77 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Дәстүрлі діндердің бәрінде дерлік, қиямет қайым жақындаған кезде жер бетіне адам бейнесінде түсіп, тажал атанған сайтан мен оның жақтастарын жеңіп, жер бетінде ақырзаманға дейін созылатын алтын ғасыр орнататын рухани тұлға жайында көріпкелдік болжамдар бар. Інжіл мен Құранда ақырзаман белгісі ретінде айтылған нәрселердің көбі бүгінде нақты өмір шындығына айналғанын көріп, куәсі болып жүрміз. Осыған орай, адамзатты құтқаруға келетін рухани тұлғаны күтетіндер қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

Иса пайғамбардың жерге түсуі

Христиандар айқыш ағашына асылып, үш күннен кейін қайта тіріліп, көкке көтеріліп кеткен Иса пайғамбар қиямет қайым боларда жер бетіне қайта түсіп, күнакарларды соттайды деп сенеді. Бұндай түсінік мұсылмандарда да бар. Дегенмен, христиандар мен мұсылмандардың Иса пайғамбар туралы түсінігі біршама бөлектеу.

Інжілде Иса пайғамбар ақырзаманның белгілері туралы біраз жайларды айтады. Оның ішінде бір елдің екінші елге қарсы соғысы, түрлі табиғи апаттардың көбеюі, жалған пайғамбарлардың шығуы сияқты жайлар бар. Қапсиетті Құранда да ақырзаман белгілері туралы біраз жайлар айтылған. Бұл туралы ислам теологы Харун Яхьяның деректі видеолары бар. Онда көп жайлар тәптіштеп түсіндіріледі.

Христиандардың түсінігінше, ақырзаман болар қарсаңда Иса пайғамбар көктен түсіп, Антихрист деп аталатын сайтанды өлтіреді және күнакарларды жазалап, сотқа тартады. Ал мұсылмандардың ұғымынша, Иса пайғамбар Тажал деп аталатын сайтанды өлтіріп, жер бетін ібілістің құлдығынан құтқарады.

Имам Махди ма, Будда Майтрей ме?

Мұсылмандардың ұғымынша, ақырзаман жақындағанда Имам Махди келіп, бұрмаланған ислам дінін қайта қалпына келтіреді және өзінің үлкен патшалығын орнатады. Ол мемлекет әлемнің ең озық технологияларын пайдаланатын, адамзат баласын бақытқа, молшылыққа жеткізетін мемлекет болады.

Имам Махдидің келуін күтуші мұсылмандардың түсіндіруінше, барлық дін жойылып, тек ислам ғана қалмақ. Бұның қаншалықты шындық екенін, Алла ғана біледі. Сондай-ақ, Иса пайғамбарды күтіп жүрген хрситиандар да барлық дін жойылып, жер бетіне түгел христиан діні жайылады деп санайды.

Осыған ұқсас түсінік буддашыларда да бар. Буддашылар ақырзаман болар қарсаңда жер бетіне Будда Майтрей түсіп, бұрмаланған дінді қалпына келтіреді және адамзатты молшылық пен бақытқа жеткізетін мемлекет құрады.

Осыған ұқсас түсінік  иудейлерде де бар. Иудейлер ақырзаман қарсаңында келетін Машиах атты пайғамбарды күтуде. Ол жер бетіне бақытты молшылық заман әкелмек. Индустардың ұғымынша, қазір өзіміз өмір сүріп жатқан құүдайсыздық пен дінсіздік жайлаған Кали юга деп аталатын дәуірдің соңында жер бетіне Калки аватар түсіп, күнакарлардың бәрін қырып-жойып, қалған халықты біртұтас мемлекет етіп, бір дінге бағындырмақ, сөйтіп адамзат үшін алтын ғасыр орнатпақ.

Көріп отырғанымыздай, дәстүрлі діндердің бәрі болашақта келіп, бұрмаланған дінді қалпына келтіретін және адамзатты ұшпаққа шығаратын құтқарушыны күтуде. Оны әр дін өкілі әртүрлі атағандарымен, егер байыптап қарасаңыз адамзаттың күтіп отырған құтқарушысының бір рухани тұлға екенін бағамдауға болады. Дәстүрлі дін өкілдерінің көріпкелдік болжамдарының қаншалықты шындық екенін уақыт көрсетеді деген ойдамыз.  

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика