71 көрілім

кілтМынаған назар аударыңызшы, доктор Фрэнк Гонсалэс пен Эза Кэндлердің арасында қандай байланыстыратын ортақ мүдде бар еді. Ол екеуін айқын ниет пен нақты жоспармен негізделген және осы ниетті монетаның сыңғырына айналдыратын шынайы ақиқатты түсіну біріктірген болатын.

Егер сіз байлыққа адал және табанды еңбек ету арқылы ғана жетуге болады деп санайтындардың санатынан болсаңыз, онда ниетіме жетемін деген үмітіңізді үзіңіз. Шындығында, нағыз байлық туралы айтар болсақ, ол тек ауыр еңбектің нәтижесі түрінде ғана адамға келмейді. Байлық – бұл табанды тілекке үн қосудың нәтижесі. Иә, байлық кездейсоқ келе салмайды.

Былай деуге болады, идея – бұл Сіздің ой-болжамдарыңыз арқылы нақты әрекетке итермелейтін ойларыңыздың жарқ етер ұшқыны. Барлық ірі саудагерлер мынаны жақсы біледі: идея тауарды сатуға көмегін тигізеді. Ал ұсақ саудагерлер болса, бұл ақиқатты білмейді. Олар ұсақ саудагер болғаны үшін ғана осындай маңызды мәселені түсінуден аулақ деуге болмайды, әрине.

Арзан кітаптарды шығарушы кәсіпкер барша баспа ісі үшін маңызды тамаша жаңалық ашты. Ол көп адамдар кітаптың ішіндегі мазмұны үшін емес, атауы үшін сатып алатындығын түсінді. Сөйтіп, ол өтпей жатқан кітаптың атауын өзгерту арқылы миллион дана етіп басып, әп-сәтте сатып жіберді. Шындығында, кітаптың мазмұнының бір әріпі де өзгерген жоқ, тек атауы ғана жұрт қызығарлық тақырыпта өзгертілген еді.

Идеяның ешқандай нақты құны жоқ. Оның бағасын автор өзі тағайындайды және егер табандылық таныта білсе, онда міндетті түрде табысқа жетеді.

Зор байлыққа жету тарихы әрдайым идеяның авторы мен оны сатып алушының кездескен сәтінен бастау алады. Карнеги өз айналасына өзінің қолынан келмейтін нәрсені жасай алатын, яғни идеяны жасап, соны жүзеге асырушыларды топтастырған еді. Бұның өзі оған және оның командасына ақылға симайтын мөлшердегі орасан зор байлық әкелді.

Әлемде миллиондаған адамдар кездейсоқ басқа қонар бақ құсынан үміт етіп, тірлік кешеді. Бәлкім, күндердің күнінде тағдыр Сізге сондай бір мүмкіндік берер де, дегенмен, кездейсоқ бақытқа үміт артып, өмірлік жоспар жасау әурешілік шаруа. Менің өмір жолымның ашылуына да сәттілік жол ашқан еді, дегенмен өмірімді түгел өзгерткен ол сәттілікке жиырма жылдан астам уақыт бойы мақсатты және табанды жүргізген әрекет алып келген болатын.

Мен бұл арада Эндрю Карнегимен кездесуді және менің жұмысымды жалғастыруға оның қолғабыс беріп, қолдау көрсетуі туралы айтып отырмын. Сол жолы Карнеги байлыққа қол жеткізіп, табысқа жетуге көмектесетін философиялық заңдылық туралы айтып, жаңа идея берген еді. Осы философияны ұстану арқылы мыңдаған адам табысқа жетті, ал бірқатары орасан зор байлыққа ие болды. Ал оның бастауы өте қарапайым болған еді, ол: әрбір пендеге қолжетімді идея болатын.

Иә, менің өмірімдегі күрт өзгеріс Э.Карнегидің арқасында жүзеге асқанын жасыра алмаймын. Бірақ та, ол жиырма жыл бойғы нақты мақсат қойып соған ұмтылу, табандылық таныту, күш-жігер жұмсау арқылы келгенін атап өткім келеді. Ақылға сиымсыз тілек бастан кешкен сәтсіздіктер мен соның салдарына туындағын «уақытымды текке өткізген екенмін-ау» деген көңілсіз ойларды жеңуіме көмектесті. Шындығында, бұл үлкен құштарлықтан туған ниет еді.

Карнеги идея бергеннен кейін оны көкірегімде өсіріп, жетілдіріп, дамыту арқылы нағыз өмір беру қажет болды. Уақыт өте келе ол өз алдына бір тіршілік иесіне айналып, мені өмір жолымда алға жетеледі. Ал идеямен қалай айналысу қажет? Алдымен оны дүниеге келтіресіз, содан кейін ол Сіздің ақыл-санаңызды түгел билеп, өзіне толық бағындырып алады. Идея көзге көрінбейді, бірақ та оның күші қуатын жарық дүниеге шығаратын мидан әлдеқайда зор. Оның қуаты ми түгел теріске шығарғаннан кейін де тоқталмай жалғастыра береді.

Назарға алатын ойлар

Жұмысты тоқтатпаңыз – сонда жасанды және табиғи ой-болжамдар Сізге оң және сол қолыңыз сияқты көмегін тигізетін болады.

Ой-болжамның жоқтығы – көптеген сәтсіздіктердің негізі: ал оның барлығы сәттілікке жол бастайды. Эза Кэндлер кока-коланың рецептін  ойлап тапқан жоқ. Ол тек ой-болжам арқылы одан қаншалықты пайда табуға болатынын түсінді. Бұл оған орасан зор табыс әкелді.

Сізді шексіз көп мөлшердегі ақша күтіп тұр, тек өзіңізге қанша және қандай мақсат үшін ақша қажеттігін нақты білсеңіз болғаны. Әрине, бұл арада ой-болжамның көмегін де естен шығармау қажет. Ол священниктің тілегін қабылдап, бір күнде миллион доллар табуына жәрдеместі.

Байлық Сізді күтіп тұр. Оған жеткізер жол қарапайым идеядан бастау алады. Тіпті, жоспар емес, қарапайым  тәсіл ғана Сізге миллиондарды әкелуі мүмкін.

Дегенмен, кез-келген құралға икемді қол қажет.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика