Адамнан тілегеннің екі көзі шығады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тәубеБүгінгі адамдардың 90 пайыздан астамы өмірдегі арман-мақсаттары мен фәни игіліктерге жету үшін өздері сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамдар көмектеседі деп санайды. Ондайлар әдетте қиындыққа тап болса құзырлы мекемелердің табалдырығын тоздырып, байшыгештерге алақан жайып жалынып сұрап жүреді. Сондайлардың сұрағандарын алып, тілегендеріне жетіп жатқандары аз, тіпті жоқтың қасы.

Әкімнен үй сараған адамның баяны

Бір кісі үлкен әкімнің қабылдауына кіріп, одан баспана сұрады. Әлгі әкім аты-жөнін жазып алып, бұл мәселені шешуге жәрдемдесемін деп уәде берді. Арада жеті-сегіз ай өткенде әлгі әкім басқа жаққа ауысып кетті де, енді бұл кісі жаңа әкімге кіріп тағы пәтер сұрады. Ол да көмектесемін деп уәде етті. Бірақ арада жылдар өтсе де, әлгі пәтер ала алмады.

Намаз оқып, ораза ұстайтын ол кісіге мен «әкімге барып жалбарынып жүргенше, неге Алладан тілемейсің» деген едім. Ол бұл сөзіме онша құлақ аспады. Дегенмен, біраз уақыт өткенде әкімдерден күдерін үзген әлгі бірде намазын оқып болған соң алақан жайып Алладан үй сұрапты. Ол бұл әрекетін бір-ақ рет жасаған, сосын ұмытып жайымен жүре берген.

Арада бір ай өтпей жатып бірнеше жыл бұрын тапсырған құжатын қараған комиссия оған жалға берілетін мемлекеттік бағдарламамен салынған пәтер беруге шешім шығарыпты. Осыны естігенде есінен танғандай қуанған әлгі танысым маған телефон шалып, Алладан тіле деген ақылым үшін алғысын айтты.

Күтпеген қуаныш

Ерейментау ауданынан үзбей жазып тұратын бір авторымыз облыстық газетке бір мақала жіберді. Мақала деген ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде болған жайлар болатыны белгілі. Астана маңындағы Көктал ауылында жеке үйді жалдап тұратын үш баласы бар отбасының отағасы қайтыс болып, әйел балаларымен жесір қалады. Содан қиналған әйел тамыз айының соңында Ерейментауға баратын электр пойызына отырып жолға шығады. Ойы – шағын қаладан арзандау пәтер жалдап, жұмыс табу және ең бастысы, балаларын мектепке оқуға  орналастыру.

Бейтаныс қалаға бара жатқан келіншек ауыр ой құшағына беріліп, жан-жағына көз салмай тағдыр салған ауыртпалық еңсесін езіп мұңайып отырады. Қарсы орындықта отырған әйел оның жүзінен мұңды көріп, ақырын сөзге тартады. Содан әңгімелесе келе мән-жайға қаныққан бейтаныс әйел бұған «Мен осы аудандағы Елтай деген ауылда мектеп директоры болып қызмет жасаймын. Сенің жайың маған қатты әсер етті. Егер қаласаң, біздің ауылға кел. Балаларыңды оқуға, өзіңді жұмысқа орналастырамын» дейді.

Сол арада бейтаныс әйел бұған өзінің ұялы телефонын беріп, хабарласуға уәделеседі. Ерейментауға барған келіншек бірақ жұмыс таба алмапты. Мұнда Астанаға қарағанда пәтер аздап арзандау болғанымен, оның қалтасы көтеретін дәрежеде емес екен. Содан сағы сынған ол келген ізімен кері қайтады. Үйне келісімен дереу бейтаныс әйелге телефон соғып, Елтай ауылына баруға келісетінін айтады.

Сөйтіп, тағдырдың жазуымен үш балалы әйел Елтай ауылына келеді. Мектеп директоры сөзінде тұрып, ең алдымен басқа жаққа көшкен көршісінің үйін алып береді. Үй иесі ақшаның керегі жоқ, ие болып отырсаң болды депті. Содан ауылдағы бір кәсіпкер «Мектепке жол» деген бағдарлама аясында мектепке баратын балаларын  бастан-аяқ киіндіріп, керек-жарағын түгел алып береді. Ол аз десеңіз, мұғалімдердің бірінің Астанада тұратын танысы бұның мүлкін түгел тегін көшіріп әкеп береді. Ол аз десеңіз, мектептен жұмысшылық жұмыс та табылыпты. Осылайша, бір-ақ сәтте жақсы адамдардың көмегінің арқасында баспаналы болып, балаларын оқуға орналастырып, күнкөрістік жұмыс тапқан келіншектің қуанышында шек болмайды.

Адамға әкім емес, Алла көмектеседі

Жоғарыда аталған оқиғалардың кейіпкерлеріне кім көмектесті? Ақылға салып қарасаңыз, оларға әкім де, басқалар да емес, Алла көмек көрсеткенін бағамдауға болады. Үш жыл бойы қаралмай жатқан құжаттары кенет қаралып, жалдамалы пәтер берілгеніне танысым ұзақ уақыт сене алмай, қайран қалып жүрді.

Ал, отағасынан айрылып, үш баламен жесір қалған келіншекке мүлдем танымайтын әйелдің көмектесуі – ақылға сиымсыз іс емес пе? Бұның бәрі Алланың еркімен болып жатқан игілік екені анық.

Алладан қалай тілек тілеу керек?

Адамдарыдң 90 пайыздан астамы тілекті Алладан емес, адамнан тілейтіндігін жоғарыда айтып кеттік. Ал құдайдан тілек тілеушілер де нақты емес, мешітке барып бата жасатқанда әруақтарға бағыштап, онан кейін бұл дүниенің де, ол дүниенің де игілігін бере гөр деген мазмұнда тілек тілеп жатады.

Шындығында, Алла барлық тілді, оның ішінде қазақ тілін де біледі. Бұл – ақиқат. Ендеше сіз әкімдерге барып, алақан жайып пәтер сұрап, болмаса жұмыс, басқа да игілік сұрап қадіріңізді қашырғанша, Алладан тікелей тілек тілеңіз. Қазақшалап. Мәселен: «Иә, Алла, Сен барша тіршілік иелерін жаратушысы, жарылқаушысы және тілектерін орындаушысың. Баспанасыз жүрген мен бейбаққа үш (4 немсе 5 бөлмелі) пәтер алуға жәрдем жаса» — деп тілек тілеуге болады.

Алладан тілек тілеу сонша қиын ба? Жоқ. Әкімнен сұраған пенделердің 99,9 пайызының тілектері орындалмай, бос әуреге түсіп жатады. Ал, Алладан тілек тілегендердің 100 пайзының тілектері орындалады. Бұл – ақиқат.

Түйін: Тілегіңізді орындайтын бай, әрі жомар Алладан тілек тілейсіз бе, әлде ет пен сүйектен жаралған, ауыратын, қартаятын және өлетін өзіміз сияқты пенде – әкімдер мен бай кәсіпкерлерден алақан жайып сұрайсыз ба? – бұл жайын әркім өзі шешуі тиіс. Мына жайды есіңізден шығармаңыз: «Алладан тілегеннің екі бүйірі, адамнан тілегеннің екі көзі шығады».

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика