Адамды еркінен тыс есуастыққа итермелейтін не?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бұл сауалға жауапты біз қазіргі шарықтап дамыған ғылымнан таба алмаймыз. Неге десеңіз, мұндай «ұсақ-түйекпен» айналысуға қазіргі ғылымның еш ынтасы жоқ. Шынын айтқанда, бүгінгі ғылым тек болары болып, бояуы сіңген істерді талдаумен ғана шектеледі. «Неге бұлай жасалды, оның алдын алуға болмас па еді?» деген сауалдарға ғылым бас қатырып жауап іздемейді. Сондықтан, қазір адамдар арасында жоғарыда айтып кеткеніміздей есуастық әрекет жасайтындар қатары жыл санап еселеп өсіп келеді. Бұның өзі қазір дамыған Батыс елдерінде үлкен бас ауруға айналған.

Мәселен, Батыс елдерінде әрбір өзін өзі сыйлайтын адамның психоаналитик деген қызметкері бар. Оның міндеті – әлгі азаматтың жүйке жүйесінің бұзылуына не себеп, оны қалай залалсыздандыруға болады деген мәселені шешу. Сол үшін олар қыруар ақша алады. Қазақстанда психология деген пән мектепте оқытылатын болды. Психолог дайындайтын оқу орындарының саны жылдан жылға көбейіп барады және қызығы сол, психологтардың көмегіне деген сұраныс та шапшаң өсуде.

Психологтардың көмегіне қарамастан, есуас әрекет жасап, өкініште қалатындар қатары азаяр емес. Бұның себебі неде? Оған қазіргі ғылым экономиканың серпінді дамуы, қоғамдағы түрлі өзгерістер мен экологиялық жағдайлар сияқты жайларды себеп етіп алға тартуға тырысады. Бірақ та, бірдей жағдайда, бір қоғамда өмір сүретін адамдардың біреулері ақылсыздыққа бейім болса, өз ақылымен биіктерге жетіп жатқан жандар да баршылық. Яғни, адамдардың ақылсыз әрекеттеріне жоғарыда айтылғандай сыртқы жағдайлар кінәлі еместігі осыдан байқалады. Сонда оның себебі неде?

Бұның жауабын біз осыдан бес мың жыл бұрын өмір кешкен үндінің ұлы ойшылы Вьясадева құрастырған Махабхарата жырының бір бөлігі саналатын Бхагвад Гита кітабынан табамыз. Бхагавад Гитада барша әлемді көктей өтетін, тірі-өлі заттардың бәріне әсер ететін табиғаттың үш түрлі қуаты – үш гуна туралы айтылады. Олар: қараңғылық – тамас, құштарлық – раджас және қайрымдылық – саттва деп аталатын гуналар, яғни қуаттар. Бұл қуаттар кеңістікті көктей өтетін кәдімгі уақыт сияқты барша тіршілікке үлкен ықпал жасап отырады. Басқаны былай қойғанда, жан-жануарлар, тіпті өсімдіктер мен тас, топырақ сияқты элементтер де осы табиғи қуаттардың ықпалында болады.

Бұл қуаттар адам санасына үнемі, тіпті ұйықтап жатқан кезінде де әсерін тигізеді және ол гуналар бір-бірімен араласып, кейде біреуі үстем болса, одан кейін екіншісі үстемдік етіп, әсерін тигізіп отырады. Қараңғылық гунасының ықпалында болған адам ұйқышыл, жалқау, жәйбасар болып келеді. Ол ненің жақсы, ненің жаман, қандай нәрсе пайдалы, қайсысы залалды екенін ажыратпайды, үнемі теріс ойлап, теріс бағытта жүреді. Осыған орай ондайлар өздеріне де, айналасындағыларға да ұдайы зиянын тигізетін әрекеттер жасайды.

Ал оған қарағанда біршама жоғары – құштарлық, яғни раджас гунасының ықпалына түскен адам жанталасып жұмыс жасайды, өте белсенді болады, қайтсем жетістікке жетіп, атағымды шығарамын, байлыққа ие боламын, тән рахатына кенелемін деген оймен өзіне тыным бермейді. Әдетте, ондайлар бұл өмірде біршама жақсы нәтижелерге жетіп, бақуатты, бай болады, биік мансапқа, атаққа ие болады. Бірақ, тойымсыз нәпсіні тойдырамын деп жанталасқан ондайлар барын қанағат етпейтіндіктен, үнемі аласұрып биіктен биікке жетпек болып бар өмірін арпалыспен  өткізеді.

Саттва, яғни қайрымдылық гунасы бәрінен жоғары. Бұл гунаның ықпалына түскен адамның бойында қайрымдылық, байыптылық, сабырлылық, қанағатшылық сезімдер орнығады. Соған орай, олар барына қанағат етіп, нәпсіге берілмейді. Тағы бір артықшылығы — олар білімге құштар болады. Әрдайым өзінің интеллектуалдық деңгейін көтеруге көңіл бөледі. Адамдармен, айналасындағылармен үнемі жылы қарым-қатынаста болғандықтан, олар айналасына сүйкімді, отбасында да, жұмыста да беделді болып, бақытты, тыныш тірлік кешеді.

Дегенмен, бұл гуналар жоғарыда айтып кеткеніміздей таза түрінде біркелкі әсер етпейді, әрдайым үстемдік үшін бір-бірімен тайталаста болады. Соған орай, кейде бір адам бірде жақсы қырынан көрінсе, екінші жағдайда төменгі гунаның ықпалына түсіп, жаман әрекет жасап жатады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика