1 281 көрілім

Адам ең саналы тіршілік иесі, адам Алланың жердегі орынбасары, адам мына әлемнің қожасы – осындай пікірге біздің қай-қайсымыз да еш күмәнданбай келісеміз. Шындығында, адам деп аталатын екі аяқты пенденің жан-жануарлардан, тіпті құмырсқа, ара секілді жәндіктерден де ақыл-санасының төмен екендігін сіз білесіз бе?

Адам баласының ең үлкен қателігі.

Адамды екі дүниеде де қайғы мен қасыретке ұшыратып, қиындықтан көз ашырмайтын себеп – оның өзін рахаттанушымын деп түсінуінен болады. Иә, адамның ең үлкен қателігі – осы. Ал жан-жануарлар, басқа тірі мақұлықтардың ешқайсы өзін рахаттанушымын деп санамайды, олар Жаратқанның бергенін қанағат тұтып, табиғат белгілеп берген заң шеңберінде өмір сүреді.

Өзін рахаттанушымын деп санайтын адам болса, Жаратқанның бергенін ғана емес, бермегенін де аламын, қайтсем көп рахатқа бөленемін деп өле-өлгенше арпалысуымен болады. Сіз көз алдыңызға мынаны елестетіп көріңізші: егер адам өзін рахаттанушы деп санамай, Жаратқанның бергенін қанағат етіп, басқа да тіршілік иелері сияқты табиғат заңына сай өмір кешсін делік. Ол кезде не болады?

Бұл жағдайда бай-кедей, бастық-бағынышты, дос-дұшпан сияқты екіжарылу доғарылып, барша адамзат бір анадан туғандай бірлесе тірлік кешер еді. Онда әскердің, полицияның, мемлекеттік қызметкерлердің еш керегі болмайды. Жан-жануарларға қараңызшы. Оларда көшбасшы, яғни басқаларға басшылық жасайтын жалғыз көсем ғана бар. Басқалары түгел соның дегеніне бағынады. Адамзаттың қоғамындағыдай тапқа, әлеуметтік топтарға, ру, тайпаға, ұлтқа, ақырсында мемлекетке жіктелу деген атымен жоқ.

Адамның хайуаннан үйренері көп.

Құранда құмырсқалар мен бал араларының тірлігі туралы айтылған аяттар бар. Бүгінде ғылым құмырсқалардың кәдімгі адамдардың мемлекеті сияқты саяси-экономикалық құрылымының барлығын дәлелдеп отыр. Қатаң тәртіпке бағынған құмырысқалар қоғамының тірлігі адамзат армандаған нағыз коммунизмге ұқсайды. Коммунизмнің «еңбек етпеген ішіп-жемейді» идеясы құмырсақалар мен араларда атам заманнан жұмыс істейді.

Хайуанның адамнан тағы бір артықшылығы, олар интуициямен тірлік кешеді. Интуиция дегенді бүгінгі ғылым – ішкі үн, адамның жан дүниесінен шыққан беймәлім білімнің қайнар көзі деген сияқты жайлармен тұжырымдайды. Ішкі үнге құлақ түрген хайуан ешқашан қателеспейді. Олар табиғат апатының алдын-ала біледі. Ұрпақ жалғастырып, тіршілік ету үшін қажетті нәрселердің бәрін ішкі үннің нұсқауымен жасайды.

Осыдан біраз жыл бұрын Индонезия мен Тынық мұхиты аралдарында болған жойқын тайфун 300 мыңдай адамның өмірін жалмағаны есімізде. Қызығы сол, сол апаттан бір де бір үй және түз хайуаны өлмепті. Олар апатты алдын ала сезіп, қауіпсіз жерге барып бой тасалаған.

Хайуанның адамнан артықшылығы.

Хайуанның және бір артықшылығы, ол толайым Жаратқанның заңына бағынып, тірлік кешеді. Хайуан артық азық жинамайды, адам сияқты нәпсіге еріп ақылға симайтын арсыздықтарға бармайды. Мәселен, бүгінде адамзат қоғамында әбден белең алып кеткен гей, яғни еркек пен еркектің жақындығы сияқты тосын құбылыс хайуандарда мүлдем жоқ.

Хайуан мен аң өзінің ұрпағын сүйеді және оны асырап, жеткізеді. Ал бүгінгі адам өзегін жарып шыққан баласын далаға қаңғытып жібереді немесе, тіпті өлтіреді. Хайуан және аң басқалармен өзіндегі барды теңдей бөліседі, ал ат төбеліндей алпауыттар бар байлықты бауырларына басып отыр, миллиардтаған адам аш-жалаңаш, баспанасыз ит тірлік кешуде….

Осындай өздерін барша әлемнің «әміршісі» санайтын саналы адам баласының хайуаннан дәрежесін төмендететін жайлары өте көп. Тағы бір сорақылығы, мұндай келеңсіздіктер уақыт өткен сайын көбейіп, белең алып барады. Егер осылай жалғаса берсе, адам баласы хайуаннан жаман ең ақылсыз, қатыгез тіршілік иесіне айналатын түрі бар.

Сіз бұған келісесіз бе?..

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика