл дүниеде азаптан көз ашпайды, өлген соң орны тозақ болып тағы сорлары қайнайды.

Өзіңізге екі дүниеде игілік әкелетін зердеңізді ашып, ақыл-ойыңыздың, сезіміңіздің қожасына айналдыратын имандылық жолды таңдайсыз ба, әлде нәпсінің құлына айналып, екі дүниенің игілігінен құр қалдырып, тауқыметке ұшыратар имансыздық жолын қалайсыз ба – оны таңдау еркі өзіңізде.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика