1 172 көрілім

азғындықАдамның хайуаннан қандай айырмашылығы бар? Бұған екінің бірі адам ақылды, саналы деген сияқты жаттанды және жауыр болған сөзбен жауап беретіні белгілі. Бірақ егер зер сала қарайтын болсақ, хайуанда да ақыл, сана бар екенін аңғаруға болады. Мәселен, қыста оңтүстік аймақтарға мыңдаған шақырым жер ұшып баратын құстар жолды қалай табады? Немесе қасқырлардың аң аулау тәсілін алып қараңыз. Бір қасқыр екіншісін жерге көміп, тек тыныс алуы үшін тұмсығын ғана ашық қалдырады. Екіншісі аңдарды қасқыр жатқан жерге қарай үркітіп қуады. Аңдар үстінен өтіп бара жатқан сәтте орнынан ұшып тұрған қасқыр бірнеше аңды жайратып салады. Бұндай тәсілді қолдану үшін қасқырға ғалымдарымыз жиі ауызға алатын инстинкт деген жаттанды түсінік емес, нағыз ақыл қажет болатындығын бағамдау қиын емес.

Ақыл хайуанда да бар.

Адам ұйықтайды, хайуан да ұйықтайды, адам тамақтанады, хайуан да тамақтанады, адам жыныстық жақындық жасайды, хайуан да шағылысады, адам баласын жақсы көрсе, хайуан да ұрпағын солай сүйеді, адамда қорқыныш, қуаныш сияқты сезімдер болса, ондай сезім хайуанда да бар. Сонда адамның хайуаннан қай жері артық?

Адамды хайуаннан жоғары көтеріп, оны ерекшелендіріп тұрған жалғыз ғана айырмашылық – адамның Жаратқанға құлшылық ете алуында. Хайуан олай жасай алмайды. Дін жолын ұстанып, құдайға құлшылық ету адамның бойында хайуанда кездеспейтін қайрымдылық, кішіпейілділік, жомарттық, кешірімшілдік, ақыл-ойы мен сезімін тежеушілік, сабырлылық сияқты имандылық қасиеттерді дамытады. Адамды хайуаннан айырып, жоғары көтеретін де дәл осындай ізгі қасиеттер екендігі анық.
Уақыт өткен сайын адамзат қоғамы азғындап, азғындықтың құрдымына құлап барады. Бүгінде жезөкшелік, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жақындасуы, әйелдердің ит, басқа да хайуандармен шағылысуы, ата сақалы ауыздарына түскен еркектердің немересіндей балалармен жақындасуы сияқты айтудың өзі ұят жайлар әбден етек алып барады. Қазақстан Праламентінің депутаттары, тіпті ел ішінде белең алып кеткен педофил дегендерді тыю үшін оларды хирургтік жолмен әтектеу қажеттігі жөнінде мәселе көтеріп, өз мәжілістерінде кәдімгідей соны талқылауы азғындықтың қаншалықты белең алғандығын анық аңғартса керек.
Ал енді осындай азғындықтар қайдан шығып жатыр? Оның жалғыз себебі – имансыздықта екендігі айдан анық. Иманды, Жаратқанға кәміл сенетін адам ешқашан мұндай арсыздықтарға бармайды. Рас діндарлықты жамылып, дін қызметкерінің киімін киіп алып нешетүрлі арсыздықтар жасайтындар болады, бірақ ондайлардың жүрегінде иман жоқ. Иманы бар адам ешқашанда күнәкарлық әрекеттерге бармайды. Бұл – «екі жердегі екі – төрт» деген сияқты ақиқат.

Азғындықтың негізі — имансыздықта

Қазір дін мен мемлекет іргесін аулақтатып, бір-бірінен оқшауланды. Біз құқықтық, демократиялық, зайырлы қоғам құрып жатырмыз. Бірақ ондай қоғам қандай болады, адамдарға қаншалықты игілік алып келеді? Оны ешкім дәл басып айтып бере алмайды. Өйткені, әлемде өзге елдерге үлгі боларлық дәл сондай толымды қоғам құрған ел жоқ. Өзгелерге демократияны үйтретіп жүрген Батыс елдерінің өздерінің қаншалықты азғындықтың құрдымына құлап бара жатқанын көріп, естіп жүрміз. Мәселен, батыстық басылымдар Германияның бір еркек министрінің «күйеуге шыққаны» туралы жарыса жазды. Еркектің еркекке «күйеуге шығуы» Батыс елдерінде бүгінде ешкімді таң қалдырмайды. Өкінішке орай, бұл жағынан біз, тіпті хайуандарды да басып озған сияқтымыз. Хайуан екеш, хайуан да өз жыныстысымен шағылыспайды.
Осылардың бәрінен не түйіндеуге болады? Азғындықтың түп қазығы – имансыздық екендігі айдан анық. Мейлі сіз мұсылман немесе христиан, буддашы, иудей, болмаса индус болыңыз, бірақ өз дініңізді мықты ұстап, таза тақуалық жолда жүрсеңіз, сонда ғана бойыңызда адами ізгі қасиеттер дамымақ. Тек сондай иманды адамдардан құралған қоғам ғана нағыз мәдениетті қоғам аталуға құқылы.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика