Адамның өмірдегі орны ақыл-ой деңгейіне байланысты

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Неге біреу ақылды, талантты, ал енді біреу топас, жалқау, дүмбілез? Біреулер ойларына алған мақсатына оңай жетіп, өмір баспалдағымен жедел көтеріліп жатады, ал біреулер қырсықтан көз аша алмай жұмыста да, отбасында да жолы болмай құрдымға құлайды.
Егер зер сала қарайтын болсақ, мақсатшыл, жолы болғыш, биіктерге қол жеткізген жандардың жолы болмайтын пенделерден үлкен айырмашылықтары барлығын бағамдаймыз. Ол қандай айырмашылық? Биік нәтижеге қол жеткен адамдардың бәрі өте белсенді және алдына қойған мақсаттарына үлкен құлшыныспен ұмтылады, көп оқып, ізденеді, еңбектенеді.
Ал жолы болмайтын жандар керісінше, бойкүйез, жалқау, күмәншіл, күдікшіл болады, нақты масқат қойып, соған жетуге талпынудың орнына аспаннан әлдене түсе қалатындай болашақтан белгісіз бақытты күтумен күн өткізеді.

Ақыл-ой деңгейі

Адамның биік мақсаттарға құлшынуы, соған жетіп, бай-бақуатты, ең бастысы бақытты өмір кешуі ақыл-ой деңгейінің қаншалықты биіктігімен өлшенеді. Мәселен, үй-күйі жоқ араққа салынған БОМЖ-дың бар арман-мақсаты бас жазатын жүз грамм арзанқол арақ пен тамақ, жататын орын ғана. Оған тамаққа қоқыстан алынған қатқан нан, жататын орынға көп қабатты үйдің сызды жертөлесі жетіп артылады.

БОМЖ-дың ақыл-ой деңгейі осындай өлшемді ғана сиғызады. Егер оның қолына бар тілегін орындайтын алтын балық түсе қалса да ол арзанқол арық пен қатқан нан, жылу құбыры бар құрғақтау жертөле ғана тілер еді. Одан жоғарыға оның өресі жетпейді.

Ал байлықтың дәмін татып, өркениетті қоғамда өмір кешкен адамның ақыл-ой деңгейі біршама жоғары болады және соған орай оның қажеттіліктері де БОМЖ-ға қарағанда әлдеқайда биік болмақ. Ол сәулетті коттеджде тұрып, дәмді тағамдармен қоректенуді, жаны қалаған жұмыспен айналысып, пікірлес адамдармен араласуды қалайды. Мұның бәрі оған жан рахатын сыйлап, көңілін көтереді, яғни ол бақытты өмір кешеді.

Ақыл-ой деңгейін қалай көтеруге болады?

Баяғыда бір ғұламаға барған кісі баласын көрсетіп, оны сынап беруін сұрайды. Сонда ғұлама «балаңның араласатын достарын ертіп кел, сонда оның кім екендігін айтамын» деген екен. Яғни, біздің ақыл-ой деңгейіміз араласатын адамдардың дегейіне тікелей байланысты болмақ. Қазақ «тең теңімен, тезек қабымен» деп текке айтпаса керек.

БОМЖ өзі сияқты арақтан аузы құрғамайтын, ақыл-ойы арақ, тамақ, ұйқымен ғана шектелген пенделермен араласып, солармен жүреді және ақыл-ойы да сондай деңгейден көтерілмей қалады. Егер сіз ақыл-ойыңызды жоғары көтергіңіз келсе, өзіңіз армандаған мақсатыңызға қол жеткізген адамдармен араласуға тырысыңыз.

Мәселен, сіз бай-бақуатты болғыңыз келсе, жалақымен ғана күн кешіп, тұрмыс тауқыметінен көз ашпай жүрген дос-жарандарыңыздан іргені аулақ салуыңызға тура келеді. Өйткені ондай жандармен араласу арқылы сіздің ақыл-ой деңгейіңіз кедейлік шегінде қалады да, ешқашан одан шыға алмайсыз.

Риелсофт компаниясының коммерциялық директоры Альмира Шитлина мынадай әңгіме айтты. Ол мол ақша табуға мүмкіндік жасайтын МЛМ бизнес туралы естіп, соған қатысуға бел байлайды. Осы ойын өзі жақын араласатын үш құрбысына айтады. Сонда олардан мынадай жауап алады: бірінші құрбысы бұл жәй алдау, онан ештеңе шықпайды десе, екінші құрбысы, ондай ұсақ-түйепен айналысуға уақытым жоқ дейді, үшінші құрбысы сені олар алдайын деп жүр, одан бас тарт деп үгіттейді.

Дегенмен, ол құрбыларының айтқанына құлақ аспайды. Ойына алған мақсатына қол жеткізуге кіріскен оны көрген құрбыларының өздері онан ақырындап іргесін аулақ сала бастайды. Бүгінде Альмира Шитлина айына ондаған мың доллар табатын интернет-кәсіпкер. Ол айтады: «егер мен құрбыларымның сөзіне ерсем, қазір солар сияқты жалақымен жан бағып жүрер едім».

Ақыл-ойды көтерудің тиімді тәсілдері.

Әрине, сіздің ақыл-ойыңызды қалыптасқан деңгейден бірден көтеруіңізге мүмкіндік болмайды. Араласқан дос-жарандарыңыздан күрт қол үзіп кете алмасыңыз түсінікті. Сондай-ақ, бай-бақуатты немесе өмірде биік нәтижеге жеткен адамдармен тез танысып араласып кету де қиын. Сонда не істеу керек?

Сіз күн сайын білгілі уақыт өзіңіз армандаған мақсатыңызға қол жеткізген адамдар туралы жазылған кітаптар мен кинофильмдерді көріңіз және олардың өз ауыздарымен айтқан лекция, әңгімелірен тыңдаңыз. Осылайша сіздің санаңыз ақырындап көтеріліп, олар қол жеткен биіктерге мен де жетсем деген арман көкірегіңізге ұялай бастамақ.

Сізді биіктерге жеткізетін, ойға алған мақсаттарыңыздың орындалуына жол ашатын, ең бастысы соған құлшындыратын – ақыл-ой деңгейі. Ендеше оны қажетті бағытқа бұрып, қажетті биіктерге саналы түрде бағыттап отырсақ, белгілі уақыттардан кейін ақыл-ой деңгейіміз сондай биікке көтерілмек. Ал ол өз кезегінде сізді ойыңызға алған мақсаттарыңызды орындауға құлшындырып, биіктерге жетелемек.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика