Адамды биіктерге жетелейтін қуат

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

инвестиция-1Айналаңызға назар салып қарасаңыз, өмірде жолы болмай, қиындықтан көз ашпай жүретін пенделерді жиі кездестіресіз. Шындығында, мыныдай ақша билеген қиын заманда асқақ армандарыңыздың биігіне әлдекімнің қолдауынсыз, мол ақшасыз жету мүмкін емес сияқты сезілетіні рас. Дегенмен, Напалеон Хилдің мына атақты кітабын оқығаннан кейін сіздің бұндай көзқарасыңыздың өзгерері даусыз.

Махабаттың ғажайып күші

Біздің мінез-құлқымыздың терең түкпірінде белгілі бір уақытқа дейін әрекет тұқымы ұйықтап жатады. Ұйқыдан оянып, бой көтерген ол сізді түсіңізге де кірмеген асқақ биіктерге көтереді.

Скрипканың шегінде жасырынған музыка әуендерін ауаға таратуға мәжбүрлейтін музыкант сияқты сіз де санаңыздың түкпірінде ұйықтап жатқан ақыл-ойдың мол мүмкіндігі бар данышпанды оятып, оны жұмыс істеуге, сөйтіп сізді ойлаған мақсатыңызға жеткізуге  мәжбүрлей аласыз.

Авраам Линкольн қандай істі қолына алса да сәтсіздікпен аяқталатын, өмірде жолы болмайтын адам болды. Бұндай жағдай ол қырық жасқа келгенше жалғасты. Ол ешкімге белгісіз елеусіз пенде еді. Бірде оның санасына қатты әсер еткен жай орын алды. Бұл жай оның түйсігінде жасырынып жатқан данышпанды оятып, әлемге сондай ұлы тұлғаны берді. Бұндай жағдайға оны Энн Ратлиджге деген махаббат пен қасірет жеткізген болатын.

Махаббат ахуалы адамның қатты сезімге беріле Құдайға құлшылық ету жағдайымен өте ұқсас болып келеді. Өйткені, махаббат та адамды рухани ой деңгейіне жеткізеді және махаббат сезімі адамның мистикалық тәжірибесіне бағытталады. Осы кітапты жазу барысында автор жүздеген ұлы тұлғалар сондай армандарының асқақ биігіне қалай жетті дегенді таразылай келе, олардың бәрінің әйелге деген махабаттары бұған қозғаушы болғандығын бағамдаған еді.

Егер сіз сенімнің орасан зор мүмкіндіктерін білгіңіз келсе, онда шынайы сенімі бар адамдардың тәжірибесіне назар аударыңыз. Бірінші мұндай адам Иса пайғамбар болмақ.  Шын мәнінде христиан дінінің басты діңгегі – сенімде. Оны қанша адам, қандай көңіл күйде бұрмалап немесе өзінше түсіндіргеніне қарамастан, оның шын мәні  сенімге негізделген күйінде қалады.

Енді Махатма Ганди көрсеткен сенімнің күшіне назар аударып көрелік. Ол әлемге сенімнің шексіз мүмкіндіктері мен құдіретін әйгілеп берді.  Ганди өз уақытында орасан зор қуаттың қайнар көзіне ие болды. Бұл мына жағдайдан анық көрінді: онда соғыс жүргізуге қажетті қару-жарақ, жауынгер, соғыс техникасы болған жоқ. Гандиде ақша да, тіпті үстіне киетін дұрыс киім де жоқ болатын. Бірақ онда зор қуат болды. Мұндай күш-қуатты ол қайдан алды?

Ол мұндай қуатты нық сенімге негізделген ұстанымға деген түсініктен алды, сөйтті де осы сенімін екі жүз миллион адамның санасына таратты. Ол іс жүзінде ақылға симайтын ұлы әрекет атқарды: екі жүз миллион адамның санасына ықпал етіп, оларды біртұтас сана сияқты жұдырықтай жұмылып, бірлесе әрекет етуге мәжбүрледі.

Сенімнен басқа ешқандай сезім күші арқылы мұндай жетістікке жету мүмкін емес.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика