149 көрілім

Ет пен сүйектен жаратылған тәнге қамалған тірі жан әрдайым өзін қоршаған ортаға тәуелді сезініп, әрекет ету шеңбері шектеулі деген ойды санасына сіңірген. Дегенмен де, өмірде кездесетін біздің щектеулі ой-санамыздың шегінен шығатын ақылға сыйымсыз әрекеттер жасайтын адамдарды көргенде таң-тамаша қалып жататынымыз бар.

Шекараны білмейтін ақыл-ой  қуаты

Бала кезімізде ата-анамыз бен үлкендер тарапынан «мынаны істеуге болады, мынаны істеуге болмайды, мынау сенің қолыңнан келеді, ал мынаған шамаң жетпейді» деген шектеулер мен тыйымдарды тыңдап өскен біздердің санамыз өсе келе белгілі бір шеңбер шегінен аттай алмайтын деңгейге жетеді. Бұл барлық адамдардың бойында бар қасиет.

Ал осы өмір бойы санамызға сіңірген «ақиқаттқа» бағынбайтын, оның шекарасынан шығып кететін жандардың әрекеттері бәрімізге таңғажайып болып көрініп жатады. Шындығында, бұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді кез-келген адам жасай алады. Тек сенім болуы қажет.

Американдық Луиза Хейдің бастан кешкен жайлары қарапайым пенделер үшін таңғажайып болып көрінер еді. Бес жасында әкесі зорлаған қыз өмірінде өте көп қиындықтар мен ауыртпалықтарды бастан өткереді. Солардың ішіндегі ең ауыры – жазылмайтын қатерлі ісік – рак ауруына шалдығуы еді. Дәрігерлер оның небары жарты жылдай ғана өмірі қалды деп, ажал үкімін шығарып та қойған болатын.

Дегенмен де, өмірінде талай қиындықтарды көрген қыз төніп келген ажалға қарсы тұрып көрмек болды. Ол медицина көмегінен бас тартып, айналасындағыларға қайрымдылық жасап, кешіріммен қарауға, адамдарға деген махаббат пен аянышты  жүрегіне ұялатуға тырысты және сөйте жүріп, жазылмайтын дертінен айығып кеткендей сезінуді санасына сіңірді. Оның бұл ақылға сыйымсыз әрекеті өз жемісін беріп, жазылмайтын дерттен жазылып шықты.

Канадалық Питер Террен өз тәні арқылы 50 киловолттық электр тогын өткізе алады екен. Бұны ол  адамдардың көз алдында тәжірбие жүзінде көрсеткен.  Ал ғалым-биолог Кевин Ричардсон арыстандар қамалған торда бір тәулік бойы отырған. Неге екені белгісіз аш арыстандар биологты өз қандасы санап, оған еш тиіспеген.

Оң мен солын ажырата алмайтын, екі сөздің басын құрап әзер сөйлейтін аути дертімен ауыратын ұлыбританиялық Даниел Таммет бес цифрдан тұратын күрделі сандарды ойша  қосып алып, көбейте береді және 7 тілді меңгерген. Ол исланд тілін небары 7 күнде үйреніп алыпты.

Джоди Остройт тек микроскоппен ғана көре алатын заттардың ішкі құрылымын көзбен көріп, дәл басып айтып бере алады. Ол жапырақтың құрылысы туралы қолмен ұстағандай дәл айтып бере алады.

Индиялық иог Рамдажи Джирнари шеге қағылған камераға кіріп, оны жерге көміп, үстінен бетон құйп тастайды. Осылай жер астында ауасыз камерада бір тәулік жатқан иогты қайта қазып шығарған кезде ол сап-сау қалпында шығады.

Түйін: әлемде кездесетін осындай таңғажайып жайларға қарай отырып, адам мүмкіндігінің шексіз екендігін бағамдауға болады. Жалпы адам ақыл-ойы мен қабылет-қарымы ешқандай шекара мен шектеуді білмейді. Ол шекара мен шектеулерді адамның өзі жасайды. Егер сіз ақыл-ойды шектейтін шектеулерді алып тастасаңыз, шексіз мүмкіндіктер әлеміне енетін боласыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика