Адамды тұрмыс билейді

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Карл Маркс коммунизм идеясын жасаймын деп оңбай қателессе де, оның «адамды тұрмыс билейді» деген сөзінің ақиқаттығын өмір үнемі дәлелдеп келеді. Тұрмысы түзу адамның еңсесі биік, көңіл күйі көтеріңкі. Ал денсаулық ең алдымен көңіл күйге байланысты болатыны белгілі. Тұрмыстың нашарлығы көңіл күйге, сол арқылы денсаулыққа кері әсерін тигізетінін осыдан аңғаруға болады.
Украинаның шығысында қанды қырғын соғыс жүріп жатыр. Ашынған адамдар қолдарына қару алып, сайланған әскерге қарсы бастарын бәйгеге тігіп, шайқасуда. Неге? Өйткені, оларды биліктің қарапайым жұрттың тұрмыс жағдайын жақсартуға ешқандай әрекет етпейтін құрғақ саясаты әбден жалықтырған.

Алдымен тұрмыс жағдайыңды ойла, содан кейін тағы да тұрмысыңа көңіл бөл.

Бала кезде үлкендердің «нанды аяғыңның астына қойып, Құранды алуға болмайды, Құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады» деген сөздерін естігін едім. Оны кім айтты, қайдан шықты – белгісіз. Бірақ осы сөздің астырында үлкен ақиқат бар.
Қазақ «ораза, намаз тоқтықта» дейді. Яғни, ораза ұстап, намаз оқу үшін ең алдымен қарның тоқ болуы шарт. Аш адамның ақыл-ойы қайтсем қарын тойғызамын дегенге бағытталады да, оразаны да, намазды да есінен шығарады. Сондықтан, ең алдымен тұрмыс жағдайды түзеуге назар аудару қажет.

Жоғарыда айтып кеткен Украина керісінше, халықтың тұрмысын көтеруге емес, ең алдымен саясатқа көңіл бөлді. Басшылардың бұл қателігі енді елді азамат соғысына ұрындыруға әкеле жатыр. Сол сияқты тұрмыс жағдайын түзеуді алдыңғы кезекке қоймаған отбасында да осындай келеңсіздіктер орын алмақ. Жылдан жылға көбейіп бара жатқан ажырасушылықтың негізгі себебі де тұрмыс жағдайына байланысты екендігін деректер растайды.

Тұрмысты түзеу үшін не істеу қажет?

Бүгінгі заманда тұрмысты түзеп, бақуаттылыққа қол жеткізу үшін барлық жағдай бар. Ең алдымен адамдар тегін орта білім алады. Ал орта білім басқа кәсіби білімдердің іргетасы. Яғни, жалпы орта білімі бар адам кез келген кәсіби жоғары білімді алуына мүмкіндігі бар.
Біз блогымызда адам өміріне қатысты төрт бағытты: денсаулық, тұрмыс, білім және рухани дамуды қамтып келеміз. Егер мақалаларды байыппен оқысаңыз, бұл төрт бағдардың бір-бірімен тығыз байланысты екендігін, бірінсіз бірі болмайтындығын бағамдауға болады.

Егер сізде кәсіби білім, біліктілік болмаса жалақысы жоғары жақсы жұмыс таба алмайсыз. Ал жалақыңыз қанша жоғары болса да, егер ақшаңызды ұқсатып ұстап, инвестициялай алмасаңыз, одан еш пайда жоқ. Сондай-ақ, жұмыс істеп ақша табу үшін денсаулық қажет. Ал денсаулықты, білімді, ақша табу амалдарын біріктіретін, сізді мақсатты әрекет жасауға итермелейтін күш – рухани білім.

Осылардың бәрін таразылай келе, тұрмыс жағдайыңызды түзеп, бақуатты тірлік кешкіңіз келсе, бақыт ауылының тұрақты тұрғыны болуды қаласаңыз, блогымызда қамтылған төрт бағытты бірдей ұстап, дамуға назар аударыңыз.

Қайсы жолмен жүрген дұрыс?

Бұл мақала сізге қолға ұстатардай нақты ештеңе бермейді, бірақ басыңызда шашырап жатқан ой-пікірлеріңізді жинақтап, қажетті арнаға бұруға игі ықпалын тигізеді деген ойдамыз. Біз сізге тұрмыс жағдайыңызды түзеп, бақытты, уайымсыз тірлік кешуге қажетті шарттар туралы ақпаратты ұсынамыз. Блогымызда жазылған ақпараттарды қабылдарсыз, бәлкім қабылдамассыз — ол әркімнің өз еркіндегі іс.

Дегенмен, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға назар аудармай, халықты ашындырып, өзіне қарсы қойып алған Украина билігінің қателігіндей қателікке бой алдырып, тұрмысыңызды, денсаулығыңыз бен өміріңізді қиындатып алмау үшін де дәл осы жолмен жүрген дұрыс дер едік.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика